Daily Archives: 10 желтоқсан 2017

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған шаралар басталды

1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған еді. Ал 1991 жылдың 10 желтоқсанында Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент ретінде ант қабылдаған болатын. Ақтөбедегі Өнер орталығында жүздеген студент және оқушы жастар бас қосып, «Елімнің жүрегі — Астана» атты акция арқылы Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған шараларды бастап берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған жылдың 20 қазаны күні ...

Жалғасы »

Облыс әкімі — тікелей эфирде

Өткен жұма күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «АQTO’BE» телеарнасы эфирінде облыс тұрғындарымен тікелей байланысқа шықты. «Әкім сағаты» бағдарламасы аясында жұртшылықтың өз сауалдарын қоюына, ұсыныс-пікірлерін айтуына толық мүмкіндік жасалды. Телеарнаның тікелей эфирі барысында барлығы мың жарымға жуық сұрақ келіп түсті. Оның 1200-і Ватсап желісі арқылы, өзге әлеуметтік желілерден қосымша 50 сұрақ түсіп, ал Call-орталыққа 200 адам телефон арқылы сауал жолдаған. Тікелей ...

Жалғасы »

Ұзақбай Құлымбетовтің ескерткіші ашылды

Ақтөбе қаласындағы №64 мектептің алаңында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетов ескерткішінің ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қоғам қайраткерлері Ұ.Құлымбетов пен Т.Жүргеновтің Астана, Алматы қалаларынан келген ұрпақтары және ақтөбелік тарихшы ғалымдар мен зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері қатысты.   Ұзақбай Құлымбетов Қазақ Кеңес республикасын құрушылардың бірі болып, оның аяққа тұруы жолында орасан ...

Жалғасы »

Бюджет бекітілді, маңызды мәселелер қаралды

Сессия Жұма күні облыстық мәслихаттың кезекті ХV сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясының жалпы отырысына №21 Қарғалы сайлау округінің депутаты Гүлжанат Ерғазина төрағалық етті. Сессияның күн тәртібінде алдымен «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет  туралы» мәселе қаралды. Облыстық ...

Жалғасы »

Құрылыстарды аралады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы әлеуметтік жобалардың құрылысымен танысты. Облыс басшысы Қарғалы ауылы Бейбітшілік көшесінің бойындағы жаңа көпірдің құрылысы мен Сәтбаев көшесінің бойындағы көпірдің қалпына келтірілуін қарап шықты. Бұл жұмыстар Песчанка өзенінің тасқын  кезінде арнасынан асып, тұрғындарға қолайсыздық туғызуына байланысты жасалып жатыр. Қала басшылығы келешекте Ақтөбе теңізін Песчанка өзеніне құюды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде облыс орталығының экологиясына оң ...

Жалғасы »

Борышкерлер қайтсе азаяды?

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов төрағалық еткен отырыста  коммуналдық қызметтерге берешек тұрғындардың мәселесі қаралды. Мойнында қарызы бар ақтөбеліктерді қайтсек қысқартамыз деген құзырлы орган өкілдері өздерінің ұсыныстарын ортаға салды. Мемлекеттік мекемелердің басшылары, қалалық сот пен жергілікті полиция қызметінің өкілдері, коммуналдық қызметтердің мамандары, т.б. қатысқан жиында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов тұрғындардың бұл қызмет түрлеріне қарызын азайту мәселесі өте өзекті екенін, оны ...

Жалғасы »

Азаттық таңына сенген арыстар

Конференция «Түркі тілін зерттеуді алғаш түркілер өздері бастаған. Бұған ХІ ғасырдағы Махмұд Қашғари еңбегі дәлел. ХІХ ғасырда түркологияны ресейлік ғалымдар зерттеді. Ал қазақ тілі ғылымын тұңғыш бастаушы — ірі түрколог Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаң: «Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген, о жер-бұ жері бойға жуыспай, қолбырап, солбырап тұрған кең киім сияқты, артық әріптері көп әліпби де қолайсыз, бойыңды қысып, ...

Жалғасы »

Аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылады

Ақтөбеде аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы жобасы мемлекеттік-жеке серіктестік аясында меценат Болат Өтемұратов негізін қалаған «Асыл Мирас» қайырымдылық қорының қолдауымен жүзеге асырылмақ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен аталған қор директоры Марат АйтмағамбетовтІң және қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Алмаз Шармановтың кездесуі нәтижесінде серіктестік туралы меморандумға қол қойылды. — Ақтөбе облысында аутизм диагнозымен 217 бала есепте тұрады. Біздің міндетіміз — оларға және ...

Жалғасы »

Кадр тапшылығы байқалады

Көшпелі қабылдау Облыс əкімінің орынбасары Асқар Биахметов облыс әкімінің тапсырмасымен Алға ауданында болды. Асқар Биахметов Алға қаласында салынып жатқан 60 пəтерлі 5 қабатты тұрғын үйдің жəне «АкТеп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысып, Тамды су сорғылау стансасында болды. Сондай-ақ Есет батыр Көкіұлының кесенесінде болып, баба рухына тағзым етті. Бұдан соң аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында билік пен халық арасындағы байланысты ...

Жалғасы »

Сауалдар зерттелетін болды

Көшпелі қабылдау Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин Ырғыз ауданына облыс әкімінің тапсырмасы бойынша қызметтік іссапармен барды. Алдымен ауданның елді мекендерін аралаған әкім орынбасары Ырғызға түс әлпетінде жетті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының ғимаратында халықты қабылдаған Мавр  Ерғалиұлы әрбір азаматтың сұрағын мұқият тыңдады. Облыстан келген лауазымды адамға  тізілгендер қарасы көп болды. Көпшілігі  — ауыл шаруашылығы саласының адамдары. Мысалы, Нұра ауылдық округінен ...

Жалғасы »