Daily Archives: 8 қараша 2017

«Нұр Отан»: он айдағы оңды істер

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, ардагерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысқан жиында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өткен ...

Жалғасы »

Толық әрі тиімді игерілуі тиіс

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс бюджетінің биылғы жылдың он айында орындалуының қорытындысын тыңдады. Қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның мәліметі бойынша облыс бюджетінің кіріс бойынша нақты орындалуы 101,9%, шығыс бөлігі 98,7% құрады. Осыған байланысты облыс басшысы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдеріне бюджет қаражатының қаржыландыру жоспарларына сәйкес толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз етуді тапсырып, жұмсалуын қатаң бақылауды талап етті. ...

Жалғасы »

Бюджеттің кіріс бөлігін орындауды қамтамасыз ету қажет

Салық салынатын негіздерді ұлғайту және бюджеттің кіріс бөлігін орындау мәселелері облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды. Оған облыс әкімінің орынбасарлары, аудандардың әкімдері, басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты. Облыс басшысы салық салу негіздерін кеңейту мақсатында 5 бағыт бойынша жұмыс топтары құрылғанын атап көрсетті. Негізінен алғанда, олардың тарапынан еңбек құқықтарын сақтау және еңбек нарығы қатысушыларының табысын жария ету, жасырын көлік ...

Жалғасы »

Жаңа тапсырмалар жүктеді

Алға ауданының активінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Президенті әкімшілігі мен аудандық мәслихаттың мақұлдауымен Нағымжан Алдияров аудан әкімі болып тағайындалды. Облыс әкімі Н.Алдияровтың алдына жүйелік тәсілдерді қажет ететін бірқатар басым міндеттерді қойды. «Елбасы осы жылы экономика өсіміне қол жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Он айдың қорытындысы бойынша облысымыздың экономикасы өсімі 5 пайызды құрады. Осы жұмысты жалғастырып, Президент ...

Жалғасы »