Daily Archives: 12 қараша 2017

Ерлік пен елдік

Есет Көкіұлының 350 жылдығы облыста кеңінен аталып өтті Тарихқа тағзым Ұлы даламыздың айбынын асырған, жалпақ жердің иесі бар екенін білдіріп, сырттан көз алартқан жауға сес көрсеткен, бетін қайтарып, қалың елге қорған бола білген батырлар қатарында Есет Көкіұлы есімі ерекше аталады. Егер тарихи деректерге сүйенсек, Есет Көкіұлы 1667 жылы дүниеге келген. Оның әкесі Көкі де батыр болған, кезінде Салқам Жәңгірге көмекке ...

Жалғасы »

Ту ұстап, тұлпар мінген тархан Есет

Ұшқан құстың қанаты талатын Ұлы даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабалар ерлігі ұрпаққа ұран, ұлтқа ұлағат болып қалғаны тарихи ақиқат. Ел үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, халқының қас жауына қасқая қарсы тұрып, қол бастаған Есет батырды  қазақ жұрты қашанда естен шығарған емес. Кешегі кеңестік кезеңде кесенесін көтеруге ынта білдіргендерді жазалап, бейітін трактормен түріп тастағысы келсе де халық ...

Жалғасы »

Дзюдодан ел чемпионаты: 500-ге жуық палуанның қайраты

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы ​«Жекпе-жек» спорт сарайында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, жер-жерден келген жаттықтырушылар мен спортшылар, спорт сүйер қауым қатысты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, дүбірлі додада еліміздің 14 облысынан барлығы 500-ге жуық дзюдошы өзара бақ сынасуда. Олардың қатарында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Рустам Ибраев, әйелдер ұлттық құрамасы ...

Жалғасы »

Өлеңмен өрнектеген ерлік жолын

Қазақтың қас батыры Есет Көкіұлын исі қазақ білсе игі. Сондықтан осындай оғланға, батыр бабасына жыр арнамаған ақын сирек. Есет батырдың 350 жылдығына арналған ақындар айтысына ажарлы сөздің қаймағын сапырған, өрелі ойдың өрнегін келтірген не бір дүлділ шайырлар жиналды. Және бір атап өтерлігі, олар қазақ жерінің қай өңірінен келгендігіне қарамастан, Есет бабаның ерлігін жеріне жеткізе айтып, жалпы жұртқа өнеге етуге ұмтылды. ...

Жалғасы »

Қауіпсіздік — бірінші орында

Ақтөбе су қоймасында құлақтандыру жүйесін қамтамасыз ету үшін «Гидротехникалық құрылыстарды кешенді түрде пайдалану және оның қауіпсіздігі» атты пилоттық жоба аясында шара өтті. Жобаның өзі «Қазақстанның жасыл экономика моделіне қолдауы» атты ауқымды жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жыл сайын болатын су тасқыны — еліміз үшін өзекті мәселелердің бірі. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 1994 жылдан бері 320 мыңнан астам төтенше жағдай ...

Жалғасы »

Бұл — бірінші қадам

Жаңа әліпби Ақтөбеге «Латынды қолда» республикалық ақпараттық тобы келді. Жиын барысында латын әліпбиіне көшудің мән-маңызы түсіндірілді. «Латынды қолда» республикалық ақпараттық тобы Елбасы Жарлыққа қол қойғаннан кейін еліміздің барлық өңірлерін аралауды бастады. Бұған дейін 6 өңірде болған мамандар түрлі әлеуметтік топ өкілдерімен жүздескен. Топ құрамында Ерлан Саиров, Әміржан Қосанов, Ғалым Байтұқ, Қанат Әуесбай сынды саясаткерлер мен қоғам белсенділері, танымал блогерлер бар. ...

Жалғасы »

Жарқын болашақ кепілі

Жаңа әліпби Тілдің сақталуында әріптің алатын орны ерекше. VI-VII ғасырларда Еуразия құрлығында түркілерінің руникалық жазуы, яғни «Орхон-Енисей жазуы» қолданыста болса, халқымыз ислам дінін қабылдаған соң араб тілі мен араб әліпбиі таралды. X ғасырдан XX ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылып келді. XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бастап қазақ оқығандарының арасында латын әрпіне негізделген жаңа әліпбиге көшу мәселесі ...

Жалғасы »

Бизнес сотқа сенім артады

«Корпоративтік дауларды шешудегі сот тәжірибесі» тақырыбында өткен семинарда соттардың құқықты қорғау тәжірибесінде  туындайтын мәселелер мен заңнамаларды біркелкі қолдануды қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу мәселелері талқыланды. Облыстық сот ғимаратында өткізілген семинарға судьялар, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының басшылығы, облыстық адвокаттар алқасының, қоғамдық бірлестіктер мен қауымдастықтардың мүшелері, ірі компания басшылары мен қорғаушылар, шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. Онлайн режимінде өткен бейнеконференцияда ...

Жалғасы »

Жасөспірімдер қылмысы қайтсе азаяды?

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша семинар өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев пен қоғам қайраткері, профессор, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталы қатысты. Сондай-ақ облыстағы колледждердің директорлары мен оқытушылары келді. — Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың деңгейі мақтанарлық жағдай емес. Көптеген проблема бар. Біздің мақсатымыз — сол мәселелерді талқылап, таразылап, қылмыстың алдын алу, болдырмау, ...

Жалғасы »

Қысқа дайындық пысықталды

Ақтөбеде республикалық командалық-штабтың қысқа дайындық жаттығуларының бірінші кезеңі басталды. Штаб пәтері Ақтөбеде орналасқан екі күндік  оқу-жаттығу «Қыс — 2017» деп аталды. Өткен бейсенбіде облыс әкімдігінде  облыс әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов және ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары,  азаматтық қорғау полковнигі Марат Құлдықовтың қатысуымен жиын өтті. Марат Құлдықов Ақтөбе қаласына мемлекеттік басқару органдары мен азаматтық қорғаныс жүйесінің ...

Жалғасы »