Daily Archives: 5 қаңтар 2018

Туристер қатты желдің кесірінен әуеде бірнеше сағат қалықтап тұрған (Видео)

Еуропада қатты жел. Австрияда тау-шаңғы курортына барған туристер қатты желдің кесірінен әуеде бірнеше сағат бойы қалықтап тұрған. Жел жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар бір сағат бойы жұмыс істеген. Құдай оңдап, ешкім зардап шекпеген. Дереккөз: reactor.inform.kz

Жалғасы »

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары қарастырылды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары қарастырылды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жобаларын жүзеге асыруға жауапты ұлттық компаниялар өкілдері және вице-министрлердің қатысуымен brainstorming (күрделі тапсырмаларды шешу үшін адамдардың бірлескен творчестволық жұмысын ұйымдастыру тәсілі – авт.) өткізілді. Шарада #digitalkazakhstan бағыттары аясындағы идеялар ұсынылып, KPI анықталды, сондай-ақ мерзімдер белгіленді. Шара қорытындысы бойынша ...

Жалғасы »

Халықты тонаған «полицей» сотталды

Екібастұз қалалық сотында 32 жастағы алаяқтың ісі қаралды. Ол ұрлықпен айналысып қана қоймай, өзін полицей ретінде таныстырып, халықты тонаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сот материалдарына сәйкес, Б. есімді азамат орталық базарда істейтін бір сатушы әйелдің сөмкесін ұрлап, ішінде болған 40 мың теңгені қолды қылған. Онымен қоймай, 2017 жылы тамыз айында 10 мың теңгелік сувенирлік купюралармен есеп айырысып, алаяқтық жасады. Ол ...

Жалғасы »

Орман шаруашылығы комитеті киікті қорлаған видео авторларын іздестіруде

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті киікті қорлаған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА. «Араларыңызда осы видеодағы адамдарды танитындар болса, маған хабарласуларыңызды сұраймын. Сайғақтар ешқашан адамға жақын келмейді, олар үнемі сақ жүретін жануарлар. Видеодан олардың көлікпен киіктерді қуып, әбден әлсіреген кезінде ұстағаны анық көрінеді», – деп жазды Фейсбукте комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. Ол киіктерге ...

Жалғасы »

Әлемдегі ең үздік диета анықталды

Америкалық институттың зерттеушілері ең үздік диетаны атады. Бұл туралы зерттеу институтының сайтында айтылады. Ғалымдардың айтуынша, DASH диетасы жалпы организмді қалыпқа келтіріп, қан қысымын тұрақтандырып, ішек-қарын жолдары органдарын тазартуға көмектеседі. Мұндай диетаны ұстаудағы басты талап тұзды тағамдардың толықтай бас тартып, натрий байытылған тағамдарды қолдануды әдетке айналдыру. Дәрігерлердің айтуынша, тамақтанудың бұл түрі кейбір гипертензияға қарсы препараттарды қолданудан бас тартуға мүмкіндік береді. Айта ...

Жалғасы »

АҚШ тұрғынына Facebook желісінде тікелей эфир кезінде оқ атылды

Америкалық қызға Facebook желісінде тікелей эфирде болған сәтінде оқ атылды, – деп хабарлайды WGN9. Оқиға Вашингтон паркіне жақын маңда Чикагода болды. Телеарна мәліметінше, америкалық 27 жастағы қыз әлеуметтік желіде видео трансляция жасап келе жатып, тұрақта отырған бір әйелмен жанжалдасып қалған. Көп ұзамай шыдамы таусылған көліктегі әйел қыздың аяғына оқ атқан. Зардап шеккен қыз онлайн-эфирді тоқтатпай, ары қарай түсіруді жалғастырады. Екеуі ...

Жалғасы »