Daily Archives: 2 қараша 2017

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті: алғашқы қадам алдында

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу тапсырылғаны белгілі. Қазіргі уақытта бұл міндет жүзеге асырылуда. Ақтөбе қаласында  ұйымдастырылған «Жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу» тақырыбындағы ауылдық округтер әкімдерінің форумында Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының аталған деңгейдегі 350-ден астам әкімі ...

Жалғасы »

285 студент облыс әкімінің атаулы стипендиясын алды

Сәрсенбі күні Студенттер сарайында «Мен Ақтөбені таңдаймын!» атты жастарға арналған шара өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, «Қазақстан КТК одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Есен Елеукен, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының республикалық штабының жетекшісі Тоқтар Болысов қатысты. Кешке сондай-ақ жастар ұйымдарының жетекшілері, аудандардан келген белсенді жастар, еріктілер, жоғары және арнаулы оқу орнының студенттері, қоғамдық бірлестіктердің ...

Жалғасы »

Алғашқы слеттің қуанышы

Іскер әйелдер Қазақстан Республикасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет I облыстық ауыл әйелдері слеті өтті. Шараға Ақтөбе қаласынан және өңір аудандарынан келген 400-ге жуық қыз-келіншек жиналды. Басқосуда облыс әйелдерінің отбасы жағдайлары туралы өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өңірдегі қыз-келіншектердің жеке кәсіппен айналысуы, өз істерін бастап, оны жүргізуі жайында жан-жақты кеңестер берілді. Шараның ...

Жалғасы »

Бөкенбай батыр және оның заманы зерделенген жиын өтті

Бөкенбай Қарабатырұлының туғанына — 350 жыл Ақтөбеде жоңғар шапқыншылығына және Ресей отарлаушылығына қарсы күрестегі қазақтың даңқты батырларының бірі — Бөкенбай Қарабатырұлының туғанына 350 жыл толуына арналған шаралар өтті. Осы мерейтойға орайластырылған «Сындарлы заман тұлғасы: қазақтың Бас сардары Бөкенбай батыр Қарабатырұлының өмірі мен ерлік жолдары» атты аймақтықғылыми-теориялық конференцияға келген ғалымдар мен зерттеушілер облыс орталығындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында бас қосты. Конференцияға ...

Жалғасы »

Баспасөз бен бұқара байланысы беки түседі

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері ұжымдары 2018 жылға баспасөзге жазылу қарсаңында бұқарамен байланысты нығайтып, көптеген шаралар ұйымдастыруда. Мәселен, Ойыл және Шалқар аудандарында «Туған жерге тағзым» акциясы аясында екі газеттің күндері өткізіліп, байырғы және белсенді оқырмандарға құрмет көрсетілді, алдағы жылға газетке тегін жазылу сертификаттары тапсырылды. Оқу орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде оқырмандармен кездесулер ұйымдастырылуда. Өңіраралық байланыстарды нығайту мақсатында ...

Жалғасы »

Ортақ мақсаттар белгіленді

Форумнан соң «Туған жер» республикалық жерлестер форумының өтуі — облыстың қоғамдық, саяси өміріндегі маңызды шара болды. Форум аясында ортақ мақсат белгіленіп, ортақ шешімдер қабылданды. Мұндай форумға шақырту алғаныма қуандым. Әрине, елден жырақта жүрген адамға мұндай шақырту керемет көңіл күй сыйлайтыны белгілі. Өз басым Ақтөбені ерекше мақтан тұтамын. Себебі, туған жер, өскен өңірге деген ыстық сезім бізді қашанда еңбекте болсын, өмірде ...

Жалғасы »

«Қазақстан – Ұлы Дала Елі» қосымшасы арқылы отаныңды әлемге жақындата біл!

ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР! Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел ...

Жалғасы »

Ақтөбе спортшыларының жаңа жеңістері

Жеңісті жандарына жалау еткен дарабоздарымыз әлемдік, халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, Ақтөбе қоржынына бірнеше медальдар салды. Панкратион спорт түрінен алғаш рет Ресей елінің Сочи қаласында әлем чемпионаты өтті. Оған 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысты. «Адлер Арена» спорт кешенінде өткен әлемдік додада ақтөбелік «Еркін күш» клубының спортшылары да сынға түскен болатын. Чемпионаттың қорытындысы бойынша, элиталық панкратион түрінен 84 келі салмақта ...

Жалғасы »

Ақтөбе облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

Облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай өңір тұрғындарымен интернет-конференция өткізді. Шараның негізгі мақсаты — сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, халықпен диалог орнатып, сот қызметі туралы ақпараттандыру. Облыс тұрғындары өткізілетін шара туралы алдын – ала облыстық соттың ресми сайты арқылы хабардар етілді. Интернет-конференция барысында 11 сұрақ түсті. Атап айтқанда,  жалақы сомасын және келтірілген материалдық залалды өндіру, мүлікті тыйым салудан босату ...

Жалғасы »