Daily Archives: 17 қараша 2017

Ақтөбе рельстері Челябинск қаласына жөнелтіледі

Кеше Ақтөбеге Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин мен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов келді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәртебелі меймандарды Ақтөбе рельс-арқалық зауытының жұмысымен таныстырды. Ақтөбе рельс-арқалық зауыты — Еуразиялық экономикалық одақ аумағындағы «P-65» стандартымен ұзын өлшемде термоберіктелген теміржол рельстерін шығаратын жалғыз өндіріс орны. Биылғы жылдың 9 айында кәсіпорында жалпы құны 31,2 миллиард теңгеге 116,4 ...

Жалғасы »

9 айда тауар айналымы 146%-ға өскен

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 19-ыншы отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, сондай-ақ Ресейден келген делегация өкілдері, облыстық басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Жиында Асқар Мамин инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда қолдау көрсететін, сондай-ақ ...

Жалғасы »

Банк қызметкерлерін құттықтады

Ұлттық валюта күніне орай облыс әкімінің Алғыс хатын иеленгендердің қатарында банк филиалдары мен «Даму» қорының өкілдері бар. Оларға марапатты облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов табыс етті. — Сіздердің осы кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында жүргізілген талдау жұмыстары несие алушылардың қатары артқанын, бұл бойынша біздің облыстың елімізде төртінші орында екенін көрсетті. «Даму» қорының да жұмысын жалпы алғанда жақсы деп бағалауға болады. Облыс басшылығы ...

Жалғасы »

Қаржыгерлер ұйымдастырған қайырымдылық іс

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ақтөбе филиалы екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Ұлттық валюта күні құрметіне қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Мереке күніне арналған іс-шара кезінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әлеуметтік топтағы бірқатар отбасыға ақшалай сертификат табыстады. Биыл 15 қарашада Ұлттық валютамыз — теңгеге 24 жыл толды. Атаулы күнге байланысты облыстың қаржы саласындағылар кәсіби мерекелерін атап өтті. Мерекелік шара Ақтөбе қаласындағы Н.Қобыландин көшесіндегі скверде ...

Жалғасы »

Жолақы қымбаттамайды. 80 автобус сатып алынады

Брифинг Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов осы жылдың он айы бойынша атқарылған жұмыстарға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте шаһар басшысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері, Мемлекет басшысының  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру, мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуы жөнінде кеңінен баяндады. Сондай-ақ, жол құрылысы, қоғамдық көлік, білім беру бойынша жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. — ...

Жалғасы »

Ақтөбе агломерациясын дамыту жобасы талқыланды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен Ақтөбе агломерациясының аумақтық дамуының аймақаралық сызба жобасы қаралды. Құжатты талқылауға облыс әкімінің орынбасарлары, Ақтөбе қаласы мен агломерация аймағына жататын аудандардың әкімдері және департаменттер мен басқарма басшылары қатысты. Ақтөбе агломерациясын дамытудың барлық бағыттары ҚР ИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің республикалық мемлекеттік қала құрылысын жоспарлау және кадастр орталығының бас директоры Тұрлыбек Мұсабаевтың таныстыру ...

Жалғасы »

Оқырмандарымызға құрмет көрсетілді

Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің ең белсенді оқырмандары келер жылға газетке жазылу сертификатымен қоса демеушілердің көмегімен шипажайда тынығуға жолдама алды. Бұл — «Мейірім» қайырымдылық акциясы шеңберінде «Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Аqto’be» телеарнасы тапсырған эстафетаны жалғастыру негізіндегі шара. Бүгінгі күні облыста «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» басылымдарына жазылу науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Құрамында «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС журналистері мен қызметкерлері бар ақпараттық үгіт-насихат ...

Жалғасы »

Киіктерді қорғайық!

Брифинг «Қарағанды облыстық экологиялық музейі» қоғамдық бірлестігі, «Қолдау — Қазақстан» көпсалалы коммерциялық емес холдингі және «Германия табиғаты мен биоалуантүрлілігін қорғау» одағы киіктің үстірт популяциясын сақтау және отарлы мал шаруашылығын дамыту бойынша бастаманы жүзеге асыруды бастады. Қазір «Қызыл кітапқа» енген жануар жоғалып кету қаупінде тұр. Бұл мәселе «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте кеңінен айтылды. «Қарағанды облыстық экологиялық музейі» ҚБ-нің өкілі Айбат ...

Жалғасы »

Алты ұстаздың еңбегі үздік атанды

Жақында «Дарын» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Алматы қаласында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті. Мақсат — талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерге қолдау көрсету, мұғалімдердің зерттеу, авторлық бастамаларын дамыту, педагогтердің мәртебесін арттыру. Сайысқа М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 6 педагогі қатысқан болатын. Жарыс қорытындысында, олардың барлығы да жүлделі орындарға қол жеткізді. Аталған білім шаңырағындағы алты ұстаздың еңбегі 276 ...

Жалғасы »