Daily Archives: 5 желтоқсан 2017

Жыл аяғына дейін «Нұр Ақтөбе» ауданында 12 тұрғын үй мен 194 жер үйдің құрылысы аяқталады

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Жандос Байырханов «Нұр Ақтөбе» ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйлерді аралап,  БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастырды.  Жандос Байырхановтың айтуынша, бүгінгі күні «Нұр Ақтөбе» ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі уақытта №1, №1А шағын аудандарында жоспарланған құрылыстың 85 пайызы аяқталған. Биыл 1 желтоқсанға дейін тұрғындарға 8 үй тапсырылса, жыл аяғына дейін осы шағын ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Ақтөбе қаласының  әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету және электронды қызметтердің санын ұлғайту жөнінде кеңес өтті. Жиынға қаладағы мемлекеттік органдардың жетекшілері мен коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңесте  он айдың қорытындысы тыңдалды.  Қала әкімдігі аппаратының  мемлекеттік қызметті үйлестіру бөлімінің жетекшісі Жәмила Тәшімова баяндама жасады.  Қазіргі таңда 12 қалалық мекеме мен 5 селолық округ мемлекеттік қызметтер тізімі бойынша  102 ...

Жалғасы »

Жақсылық жасауға құштар

Атаулы күн Еріктілердің санын нақты есептеп айту қиын, дегенмен қазіргі күні облыс орталығында мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әзір жастардың басын қосып отырған бес клуб бар. 5 желтоқсан — Халықаралық еріктілер күнінде ақтөбелік еріктілер қатарындағы ең үздік жігіттер мен қыздарды облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің атынан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова құттықтап, оларға деген алғысын жеткізді. «Мейірім», «Жүректен ...

Жалғасы »

Қайсар жандардың жарысы

Атаулы күн Халықаралық мүгедектер күніне орай үстел теннисінен және пауэрлифтингтен тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар арасында облыстық чемпионат өтті. Іс-шараны «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы ұйымдастырды. Жарыста мүмкіндігі шектеулі жандар өзара бақ сынасты. Олардың арасында әлем, Азия чемпионаттарына қатысып, жақсы нәтижеге қол ...

Жалғасы »

Әлеуметтік бағыттарға қаржы қаралды

Мәслихат Жыл аяқталып келеді. Осымен байланысты қазір барлық деңгейдегі алдағы жылдарға арналған бюджеттік жобалар талқыға түсуде. Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында әлеуметтік бағыттағы мекемелердің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы мәселе қаралды. Комиссия төрайымы Алмагүл Бекенованың төрағалығымен өткен осы отырыста күн тәртібіндегі аталған мәселеге қатысты қаланың ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Орынбасар, мәдениет ...

Жалғасы »

Базалық зейнетақы бірдей төленбейді

Брифинг 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер күшіне енеді. Осыған сәйкес, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасы ұлғаяды. Яғни, 58 жасқа толған нәзік жандылар келер жылы тек шілденің 1-нен бастап зейнетке шығуға құқылы. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының өкілдері мәлімдеді. Брифингке «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ облыстық филиалының директоры  Жанар ...

Жалғасы »

Айбек — Ұлттық инновациялар байқауының жүлдегері

Жуырда Алматы қаласында өткен XII Инновациялық Конгресте Ұлттық инновациялар байқауының қорытындысы жарияланып, «Баспасөз беттерінде қазақ тіліндегі инновациялық тақырыптағы ең үздік материал» номинациясы бойынша жүлделі III орынды әріптесіміз, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айбек Тасқалиев жеңіп алды. Байқау жыл сайын ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында өткізіледі. Бұл жылы байқау барлық аймақтағы оқушылар, студенттер, өнертапқыштар, тілшілер арасында өтті. ...

Жалғасы »

Мониторингтік топтың жиыны өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуына талдау және бағалау жүргізу үшін құрылған республикалық мониторингтік топтың отырысын өткізді. Астанада ұйымдастырылған шара онлайн түрде өткендіктен аймақтардағы топтың мүшелері де қатысты. Жиынға біздің облыстағы мониторингтік топтың төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан ...

Жалғасы »

Колумбиядан қола алып қайтты

Колумбия астанасы Богота қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында ақтөбелік екі спортшы қола жүлдегер атанды. Чемпионатқа 37 мемлекеттен 360-тан астам спортшы  қатысты. Джиу-джитсудың не-ваза-систем бағыты бойынша ҚР ұлттық командасының сапында жаттығатын  жерлестеріміз Нартай Қажеков пен Андрей Гаврилюк әлем чемпионатында жеңіске жетті. — Жарыс жолында қола жүлдеге ие болу оңай болған жоқ. Барлық күшімізді салдық. Алда Қазақстан чемпионаты және келер жылы өтетін ...

Жалғасы »

Жемқорлықты жою — даму кепілі

9 желтоқсан — Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты ауқымды шара ұйымдастырылды. Шара барысында колледж оқушылары флешмоб ұйымдастырып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының  мақсаты  — жастарға құқықтық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлықтың қылмыс болып саналатынын жастардың санасына жеткізу және сыбайлас ...

Жалғасы »