Daily Archives: 11 қазан 2017

«Тәуелсіз ел — мәңгілік ел!»

Конкурс! Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалы бұқаралық ақпарат құралдары арасында «Тәуелсіз ел — Мәңгілік ел» шығармашылық конкурсын жариялайды. Конкурстың мақсаты — Қазақстан тәуелсіздігінің жетістіктерін, Елбасы Жолдауларында белгіленген міндеттердің жүзеге асырылуын, облыс аумағындағы экономикалық-әлеуметтік жобалардың ел игілігіне пайдаланылуын жария ету мақсатын көздейді. Ең басты бағдар — Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттердің жүзеге асудағы нақты көрінісін насихаттау. Конкурсқа ...

Жалғасы »

Оңалту орталығы салынады

Конференция Мүмкіндігі шектеулі жандардың «Салтанат сарайы» мейрамханасында  «Ашық әлем» конференциясы өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Жиында «Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ұйымының төрайымы Құралай Бәйменова ұйымның атқарған жұмыстарын баяндап, облыс әкімдігі тарапынан мүгедек жандардың мәселесіне баса назар аударылып жатқанын айтып, алғысын білдірді. Облыстық  жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік ...

Жалғасы »

Инвестициялық жоба: тау-кен металлургия комбинаты құрылысы қолға алынды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мұғалжар ауданындағы тау-кен металлургия комбинатының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаның жүзеге асырылуымен танысты. Аталған жоба аясында Алтынды ауылында қуаттылығы жылына 5 миллион тонна алтын құрайтын руда өңдейтін алтын өндіру фабрикасы құрылысының дайындық жұмыстары жүргізілуде. Кен шығарылатын орынды іске қосу жоспарда бар. Жоба құны 148 миллиард теңгені құрайды. Бұл комбинат көлемі жағынан Қазақстан бойынша екінші орында болады ...

Жалғасы »

«Aktobe Invest-2017» жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Брифинг 12-13 қазанда Ақтөбеде өтетін «Aktobe Invest-2017» V халықаралық инвестициялық форумы облыстың инвестициялық имиджінің қалыптасуына оң ықпалын тигізеді. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте мәлім етілді. Биыл Ақтөбеде өтетін «Aktobe Invest-2017» V халықаралық инвестициялық форумына әлемнің 15 елінен 300-ден астам адам қатыспақ. Форумға қатысушылардың қатарында ел Үкіметі, министрліктер мен облыс әкімшіліктерінің, қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері мен отандық ...

Жалғасы »

Жылумен қамтамасыз ету уақытында жүзеге асады

2017-2018 жылғы жылыту маусымына қатысты мәселелер қаралған жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 15 қазанға дейін тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуді тапсырды. — 15 қазанға дейін барлық көп қабатты үйлерге жылу берілуі тиіс. Жылыту маусымына жауапты барлық басшыларға жеке жауапкершілік жүктелетінін ескертемін. Аудандардың әкімдері әлеуметтік мекенжайларға жылу берілу жайын көздерімен көріп, сұйық және қатты отын қорын қадағалауы тиіс, — деп атап көрсетті ...

Жалғасы »

Туған жер — әркімнің қасиетті мекені

 ФОРУМНАН СОҢ Елеусін САҒЫНДЫҚОВ, мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған еді. Осы бағдарлама аясында елімізде бірінші рет қыркүйек айының соңғы онкүндігінде Ақтөбе қаласында ауқымы зор форум өтті. Бұл мерейімізді асырып, бірлігімізді паш еткен жиын болды. Дүниенің төрт бұрышынан келген — әлемнің жиырмадан ...

Жалғасы »

Алдыңғы буын — бізге үлгі

ФОРУМНАН СОҢ Құралай ШӘРІПОВА, ҚР Президенті Іс басқармасы медициналық орталығы емханасының қызметкері, дәрігер-уролог Біздің туған өңірімізде ұйымдастырылған бұл шара бәрімізге әсер етті, жүрек толқытты. «Менің қолымнан қандай көмек келеді?» деген сауал көкейімізге оралды. Әрине, туған жерге бүйрегі бұрмайтын, оның жақсылығына қуанбайтын, қиындығына күйзелмейтін адам болмайды. Мені Ақтөбе өңірінің бүгінгі дамуы, болашағы ерекше қуантады. Кеше ғана алпыс жылдығын атап өткен Марат ...

Жалғасы »

Бетпе-бет жүздесулер

Ақпараттық-насихат тобы Байғанин ауданына жолға шықты. Дүйсенбі күні топ мүшелері Ақжар, Қаратөбе, Лақтыбай ауылдары тұрғындарымен, сондай-ақ аудан аумағында жұмыс істейтін мұнай компаниялары ұжымдарымен кездесті. Аталған топ құрамында шығармашылық интеллигенция өкілдері, еңбек ардагерлері бар. Президент Жолдаулары, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы әңгіменің басты арқауына айналды. Сондай-ақ елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мәні кеңінен түсіндірілді. Тұрғындар осы ...

Жалғасы »

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік: 61 жоба, 29,5 миллиард теңге

  Кеше облыстық мәслихатта депутат Аркадий Нидің төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жай-күйі және даму перспективалары туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша «Ақтөбе облысының мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің өңірлік орталығы» ...

Жалғасы »

«Сақалды құрылыстар» жіті бақылауда болады

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен қалалық әкімдікте құрылысы ұзаққа созылған ғимараттардың мәселесі жөнінде жиналыс өтті. Оған облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, прокуратура, жергілікті полиция қызметінің өкілдері қатысты. Жиында Ілияс Испанов аталған ғимараттардың құрылысының өз уақытында аяқталып, пайдалануға берілуі маңызды мәселе екенін, мәселенің шешім табуы қала сәулетінің жақсаруына, жаңа жұмыс орындарының ашылып, салықтың түсуіне әсер ететінін айтты. Өз сөзінде І.Испанов ...

Жалғасы »