Daily Archives: 6 қаңтар 2018

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация: жыл түйіні жасалды

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ жылды аяқтады. Оның қорытындылары қандай? Алда қандай жұмыстар атқарылуы тиіс? Осы мәселелерді талқылауға байланысты облыс әкімі Бердібек Сапарбаев индустриалды аймақта жиналыс өткізді. — Бізді басты мақсатымыз — инвестиция тарту, сол арқылы кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу, өнім түрін молайту. Осы мақсатта жұмыс істеп жатқан индустриалды аймақтың мүмкіндігін кеңінен пайдалануымыз керек. Біз осында қажетті ...

Жалғасы »

Сенаторлар зауыт пен жаңадан ашылған мекемелерді аралады

Ақтөбе өңіріне жұмыс сапарымен келген сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев бейсенбі күні еліміздегі мұнай және газ саласының сұранысын қамтамасыз етіп отырған Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында болды. Зауыттың бүгінгі еңбек тынысы, шығаратын өнімдері мен алдағы мақсат-межелері туралы қонақтарға «Қазақстандық мұнай жабдықтары» зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анар Кашлаев айтып берді. Бұл кәсіпорынның өнімдерін негізінен Қазақстандағы көмірсутегі кеніштері алады. Қазіргі заманғы ...

Жалғасы »

Пікірлер айтылды, жоспарлар талқыланды

Кеше Ақтөбе қаласындағы «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйінде облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев шығармашылық одақтар мен мәдениет мекемелері өкілдерімен кездесу өткізді. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев алдағы уақытта шығармашылық одақтар мен бірлестік мүшелері арнайы кесте бойынша «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйінде мәдени іс-шаралар өткізу керектігін, жаңа идеялар, жаңа бастамаларды жүзеге асыру қажет екенін айтып, жиналғандарды жұмыла жұмыс жасауға шақырды. — Өткен ...

Жалғасы »

Бюджеттің игерілмеуіне жол берген мемлекеттік органдар басшылары жазаланады

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында бюджеттің 2017 жылғы орындалуына қатысты мәселелер қаралды. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның мәліметіне қарағанда жергілікті бюджеттің нақты түсімі 100,6 миллиард теңгені немесе жоспардан 103,1%-ды құрады. — Барлық аудандар мен қала бюджет кірістерінің болжанған көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етті. Жасалған талдау оң өсу серпінін көрсетті. Өткен жылы кіріс бөлігі 2015 жылмен салыстырғанда 13 миллиард ...

Жалғасы »

Облыста 151 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы жүзеге асырылуда

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру мәселелері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селекторлық мәжілісте талқыланды. — Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға айырықша назар аударуда. Бұл механизм ұзақ мерзімді перспективада облыстық бюджеттің жүктемесін жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен бірге халықтың әлеуметтік қамтылуын да жақсарта түседі,— деп атап көрсетті облыс басшысы. Облыс әкімі мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың жақсы қарқыны туралы айтқанымен, оның пікірінше бұдан ...

Жалғасы »

Медициналық кластерді дамытудың стратегиясы жасалды

«Ақтөбе облысында медициналық кластерді дамыту стратегиясы жасалды» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облысымызда Ақтөбе медицина орталығын одан әрі дамытудың бес жылдық стратегиясы жасалды. Құжаттың жобасы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев төрағалық еткен кеңес барысында таныстырылды. 2018-2022 жылдарға арналған дамудың стратегиялық бағдарламасы, бірінші кезекте медициналық кластерді одан әрі тиімді өрістетуге бағытталып, халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасалды. — Бұл үшін медициналық қызметтің жоғары ...

Жалғасы »

Құрметті ақтөбеліктер! Қадірлі жерлестер!

Сіздерді жарқын және қуанышты Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл қасиетті күн адамдар арасындағы мейірімділікті, кешірімділікті, шыдамдылық  пен сүйіспеншілікті бейнелеп, жаңа өмірдің басталғанын сипаттайды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық конфессияаралық саясатының арқасында біздің халықтарымыздың бірлігі мен дәстүрлі мәдени құндылықтары сақталып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда келісім мен тұрақтылық нығайып келеді. Ақтөбе облысында қазіргі шақта 8 православтық қауымдастық, 6 шіркеу бар, жастар ...

Жалғасы »

Ақтөбе қаласының экологиялық ахуалы талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиынға Ақтөбе қаласының әкімі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының, экология, қоғамдық денсаулықты қорғау департаменттерінің, «Ақбұлақ» АҚ басшылары қатысты. Олар өңір басшысына экологияны жақсарту және жазғы кезеңде орын алған жағымсыз иісті жою жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндады. Кәріздік тазалау құрылғыларын жаңғыртуға техникалық-экономикалық негіздеме дайындалып, аталған құрылғыларды жаңғыртуды үш сатыда жүргізу ...

Жалғасы »

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры тағайындалды

Танымал футболшы Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық футбол ассоциациясының президенті Қайрат Бекенов «Ақтөбе» футбол клубының баспасөз-орталығында өткен жиын барысында мәлімдеді. Басқосуда алғаш болып сөз алған Қайрат Бекенов: — Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен Самат Смақов «Ақтөбе» футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Биылғы жылы команда жоғары нәтижелер көрсетеді деген үміттеміз. Бәріміз білетіндей, Самат бүкіл өмірін футболға ...

Жалғасы »

Тарифтер қымбаттады

Биыл 1 қаңтардан бастап ақтөбеліктер коммуналдық қызметке жаңа тариф бойынша ақы төлейді. Бағасы жоғарылаған жаңа тарифтер туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Гүлнұр Масина айтып берді. — 2015 жылы коммуналдық қызметтер үшін тарифтерді көтеру жоспары 2016-2020 жылдарға ұзақ мерзімге бекітілді. Сондықтан жыл сайын 1 қаңтарда жоспарлы түрде ...

Жалғасы »