Daily Archives: 5 қараша 2017

Ақтөбе және Орынбор облыстары өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтеді

Ресей Федерациясының Орынбор қаласында еуразиялық интеграция мәселелері және əлеуметтік-экономикалық дамудың келешегін талқылаудың тиімді алаңына айналған «Орынбор — Еуразия жүрегі» атты VII халықаралық форум өтті. Форумға Қазақстан, Беларусь, Тәжікстан, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан сынды басқа да елдерден үш мыңнан астам адам  қатысты. Ақтөбе облысының делегациясын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастап барды. Ақтөбелік делегация құрамында басқарма басшылары мен бизнес қауымдастығы өкілдері болды. Келісім ...

Жалғасы »

Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мерейі

Сенбі күні Ақтөбе қаласының ипподром алаңында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, аудан әкімдері мен мекеме басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпорын басшылары қатысты.  Озық өнім және асылтұқымды мал Ипподром алаңына 13 киіз үй тігіліп, ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі  ұйымдастырылды. Көрмеге Ақтөбе қаласы мен облыстың 12 ...

Жалғасы »

Мейірім және марапат

Кәсіби мереке 4 қарашада Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған облыс басшылығы, мереке иелері — Ақтөбе қаласынан және аудандардан келген әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлері мен осы салада еңбек еткен ардагерлер, қоғамдық бірлестіктер менБАҚ өкілдері қатысты. Мерекеге орай аталған салада қызмет етіп жүрген бір топ ақтөбелік ҚР Еңбек ...

Жалғасы »

Ләззат Оразбаева — облыстық білім басқармасының басшысы

Бұған дейін Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ләззат Оразбаева облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды. Білім басқармасы активі, колледждер мен училищелердің, мектептердің директорлары қатысуымен өткен кеңесте облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы сала алдындағы бірінші кезектегі міндеттерді белгіледі. Облыс басшысы негізінен білім сапасын көтеру және ауылдық жерлерде оқыту проблемаларын шешу, үш ауысымдық және апатты мектептерді жою, сондай-ақ қабылданған шараларға бақылау ...

Жалғасы »

40 сарбаз әскерге аттанды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта  облыстан 40 сарбазды әскер қатарына шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері мен сарбаздардың ата-аналары жиналды. — Отан қорғау — жауапты іс. Бұл қызметті абыроймен атқарады деген сенімдеміз. Отанды білекпен емес, жүрекпен қорғау керек. Ақтөбе жерінен қаншама батыр бабаларымыз ...

Жалғасы »

Бүгінгі күннің талабы

Жаңа әліпби Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев осыдан он жылдай бұрын Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес», — деген еді. Міне, күн тәртібінде біраздан бері тұрған осы ...

Жалғасы »

Әлеуметтік желілердегі шағымдар назарға алынды

Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе тұрғындарының əлеуметтік желіде жариялаған өзекті мәселелерінің шешімі бойынша көшпелі жиналыс өткізді. Облыс басшысы жергілікті тұрғындардың шағымы бойынша тұрақты мекенжайы жоқ және есірткіге тәуелді адамдардың мекеніне айналған иесіз қалған көлікжайлардың бос ғимараттары орналасқан Әуеқалашығы ауданында болды. Жақын жердегі үйлерде тұратын тұрғындармен тілдескен Бердібек Сапарбаев олармен келісе отыра қала əкімдігіне көлікжайлардың көне ғимараттарын бұзуды тапсырды. Олардың орнына ...

Жалғасы »

Үнемделген қаржы әлеуметтік салаларға жұмсалады

Облыстық мәслихат Облыс әкімдігі облыстық бюджетті қайта бөлу есебінен 3 миллиард теңгеден астам қаржыны үнемдеді. Бұл қаражат  жаңа мектептердің, тұрғын үйлердің құрылысына, сондай-ақ жолдарды жөндеу, тағы да басқа маңызды шаруаларға жұмсалады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген мәжілісінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Олжас Смағұлов мәлімдеді. Тұрақты комиссия жұмысына облыстық мәслихаттың ...

Жалғасы »

Үйірмелердің үздігі — «Жастар»

Қарғалы ауданы Жосалы ауылдық клубында көркемөнерпаздар ұжымдарының «Үздік үйірме — 2017» байқауы өтті. «Үздік үйірме — 2017» байқауы үш кезеңнен тұрды: «Менің үйірмем», «Өнерге құштар жандар», «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы». Байқауға ауданның 12 көркемөнерпаздар ұжымы қатысты. Ал олардың өнерін Қарғалы аудандық Мәдениет үйінің директоры Нұржан Есмурзин төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. «Үздік үйірме — 2017» байқауына қатысушы ұжымдар қазылар алқасы ...

Жалғасы »

Ауылдардағы ашық әңгіме

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы насихаттау мақсатындағы ақпараттық топ Ащылысай, Әлімбет, Велихов, Қосестек ауылдарында болып, жұртшылықпен кездесті. Сондай-ақ мұндай жүздесулер аудандық ауруханада, №1 Бадамша орта мектебінде жалғасты. Облыстық ішкі саясат басқармасының маманы Ару Данабекова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Роман Рахиев еліміздегі жаңғыру, экономикадағы өзгерістер, сондай-ақ әлеуметтік салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Топ құрамындағы Қ. ...

Жалғасы »