Daily Archives: 8 қаңтар 2018

Жылу қалыпты берілуде

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласы жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жұмысын тексерді. Ол облыс орталығындағы жылу және электр энергиясының негізгі көзі болып табылатын «Ақтөбе жылу-электр орталығы» АҚ-да болды. Облыс басшысы мұнда жылу-электр станциясының жұмысымен және оны дамытудың перспективасымен танысты. Биылғы жылу беру маусымы штаттық режимде өтуде, жылу беру температурасы Цельсий шкаласы бойынша 85,3 градусты құрайды. — Ең бастысы — температуралық режимді ...

Жалғасы »

Ендігі жоспар — барлық ауылға газ тарту

Облысқа жасаған жұмыс сапарлары аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Дания Еспаева және Құралай Қаракендер «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы облыстық филиалында болып, ірі кәсіпорындағы  газ тарату желілерінің жаңа құрылысы мен модернизациясына арналған инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Кездесуге облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қатысты. Газ тарату жүйелеріне тауарлық газды тасымалдаумен айналысатын «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бүгінде еліміздің 11 аймағындағы 35 ...

Жалғасы »

Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: Шен үшін емес, ел үшін қызмет ету керек…

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен және курсанттармен кездесті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусіновалар қатысты. Мәжіліс депутаты оқу орнының ішін аралап, ондағы курсанттардың тыныс-тіршілігімен танысты. Кездесу кезінде ҚР  ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң ...

Жалғасы »

«Намыс» спорттық-патриоттық клубы ашылды

Ақтөбе қаласындағы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында облыстық «Намыс» спорттық-патриоттық клубының ашылуы өтті. Шараға Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысып, орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында, Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылған «Намыс» спорттық-патриоттық клубы  өскелең ұрпақтың елімізге деген сүйіспеншілігін арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік беретін орталық ...

Жалғасы »

Ізгі тілектер тоғысы

Жексенбі күні облыстың барлық православтық шіркеулерінде Рождествоны мерекелеу болып өтті. Свято-Никольский православиелік шіркеуінде облыстың православтық бас діни қызметшісі Нектарий жиналғандарды Рождесто Христово мерекесімен құттықтап, барлығына жаңа жылда жақсылықтар, денсаулық, бақыт тіледі. Ол Қазақстанда 150-ден астам ұлт өкілінің татулық пен бірлікте тұрып жатқанын сүйіспеншілікпен еске салды. — Қымбатты ақтөбеліктер және қала қонақтары! Сіздерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан қасиетті де тамаша ...

Жалғасы »

Курсанттармен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлов Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының курсанттарымен кездесті. Алдымен Мәжіліс депутаты институттың жауынгерлік даңқ мұражайы мен кітапханасын аралап, оқу кабинеттерін қарап шықты. Бұдан кейін оқу орнының акт залында институт қызметкерлері және курсанттарымен кездесу өткізді. — Біз үшін Кеңес заманындағы ең мықты 17 ұшқыштың қатарында «Алтын қыран» аталған Талғат Бигелдиновтің ...

Жалғасы »

40 автобусқа бейнебақылау орнатылды

Жолаушы тасымалына жауапты мамандар қоғамдық көліктердегі қалта ұрлығы, жалпы тәртіпсіздіктің жолын кеспек. Олар журналистерді автобустарға орнатылған бейнекамералардың жұмысымен таныстырды. «Ақтөбе қаласының жолаушы автокөлік кәсіпорны» ЖШС-ның өндірістік бөлім басшысы Батырбек Қуантқановтың айтуынша, мұндай жаңа технологиямен өткен жазда сатып алынған «ЛИАЗ» маркалы 40 автобус жабдықталған. Әрқайсысында үш қондырғыдан жұмыс істейді. Бейнежазба автобус жүргізушісіне монитор-бейнетіркеуіш арқылы келіп, мұрағатта сақталады. Алдағы уақытта басқа да ...

Жалғасы »

Басқарма басшылары ауданға келді

Ырғыз аудандық орталық кітапханасында облыстық ішкі саясат, дін істері және тілдерді дамыту басқармалары басшыларының ауыл тұрғындарымен кездесуі  өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысымен қысқаша таныстырып, аудандағы оң ахуалды атап өтті. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева латын графикасына көшу және қазіргі таңдағы тілдік саясаттың басым бағыттары туралы әңгімелесе, дін ...

Жалғасы »

Шипажайға тегін жолдамалар берілді

Кәсіподақ Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы облыстық кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде отыздан астам ұстазға алғыс хаттар тапсырылып, «Мерке» шипажайына сертификаттар берілді. Кәсіподақ есебінен демалыс орындарына бұлай тегін жолдама беру — қазіргі кезде сирек кездесетін жағдай. Себебі көпшілік қоғамдық ұйымдардың қаржылық жағдайы мұны көтермейді. Сондықтан көп жағдайда жолдаманың қаржысының бір бөлігін ғана өтейді. Оның өзінде де шектеулі, санаулы адамдарға ғана бере алады. ...

Жалғасы »

Темір ауданын аралады

Биыл Темір ауданында мектеп, дәрігерлік амбулатория секілді бірқатар әлеуметтік ғимараттардың құрылысы басталады. Бұл туралы аудан орталығында облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева мен денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова қатысқан жиында айтылды. Облыс әкімінің тапсырмасымен басқарма басшылары аудандарды аралап, тұрғындармен кездесіп жүр. Оның ішінде денсаулық сақтау мен білім басқармасының басшылары ауыл-аймақтарды аралап, ел ішіндегі күрделі мәселелерді көздерімен көріп, кейбір ...

Жалғасы »