Daily Archives: 19 қазан 2017

Жаңа мектепте білім алады

Қобда ауданының орталығында 320 орындық жаңа мектеп-гимназия ашылды. Соған орай өткен салтанатты жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім беру саласына Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ерекше мән беріп келеді. Өйткені, бұл — Қазақстанның болашағын айқындайтын сала. Тәуелсіздік жылдарында мыңнан астам мектеп салынды. Мұның бәрі жас ұрпақтың халықаралық стандарттарға сай, Қазақстанның озық 30 елдің қатарына енуі жолында ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ, облыс әкімі: Президент тапсырмаларын орындау үшін облыста барлық қажетті резерв бар

Осы аптаның сәрсенбісінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Қобда ауданында облыс әкімдігінің көшпелі отырысы өтті. ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Серік Аманғалиев, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар мен даму институттарының, қоғамдық бірлестіктердің басшылары қатысқан кеңесте ағымдағы жылғы тоғыз ай бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қорытындыланды. «Мемлекет басшысының облыстың дамуы бойынша барлық тапсырмаларын толықтай орындадық деуге болады. Бастысы, жылды ...

Жалғасы »

Жылқы сүті экспортқа шығарылады

Облыстық әкімдікте жылқы шаруашылығын дамыту, оның сүтін экспортқа шығаруға байланысты арнайы кеңес өтті. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсенбай, осы басқарманың мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Панабек Бимұратов, экспорттаушы компанияның өкілі Жамбыл Жүндібаев, республикалық жылқы палатасының директоры Байзақ Махмут, облыстық тәжрибе стансасының ғалымы Серікбай Рзабаев, облыс көлеміндегі жылқы шаруашылығының басшылары қатысты. — ...

Жалғасы »

Ойыл көрмелері Ақтөбеге келді

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Озық тәжірибе — баршаға ортақ» атты қызығушылық клубтардың іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға Ойыл ауданынан келген 70-ке жуық адам қатысты. Олар жиналған жұртшылықты Ойылдың тарихымен, «Ардагерлер», «Замандас», «Әйел бақыты» клубтарының жұмыстарымен таныстырды. Алдымен Шығанақ Берсиев пен тары тағамдарының көрмесі және түрлі қолөнер, кітап көрмелері ұсынылды. Мәдени ...

Жалғасы »

Әсері мол жүздесу болды

Форумнан соң Ақтөбеде өткен «Туған жер» республикалық форумының әсері әлі күнге дейін санамда жаңғыруда. Бұл шынында да біздің ойымызды оятқан, көңілімізді сергіткен оқиға болды. Аталған форумға жас шамасына қарамастан, ең бастысы Ақтөбені өзі үшін қымбат санайтын көптеген адамдар жан-жақтан, алыстан да, жақыннан да жиналды. Бүгінгі Ақтөбе — Қазақстанның ең танымал өнеркәсіпті қалаларының бірі. Осында тұратын тамаша еңбек адамдары оның тарихының ...

Жалғасы »

«Нұрлы жер»: 5,6 миллиард теңге игерілді

Брифинг Облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Өнербаев осы жылдың 9 айындағы бюджет кірісі һәм игерілуі жөнінде журналистермен баспасөз мәслихатын өткізді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен жиында Нұрлыбек Өнербаев 9 айдың қорытындысы бойынша облыстың бюджет кірісі 72,5 миллиард теңгені құрағанын, бұл есептік жоспардың толығымен орындалғанын айғақтайтынын атап өтті. Өңір бюджетінің игерілуі бойынша жоспар 152,2 миллиард теңге болса, оның орындалуы 150,9 миллиард ...

Жалғасы »

Ардагер әкімдердің бастамасы

Сәрсенбі күні өткен Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің жиынында «Ардагер әкімдер алқасы» құрылды. Басқосуда сөз алған Ақтөбе қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахат Мырзалин: — Әкім — тәуелсіз Қазақстанымызда пайда болған аймақтық басшы және жергілікті мемлекеттік биліктің басқарушысы. Осы органның 25 жыл бойғы мәртебесі мен жұмыс жасау әдістері үнемі жетілдіріліп, мемлекет алдында тұрған  міндеттермен сәйкестендірілді. Сондықтан мемлекеттік аппараттарда жас мамандар өз рөлін ...

Жалғасы »

Өзара әріптестік жалғасуда

Орынбор облысымен бұрыннан қалыптасқан рухани байланыстар желісі одан әрі жалғасын тапты. Бұған дейін Орынбор облыстық «Оренбуржье» газетімен берік қарым-қатынас орнаған еді. Енді «Орская хроника» газетіндегі әріптестеріміз өзара тәжірибе алмасу үшін «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Орск қаласынан келген қонақтар редакцияны аралап, осындағы журналистермен ой бөлісті. Жаз мезгілінде серіктестікке қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тілшілері көршілес Орск қаласына медиаэкспедициямен барып, аталған ...

Жалғасы »

Облыстағы ең қарт адам Шалқарда тұрады

Шалқар ауданының Бегімбет ауылында облыстағы ең қарт адам тұрады. Жұрт Қарашолақ деп атайтын Құдайберген Дүзімовтің жасы 108-де. Құжатында 1909 жылдың 9 мамырында туған деп таңбаланыпты. Біз барғанда қария өз бөлмесінде демалып жатыр екен. Көзге бірден төрде ілулі тұрған мылтық түсті. Біз көріп жүрген көп қарудың бірі емес. Кейін білгеніміздей, бұл атақты Жарас мергеннің мылтығы болып шықты. Қарт әлі қуатты екен. ...

Жалғасы »