Daily Archives: 6 желтоқсан 2017

Телекөпір кезінде Ақтөбеде екі ірі жоба іске қосылды

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Президенттің қатысуымен өткен дәстүрлі телекөпір кезінде Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру және «Алтын сапа», «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шараға Ақтөбе облысы тікелей режимде қосылып, қатысты. Телекөпір аясында еліміздің барлық өңірінен 11 тікелей көрсетілім жүргізіліп, соның барысында Елбасыға Индустрияландыру картасының ең маңызды нысандары көрсетілді. — ...

Жалғасы »

Кәсіби мерекелерімен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрылған күніне арналған салтанатты шараға қатысты. Облыс басшысы облыс прокуратурасы органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, мемлекеттік билік жүйесіндегі бақылаушы органның алатын айрықша орнын атап өтті. — Қазіргі  аса күрделі экономикалық және сыртқы саяси жағдайда прокуратура органдарының басым бағыты конституциялық құқықтарды, азаматтардың бостандығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, терроризм мен экстремизмге қарсы ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Басты міндетіміз — Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүз пайызға орындау

Облыс әкімдігінде Мемлекет басшысының Индустрияландыру картасындағы жобалар ұсынылған телекөпірде берген тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен аудандар әкімдері, мемлекеттік органдардың және даму институттарының жетекшілері қатысты. Облыс әкімі жиынның мақсаты Елбасы тапсырмаларын барынша нәтижелі және тиімді орындау жолдарын тиянақтау екенін атап айтты. — Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласында өсім болуы керектігін міндеттеді, біз бұл міндетті жыл ...

Жалғасы »

«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» жшс «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болды

«Астанада жыл сайын Елбасының қатысуымен өтетін «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінде «Ұлы дала елі» байқауының жеңімпаздары марапатталды» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Салтанатты шарада жеңімпаз компанияларға «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығы берілді. Онлайн-дауыс беру арқылы таңдалған үздік компанияларды «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев марапаттады. «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына «MKS Logisticts» ...

Жалғасы »

Байқау жүлдегерлері анықталды

Шығармашылық академиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі облыстық департаментінің ұйымдастыруымен өткен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен техникалық және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары, облыс педагогтері қатысқан байқауға 100-ден аса жұмыс ұсынылып, үздік танылған 16 жұмыс іріктеліп алынды. Марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ...

Жалғасы »

Ақтөбеде құрылысы ұзаққа созылған 22 нысан бар

Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Нұрлан Иманалин 11 ай ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен жиында аталған мерзім аралығында 1199 құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарлама қабылданғаны айтылды. Сондай-ақ, 874 жоспардан тыс тексеру жұмыстары ұйымдастырылып, оның нәтижесі бойынша 104 нұсқама берілген. — Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салалары бойынша 95 субъект әкімшілік жауапкершілікке ...

Жалғасы »

Достық. Адалдық. Рақымшылық

«Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қоры» қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Д.А.Р.» еріктілер клубы он жылдығын атап өтті. Салтанатты шара Халықаралық еріктілер күніне орайластырылды. Мақсат — еріктілердің басын қосып, еңбегін ескеру, сондай-ақ, үлкен жүректі азаматтардың байланысын одан сайын нығайту. — 1985 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Ассамблеясының шешімімен 5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күні болып белгіленген-ді. Бұл мерекені біз де жыл ...

Жалғасы »

33 адам вич жұқтырған

Биыл облыста 33 адам АИТВ (адам иммун тапшылығы вирусы) жұқтырған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз кеңесінде облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігердің орынбасарлары  Айбарша Төребаева мен Анна Каспирова аталған ауру туралы айтып берді. Қазіргі таңда елімізде ЖИТС-ке қарсы «Денсаулыққа құқылы» тақырыбында кампания өтіп жатыр. — Әр адам өзінің АИТВ статусын білуге құқылы. Вирусты жұқтырып ...

Жалғасы »

Ректор кубогі үшін сайысқа түсті

Ақтөбе қаласындағы Студенттер сарайында «Ақтөбе — асқақ арманым!» атты қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындары арасында «Жайдарман» ойыны өтті. «Ректор кубогі — 2017» жүлдесіне арналған шараны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті ұйымдастырды. Сайыста Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті, Қазақ-орыс халықаралық универсиетінен келген құрама командалар, М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қорған», Т.Бигелдинов атындағы атындағы ...

Жалғасы »

«Замандас» аналар клубы 5 жылдығын атап өтті

Аудандағы «Замандас» аналар клубының құрылғанына 5 жыл толуына орай аудандық Мәдениет үйінде кеш өтті. Шара басында көпшілік аудандық Мәдениет үйінің фойесінде әр ауылдық округтен келген әжелер клубы ұсынған ұлттық тағамдар көрмесін тамашалап, құрт жасау, ағаш келісаппен тары түюден өнер көрсетті. Бұдан кейін мерекелік шараның шымылдығы алтын құрсақ аналардың мейірімді жүрекпен сәбиін әлдилеп, өсіріп-тәрбиелеуі сомдалған сюжеттік бимен түрілді. Сонымен бірге «Замандас» ...

Жалғасы »