Daily Archives: 12 қазан 2017

Өндіріс орындарын аралады

«Aktobe Invest-2017» V халықаралық инвестициялық форумына қатысушылардың бірсыпырасы кеше Ақтөбедегі бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарды аралады. Форум қонақтары барған алғашқы өндіріс орны — «Қазақстан мұнай өнімдері жабдықтары» ЖШС.  Зауыт жылына 50 мың тонна өнім шығарады. Атап айтқанда, насосты-компрессорлық тұрбалар мен корпустық құбырлар, сондай-ақ, блоктық-жиынтықтамалы, бұрғылау қондырғыларын шығарады. Форумға келген биыл ғана пайдалануға берілген зауыттың ішкі жұмысымен танысып, өнім түрлерін өз көздерімен көрді. ...

Жалғасы »

Агроөнеркәсіп кешендерінің әлеуеті мығым

Халықаралық «Aktobe Invest-2017»  инвестициялық форумына қатысушылардың бір тобы мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі аясында жұмыс істеп жатқан агроөнеркәсіптік кешендердің жұмысымен танысты. Олар алдымен Алға қаласындағы «Ақтөбе ет  кластері» ЖШС-ына ат басын тіреді.  Қонақтарды жылы шыраймен күтіп алған кәсіпорын басшысы Вахтанги Джиджиешвили бірден ет  комбинатына бастады. — Біздің кәсіпорын мемлекеттік  үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында «Қазагроқаржы» АҚ-ның қаржылай қолдауымен пайдалануға берілді.Ет комбинаты 2015 ...

Жалғасы »

Әлеуметтік ғимараттармен танысты

«Aktobe Invest-2017» V халықаралық форумына қатысушылардың бір бөлігі Ақтөбедегі мемлекеттік және жекеменшік серіктестігі аясында салынып жатқан әлеуметтік ғимараттарды аралап көрді. Форумға қатысушылар алдымен Батыс-2 шағын ауданында салынған Жекпе-жек сарайын аралады.  Аталған спорт кешені бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында іске қосылды. Қаржыландырушы — «Нектар» өндірістік кооперативі. Жоба құны — 1,5 миллиард теңге. Мұнда болашақ чемпиондарды тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған.  Жастар спорттың ...

Жалғасы »

Форум жұмысы басталды

Жиырма елден келген 400-ден аса адам «Aktobe Invest-2017» форумына қатысады. Кеше Ақтөбеде «Aktobe Invest-2017» V халықаралық инвестициялық форумы басталды. Екі күндік форумның басты тақырыбы — «ЭКСПО-2017»: өңірлердің даму импульсі». Форумның негізгі пленарлық отырысы кезінде «ЭКСПО-2017» көрмесінде өңірдің экономикасын дамыту үшін ұсынылған жаңа технологияларды пайдалану мәселелері  талқыланатын болады. Белгілі болғандай, Ақтөбе — «ЭКСПО-2017» инновациясын енгізу жағынан өңірлер арасында көш басында тұрған ...

Жалғасы »

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қайтадан өріс алды

  Мемлекет басшысының халықтың өзекті мәселелерін шешу, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету бойынша тапсырмаларын орындау аясында облыста «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасын тапты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданында болған жұмыс сапары кезінде Тәңірберген, Мәртөк және Родников ауылдық округтерінде халықпен кездесу өткізді. Ауыл тұрғындары сауалдарын қойып, жеке өтініштерін айта отырып, кездесуге келген құзыретті тұлғалардан — құқық қорғау және ...

Жалғасы »

Сенбіде Тұңғыш Президент саябағына келіңіз!

Алдағы 14 қазанда сағат 15.00-де Тұңғыш Президент саябағында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» фестивалінің қорытындылау мерекелік шарасы өтеді. Негізгі саxна алдында көрікті киіз үйлер тігіліп, Ақтөбе қаласының ауылдық округтері қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі мен мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылады. Шара барысында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» фестивалінің жеңімпаздарын қала әкімі марапаттап, Қурайлы, Благодар, Новый, Сазды және Қарғалы ауылдық округтері өнерпаздарының гала-концерті болады. Құрметті ...

Жалғасы »

Үш округ: кеңес берді, медициналық көмек көрсетті

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету»  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру топтары Шалқар ауданының ауылдарын аралап, тұрғындармен кездесті. «Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша ауданымызға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Жекеев бастаған топ келіп, Жаңақоныс, Есет Көтібарұлы, Айшуақ ауылдық округтерінде болды. Топ құрамында аталған басқарманың бөлім басшысы Г.Сексенбаева, бас мамандары Л.Жұбандықова, Р.Қалжанов, А.Тәңірбергенова, сонымен қатар, «Мемлекеттік ...

Жалғасы »

Ауылдарда ахуал тұрақты

Елбасының халыққа арнаған Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қамтылған шаралардың жергілікті жерлерде жүзеге асырылуына қатысты көзделген шараларға байланысты Байғанин ауданының біраз елді мекендерін төрт күн бойы аралап, тұрғындармен кездесіп қайттық. Таяудағы кезеңде елдің, аймақтың алдында тұрған мәселелер Ел Президентінің  біздің облысымызға жұмыс сапары  кезінде, қаламызда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен  өткен «Туған жер» тұңғыш форумында жан-жақты қамтылғаны белгілі. ...

Жалғасы »

Мобильді топтар аудандарға шықты

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» Облыста  «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы бойынша жұмыс басталып кетті. Мобильді топтар 9 қазаннан бастап 4 қарашаға дейін Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында жұмыс жасайтын болады. Халықпен жұмыс жасауда басты назар, бұрынғыдай, өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, діни экстремизмнің алдын алуға, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіруге, өңірдегі бизнес ортаны дамытуға ...

Жалғасы »

Димаш қазпоштаның келбеті атанды

Ұлттық пошта операторы қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанын жариялады. — Аз ғана уақыт ішінде өз кәсіби саласында аса зор табысқа жетіп, музыка тарихына өшпестей етіп өз есімін жазған, әлемдік деңгейдегі жарық жұлдызымыз Димаш Құдайбергенмен ынтымақтастық байланыс орнатқанымызды қуана жеткіземін. Димашпен ынтымақтастығымыздың табысты да қызықты болатынына сенемін, — деді «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов. Димаш та «Қазпошта» ...

Жалғасы »