Daily Archives: 4 қаңтар 2018

Облыс әкімі мәжіліс депутаттарымен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Кездесуге Мәжіліс депутаттары Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов және Дәния Еспаева қатысты. Олардың басты мақсаттары — Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының, «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының жергілікті жерде жүзеге асу барысымен танысу, бірқатар өндірістік құрылымдарда болып, тұрғындармен кездесу. Облыс басшысы Мемлекет басшысының ...

Жалғасы »

Сенаторлар Алға ауданында болды

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев біздің облысқа жұмыс сапарымен келді. Кеше депутаттар Алға ауданына барып, әлеуметтік нысандарды аралап, халықпен кездесу өткізді.  Алдымен депутаттар Есет батырдың кесенесіне барып, батыр рухына тағзым етті. Бұдан кейін Бестамақ ауылдық округі әкімдігінде болып, елді мекеннің тыныс-тірлігімен танысты. Бестамақ облыс орталығы Ақтөбеден 27 шақырым, аудан орталығы Алғадан 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда ...

Жалғасы »

Коммуналдық қызметтердің жұмысымен танысты

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік салалардың және коммуналдық қызметтердің жұмыстарымен танысты. Ол «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй массивіндегі қуаттылығы 60 гкал орталық қазандық жұмысын тексерді. Тұрғын үй массивінің дамуына және тұрғындар санының көбеюіне байланысты өткен жылдың қараша айында 96 гкал қосымша қуаттылықпен ұлғайту шаралары қолға алынған еді. Жаңа қазандық келесі жылыту маусымында пайдалануға берілмекші. Облыс басшысы «Трансэнерго» ...

Жалғасы »

Ашық әңгіме өткізді

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Дәния Еспаева, Құралай Қаракен және Сергей Симонов кеше облыстық мәслихаттың бір топ депутаттарымен кездесіп, ашық әңгіме өткізді. Жиынды ашқан облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова қонақтарға облыстың бүгінгі ахуалы туралы қысқаша айтып, олардың елге келген сапарына сәттілік тіледі. Мәжіліс депутаттары өздерінің бұл сапарының мақсаты халықпен кездесу, елді мекендерде болып, тұрғындармен пікір алысу екендіктерін айтты. — ...

Жалғасы »

Кішкентай Эльдарға Оңтүстік Кореяда ота жасалды

Туабітті жүрек ақауына шалдыққан кішкентай ақтөбелік Эльдар Мұратқа Оңтүстік Кореяда тегін ота жасалды. «Северанс-KZ» халықаралық қорының көмегімен Енсе университетінің Северанс  госпиталінде жасалған операция сәтті өтті. Эльдар былтыр наурыз айында дүниеге келді. Әкесі Мұрат Жұмағалиев пен анасы Эльвира Мәмбетова отбасына тағы бір жанның қосылғанына қатты қуанды. Алайда дәрігерлер баланың денсаулығында күрделі ақау бар екенін айтқанда, ата-ана уайымдап қалады. Баласының жағдайы анасы  ...

Жалғасы »

Ақтөбелік шаңғышылар Талғарда шеберлік класын өткізді

Алматы облысындағы «Алатау» бірегей шаңғы-биатлон кешені базасында ақтөбелік команданың жетекші шаңғышылары Қуанышбек Құдайбергенов пен Нұркен Асқар Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Оксана Яцкаямен бірге Талғар қаласының мектеп оқушылары үшін шеберлік кластарын өткізді. Бұл шараны «Самрұқ-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әріптестерінің қолдауымен Қазақстан шаңғы жарысы ұлттық федерациясы ұйымдастырды. Шеберлік класы барысында ақтөбелік кәсіби шаңғышылар жергілікті балалар мен ...

Жалғасы »

Бақтыбай батыр көшесі

Есте қалар есімдер Ақтөбе қаласындағы бұрынғы Свердлов  көшесі 1999 жылы қалалық мәслихаттың шешімімен Бақтыбай батыр көшесі болып өзгерді. Алайда тұрғындардың көпшілігі батыр туралы біле бермейді. Сонымен Бақтыбай батыр кім? Бақтыбай батыр —  аға батыр, қолбасшы. Кейбір деректерде 1698-1780 жылдар аралығында өмір сүргені айтылады.  Қазақ-қалмақ соғысында Әбілқайыр ханның сенімді серігі болған. Шекті руынан шыққан. Әкесі —  Төлес би. Бақтыбай батыр 15 ...

Жалғасы »

Қос төбеттің мүсіні

Жаңа жыл мерекесінде Шалқар қаласындағы «Бойна» аталып кеткен ауданда бір топ жас қардан қазақы ит — төбеттің мүсінін жасап, көпшілікті таңғалдырды.    Аталған аудандағы Жұбанов көшесінде орналасқан қос төбеттің мүсіні әлеуметтік желілер арқылы тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Идея авторы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері және сызу мамандығының 4-курс студенті Абылайхан Аманжолдың айтуынша, мүсін жастардың қиялынан туған. Біз ...

Жалғасы »

Ғұмыры өнеге ұстаз

Қарашоқат орта мектебінде Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз Ермек Жәмековке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ермек Қамысбайұлы — саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған ұлағатты ұстаз, ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденінің иегері. Ермек Жәмеков Нұрпейіс Байғанин атындағы Ақтөбе мұғалімдер институтын бітірген, ұзақ жылдар бойы аудан мектептерінде физика-математика пәнінен дәріс берген. Қазір осы әулетте ата жолын қуған 20-дан аса ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызмет көрсету: электронды форматқа көшуге не кедергі?

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын түбегейлі жақсарту — бүгінгі күні алға қойылып отырған басты міндеттердің бірі. Осы мәселеге қатысты өткізілген ведомствоаралық жұмыс тобының мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Тоқышев осылай деп атап көрсетіп, бұл бағытта қолжетімділікті, айқындықты қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Қазіргі уақытта қызмет ...

Жалғасы »