Daily Archives: 19 қараша 2017

Әлеуметтік мәселелер мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмі арқылы шешілуі керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен әкімдер тәжірибе алмасу мақсатында ай сайын аудандарға шығады. Өткен жұмада барлық аудан әкімдері  Хромтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуымен, әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарының жұмысымен танысты. Ақжар селолық округінде олар «АКМЭЗ» ЖШС күнбағыс майы мен жемдік күнжара шығаратын зауыттың құрылыс алаңында болып, Хромтау қаласындағы ішкі ...

Жалғасы »

Күйдің пірі — Қазанғап

17-18 қараша күндері Ақтөбе қаласындағы Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Қазанғап атындағы «Ақжелең» халықаралық күйшілер байқауы өтті.  БАС ЖҮЛДЕ — ЕРБОЛАТТА! Байқауға Ресей Федерациясының Хакасия Республикасынан, Өзбекстаннан, сондай-ақ Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Семей, Ақтау, Орал, Ақтөбе қалаларынан 25-ке жуық үміткер қатысты. Үш кезеңде қатысушылар Қазанғаптың «Көкіл», «Торы жорғаның бөгелек қағуы», «Құс қайтару», «Домалатпай», «Шырылдатпа», т.б. күйлерін, сондай-ақ қосымша өздері қалаған ...

Жалғасы »

Димаш Голливудта жүлделі болды

Жерлесіміз Димаш Құдайберген АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы әлемдік киноиндустрияның «жүрегі» болып есептелетін мекен — Голливудта кезекті музыкалық жүлдеге лайық деп танылды. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, тілеулестерінен сүйінші сұрады.   — Құрметті менің тыңдармандарым! Қуанышты хабарыммен сіздерді қуантуға асықпын. Бүгін Америкада, Голливудта «Hollywood music in media awards»  марапаттау кешiнде «Moonlight over the Sea» атты әнім «The best original ...

Жалғасы »

«Ақтөбе үміттері» атты республикалық біріншілік өтті

14-16 қараша күндері «Достық» су спорты түрлері бойынша спорт мектебінде «Ақтөбе үміттері» атты жүзуден республикалық ашық біріншілік өтті. Есет батыр Көкіұлының 350 жылдығына ұйымдастырылған бұл жарысқа Астана, Атырау, Шымкент және Екібастұз қалаларынан жас спортшылар келді. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы мен Хромтау ауданының жасөспірімдері де қатысты. Үш күнге созылған турнирде 2006-2009 жылдары туған ер балалар мен қыздар өз мүмкіндіктерін байқап, сынға ...

Жалғасы »

Жемқорлықтың жолы кесіледі

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Талғат Әділов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасында сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Орталықта заңды және жеке тұлғаларды ...

Жалғасы »

Архив ісі дағдарысты бастан кешіп отыр

Семинар Облыстық мемлекеттік архивтің ұйымдастыруымен «Архив ісінің  өзекті мәселелері мен даму перспективалары» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілді. Семинарға барлық аудандардан архив меңгерушілері қатысты. Семинарға қатысушылар алдымен  «Аргентум» сканер құрылғысымен танысты. Аталған сканер станциясы қараша айында облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен сатып алынған. Қуаттылығы орташа қондырғының құны — 3 миллион 700 мың теңге. ...

Жалғасы »

Құпия қызметтің ардагері

Мерей Халық арасында жалпы бағыты белгілі секілді болып көрінгенмен екінің бірі біле бермейтін, бұқаралық ақпарат құралдарында көп жариялана қоймайтын мамандықтар, қызметтер бар. Солардың бірі — Ұлттық Қауіпсіздік саласының өкілдері. Үкімет тарапынан жабық қызмет (режимдік), арнаулы қызмет атанғандықтан, бұл саланы басқа құқық қорғау орындарынан жүйелік ерекшеліктері мен мән-мазмұнын жұртшылық білуге тиісті емес те секілді. Сондықтан бұл саланың қызметкерлерін азаматтық қызметтегілер мен ...

Жалғасы »

Баламның оқуға ықыласы зор

Балам биылғы оқу жылында Ақтөбе қаласындағы Новый орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбына барды. Ол «Алматы кітап» баспасынан шыққан «Әліппе» оқулығымен оқып жатыр. Тәрбиешісі — Ақерке Нұрпейісова. «Әліппе» оқулығы балалардың жас ерекшелігіне сай құрылған. Оқулықтың әрбір беті көркем суреттермен көмкерілген. Сыртқы мұқабасының өзі әдемі безендірілген. Сол себепті оқулық баланың білім алуға деген қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ  жаттайтын өлеңдері де көп. Баламның оқулықтағы ...

Жалғасы »

Заман талабы

Жаңа әліпби Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025  жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін айтты. Сондай-ақ Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастап қолға алу қажеттігін атап өтті. Елбасымыз: «Біз латын әліпбиіне көшуді ...

Жалғасы »

Тәрбие негізі — тәртіп

Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалды музейінің ұйымдастыруымен Ақтөбе политехникалық колледжінде «Құқықтық тәрбие — заман талабы» атты кездесу өтті. Аталған шараға Ақтөбе қалалық прокуратурасының қызметкері Бақытжан Ешмағанбетов, «Бейбітшілік пен келісім қоғамдық қоры» облыстық филиалының төрағасы Келдібай Еспағамбетов, облыстық прокуратура жанындағы ардагерлер кеңесінің төрайымы Мария Тәжібаева, «Бүркіт» патриоттық клубының жетекшісі Серік Сағиев қатысты. Өскелең ұрпаққа саналы тәрбие беру, қоғамдық тәртіпті сақтауда үлгі көрсету, теріс діни уағыздарға ...

Жалғасы »