Басты бет » 2018 » қаңтар

Monthly Archives: қаңтар 2018

60 отбасы жаңа пәтерге ие болды

Жексенбі күні алғалық 60 отбасы жаңа пәтерге кірді. Ауданда жұмыс сапарымен болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қуаныш иелерін құттықтап, сондай-ақ шайбалы хоккейден аудандық турнир жеңімпаздарына жүлделер тапсырды.   Қоныс тойы көбейеді Төрт баланың анасы Ольга Васильева үшін өткен жексенбі ұмытылмайтын күн болып есте қалатын шығар. Балалар үйінің тәрбиешісі болып қызмет атқаратын ол жеке баспанасы болуын өмірбойы армандап келеді. Бүгінгі күнге дейін ...

Жалғасы »

Қаңтар: қай тұстамыз?

Жыл басы әдетте алдағы жақсы істердің бастауы іспетті, сондай-ақ өткен кезеңнің қорытындысын шығаратын кезең. Қадап айтатын ең басты жаңалық — 2017 жылы өңір экономикасы 5 пайызға өсті. Экономиканың қай саласында болмасын, елеулі өзгерістер орын алды. Жыл қорытындысы осыны көрсетеді. Бұл туралы газетімізде жан-жақты жазылды. Ал қаңтарда нендей шаруалар атқарылды? Қандай мәселелерге назар аударылды? Біз осы сауалдарға жауап іздеп газетіміздің өтіп ...

Жалғасы »

Ауыл тұрғындары: №29 автобусты 50 минут күтеміз…

Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың Благодар ауылдық округі тұрғындары алдында есеп беру кездесуі өтті. Есепті кездесуге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Қала әкімінің халықпен кездесуі Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі ғимаратында ұйымдастырылды. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасованың төрағалық етуімен өткен жиында шаһар басшысы Ілияс Испанов Ақтөбе қаласының өткен жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндады. Ол  өңірде индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жүзеге ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Аудан өз әлеуетін толық пайдалана алмай отыр…

Кеше облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қарғалы аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Рахат Сыдықовтың өткен жылы атқарылған жұмыстарға қатысты есебін тыңдады. Аудан әкімінің есеп беру кездесуіне облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Жиында алдымен аудан әкімі Рахат Сыдықов ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2018 жылға арналған міндеттер туралы баяндады. — Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі ...

Жалғасы »

Францияның өнер шеберлері Ақтөбеге келді

Ақтөбе қаласындағы Жұбановтар әлемі мәдениет орталығында «Париж-Ақтөбе: Дебюссиден Жұбановқа дейін» атты кеш өтті. «Туған жер» жобасы аясында ұйымдастырылған концертте қазақ-француз саз өнерінің шеберлері Ғазиза Жұбанова мен Клод Дебюссидің шығармаларын орындады. Әлемді аралап жүрген француз музыканттары Юг Борсарелло мен Готье Эррманның репертуарында қазақстандық композиторлардың да туындылары көп. Ал «Астана Опера» театрының скрипкашылары Қаламқас Жұмабаева мен Толқын Қилыбаева және пианист Гауһар Тасбергенова ...

Жалғасы »

Ардагерлер жолдауды талқылады

Облыстық әкімдікте ақтөбелік белсенді ардагерлер Елбасының биылғы Жолдауын талқылады. Қарттардың кеңесінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова алдымен Елбасының жыл басында Қазақстан халқына жариялаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша былтыр облыста атқарылған шаруаларды айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының адами капитал, ұстазды ұлықтау мен денсаулық сақтау саласын дамыту жайына қатысты ...

Жалғасы »

«Аналарға тағзым» жобасы жүзеге асырылады

Кеше облыстық мәслихатта  «Туған жер» бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлованың төрағалық етуімен жиын өтті. Күн тәртібінде «Аналарға тағзым» жобасын іске асыру туралы мәселе қаралды. Шарада алдымен сөз алған Сәния Мұсақызы аналардың отбасыдағы, қоғамдағы орны туралы әңгімеледі. — Ана — отбасының  ұйытқысы, берекесі. Елдің бүтіндігіне қызмет еткен аналарымыз туралы тарихтан жақсы білеміз.  Отан-Ана, Жер-Ана, Табиғат-Ана сияқты қасиетті  ...

Жалғасы »

90 миллион теңге несие, 14 миллион теңге депозит

Былтыр ашылған «Халық банк» АҚ облыстық филиалының бөлімшесі халыққа осындай мүмкіндіктер жасады  Ырғыз жұртшылығының негізгі мәселесі — газ, су, жол қатынасы. Қазіргі күні бұл проблемалар біртіндеп шешіліп келеді. Мәселен, биыл ауданның солтүстік-батысында орналасқан Жаныс би, Шеңбертал, Ақши ауылдарына көгілдір отын тартылады.  Аудан әкімі Мәди Елеусізов тұрғындар алдында есеп берді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен облыстық ішкі саясат басқармасының ...

Жалғасы »

Мұғалжар қойнауында

70 пайызы қиыршық тас шығарады Таулы аймақта орналасқан елді мекеннің бірі — Мұғалжар ауылы. Осында аудан әкімі Ербол Данағұлов тұрғындарға өткен жылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алда тұрған жоспарларымен бөлісті. Тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Бұл ауылда 420 үй бар. Өсіп, өркендеу үстіндегі ауылдың жаңалықтары да көп. Тек өткен жылы бұл ауылда 50 нәресте дүниеге келді. «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылда ...

Жалғасы »

Ақтөбеде сусабын шығады

Еңбек жолын қарапайым сатушы болып бастап, кейін кәсіп ашқан ақтөбелік Әсел Жолаева бар шаруаны бір өзі атқарады. Әсел осыдан үш жыл бұрын сусабын және ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтық пен тазалау өнімдерін шығаратын цех ашыпты. Қазір цехта өнімнің 12 түрі шығады. Ақтөбедегі ірі зауыттардан да тапсырыстар түсе бастапты. — Алғашқы еңбек жолымды супермаркеттегі  шаруашылық тауарларын сататын бөлімнен бастадым. Кейін 2000-шы жылға ...

Жалғасы »