Басты бет » 2017 » қараша

Monthly Archives: қараша 2017

Құрметті ақтөбеліктер!

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні Бүгін Қазақстан халқы жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Тұңғыш Президент етіп сайлағанына тура 26 жыл толды. Бұл жылдар қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысының алысты болжай білетін, бейбітсүйгіш, сарабдал саясатының арқасында бүгінде елімізде бірлік, тұрақтылық пен жасампаздық салтанат құрып тұр. Қазақстан халқы Елбасымен бірге тәуелсіздік құру жолындағы қиын кезеңдерді бастан кешіп, ...

Жалғасы »

Елбасына арналған мереке

Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің №1» мега акция өтті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен салтанатты шараның құрметті қонақтарының қатарында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор  Төлеген Мұхамеджанов, Қазақстанның халық әртісі Досқан Жолжақсынов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова, сондай-ақ әйгілі Жұбановтардың ұрпағы Ажар Ахметқызы мен Асқар Құдайбергенұлы ...

Жалғасы »

Ақтөбеге «Құнанбай» келді

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтөбе қаласындағы «Локомотив» кинотеатрында Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, режиссер, актер Досхан Жолжақсыновтың «Құнанбай» фильмінің көрсетілімі өтті. Фильмді қалың көрерменмен бірге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, «Құнанбай» фильмінің авторы, режиссері әрі Құнанбай кейіпкерін сомдаушы Досхан Жолжақсынов және оның жары Абайдың анасының рөлін сомдаушы Қаракөз Асқарқызы, композитор, Мемлекеттік сыйлығының иегері Төлеген Мұхамеджанов тамашалады. Фильм ...

Жалғасы »

Азық-түлік бағасын тексерді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мереке қарсаңында азық-түлік бағаларын тексеру мақсатында «Анвар», «Дина» ірі сауда желілерінде, сондай-ақ «Табыс» коммуналдық базарында болды. Тексеріс «Анвар» гипермаркетінен басталды. Онда облыс әкімі сауда жүйелері мен жылу кешендерінің басшыларымен кездесті. — Өтініш, бағаны көтермеңіздер! Керісінше, мереке қарсаңында, әсіресе, әлеуметтік-маңызды тауарлардың бағасын төмендетіп, халыққа қолдау көрсетіңіздер. Сіздердің сауда үстемелеріңіз 5 пайыздан аспауы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев ...

Жалғасы »

Көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Ақтөбе қаласының халқы бір жылда 25 пайызға көбейіп отыр. Демографияның жақсаруына көпбалалы аналардың қосар үлесі мол. Тұңғыш Президент күні қарсаңында ақтөбелік көпбалалы аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарына ие болды. Осыған орай өткен салтанатты жиында қала әкімі Ілияс Испанов бүгінгі күні аналардың, қыз-келіншектердің қоғамның дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті. Ол көпбалалы аналарға өз марапаттарын табыстады. Атап айтқанда, ...

Жалғасы »

Тұңғыш Президент күніне тарту

Биыл ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыста 40-қа жуық әлеуметтік ғимараттар мен өндіріс орындары ашылады. Сондай-ақ мереке күндері өңірде жүздеген іс-шара ұйымдастырылады. ҚР Тұңғыш Президенті күнінде облыс орталығындағы «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйі салтанатты түрде ашылады. Жастардың өнерін шыңдау арқылы еліміздің мәдени дамуына, рухани баюына үлес қосу мақсатында ашылған мәдениет ошағы алдағы уақытта шығармашылық адамдары мен зиялылар бас қосатын үлкен алаңға ...

Жалғасы »

Үздік жастар марапатталды

Байқау Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқаудың жеңімпаздарын марапаттады. Байқаудың мақсаты —  студенттер мен оқушыларды ғылыми ізденіске тарту, шығармашылықтарын шыңдау. Байқауға жоғары және арнаулы оқу орындарынан 93 шығарма түссе, оның ішінде 24-і университет студенттерінің,  69-ы колледж оқушыларының шығармалары болды. Жастардың шығармаларын жоғары оқу орындарының оқытушылары мен БАҚ өкілдері бағалады. Олар әрбір жастың шығармасын мұқият оқып, ...

Жалғасы »

Тұғыры мығым тұтастық

Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне орай мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, этномәдени бірлестік өкілдеріне, жоғары оқу орнының студенттері мен колледж оқушыларына дәріс оқылды. «Тұңғыш Президент күні — Ұлттың тұтастық мерекесі» тақырыбында өткен  кездесуге 100-ден аса адам қатысты. Шараның ашылуында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ермек Тауанов:— Бүгін Елбасының сындарлы саясатының арқасында Тәуелсіз Қазақстанның тарихы барша әлемге белгілі болды. ...

Жалғасы »

Қанат Айтбаев — тіл жанашыры

Жерлесіміз ҚР Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер Қанат Айтбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өткен «Тіл жанашыры — 2017» республикалық байқауында «Тіл жанашыры» сыйлығын алды. Жерлесімізге төсбелгімен қатар Елбасының қолы қойылған Алғыс хат табысталған. Онда: «Елімізде мемлекеттік тілдің дамуына қосып келе жатқан азаматтық үлесіңіз үшін сізге зор алғысымды білдіремін және мықты денсаулық пен бақыт тілеймін», — деп жазылыпты. Айта кету ...

Жалғасы »

Құрмет белгісі табысталып, тегін жазылу ұйымдастырылды

Ақтөбе облыстық сотында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған сот жүйесінің ардагерлері, облыс судьялары мен жауапты мамандар қатысты. Жиынның ашылу салтанаты Ұлттық Гвардия офицерлерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын кіргізумен басталды. Шарада облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай құттықтау сөз сөйлеп, судьялар қауымы Елбасына еліміздің сот жүйесіне деген ерекше қамқорлығы үшін ризашылығын білдіретінін атап өтті. Оның айтуынша, сот ...

Жалғасы »