Daily Archives: 9 қазан 2017

Су қоймаларының әзірлігін тексерді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі су қоймаларының жағдайы мен олардың алдағы көктемге дайындығын тексерді. Биылғы көктемде Ақтөбе қаласының айналасындағы тұрғындар су тасқыны салдарынан зардап шеккен еді, тексеріс алда осындай төтенше жағдайды болдырмау мақсатында жасалды. Сазды су қоймасына бармас бұрын, облыс әкімі Сазды өзені маңындағы саяжайлар тұрғындарымен кездесті.Олар бұрын өздерін толғандырған бірқатар мәселелерді әкімдікке жеткізген еді. Кездесуде жобалаушылар, мердігерлер мен қала ...

Жалғасы »

Алға ауданының күні өтті

 «Туған жерім — нұрлы елім» «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Ақтөбе қаласында Алға ауданының күндері өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, қатысты. Таза өнім, арзан баға Алға ауданының күндері ауылшаруашылық жәрмеңкесінен басталды. «Табыс» коммуналдық базарында өткен жәрмеңкеге облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин келіп, алғалықтар әкелген ауылшаруашылық өнімдерін көріп, ...

Жалғасы »

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

5 қазан — Дүниежүзілік ұстаздар күні мерекесінде облыстағы педагогтерге құрмет көрсетілді. Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында салтанатты түрде өткен жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Сондай-ақ, шараға 400-ге жуық мұғалім жиналды. Жиында алдымен сөз алған Бердібек Сапарбаев елімізде мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басынан өткерген қандай қиын кезде де педагогтердің жағдайы үшін, білім ...

Жалғасы »

«Жұлдыздар үйі» ашылды

Кеше Ақтөбе қаласында «Жұлдыздар үйі» ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Шығармашылығын дамытқысы келетін жеткіншектерге арналған орталықтың өкілдері отандық кинематография, музыка, т.б. салалардың болашақ жұлдыздарын тәрбиелейтініне бек үмітті. Кішкентай өнерпаздар дайындалатын орталық ғимаратының жалпы аумағы — 800 шаршы метр. Мұнда ұл-қыздар ән айтып, билеп, бір сөзбен айтқанда, шығармашылықпен айналыса алады. Ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев: —  Бүгін біздің қаламызда ...

Жалғасы »

Облыстың әрбір тұрғыны сезінуі тиіс жоба

9 қазаннан бастап Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысын бастайды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен жобаны іске асыруға арналған мәжіліс  өтті. Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында бір ай көлемінде мамандар тобы жұмыс жасайтын болады.  Әдеттегідей, халықпен жұмыс жасағанда маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу, діни экстремизмнің алдын алу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын ...

Жалғасы »

Медициналық университетке — 60 жыл

Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холда М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің 60 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев,  Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Төреғали Шарманов, белгілі ғалым, республикалық трансплантология орталығының директоры Жақсылық Досқалиев, Марат Оспанов атындағы қордың президенті, қайраткердің жары Бақыт Оспанова және еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен АҚШ, Швеция, Италия, Польшадан келген ...

Жалғасы »

Жаңа мектептердің құрылысымен танысты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы Болашақ шағын ауданы мен Ақшат-2 ауылындағы мектептердің құрылысымен танысты. Жаңа білім беру ғимараттары «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынып жатыр.  Ақшат-2 ауылында заман талабына сай мектептің құрылысы  жүргізілуде. Сыйымдылғы 300 орындық білім шаңырағының жалпы аумағы — 6,4 мың шаршы метр. Жоба құны 900 миллион теңгеден асады. Бұл мектепті осы жылдың желтоқсан айында ...

Жалғасы »

Алғашқы ағынды бекет іске қосылды

Ақтөбе қаласында алғашқы ағынды бекет өз жұмысын бастады. Кірпішті ауылында орналасқан осы жаңа нысанды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көріп  қайтты. «Ақбұлақ» акционерлік қоғамы президенті Асан Ыбыраевтың мәлімдеуінше,  Ақтөбе қаласы тұрғындарының 20  пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған үйлерде тұрады және септик деп аталатын әжетқұдықтарды пайдаланады. Сондықтан аталған ағынды бекетті іске қосу өте маңызды.  Себебі оның қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға қосатын үлесі ...

Жалғасы »

Ақтөбеде халықаралық робототехника фестивалі өтті

6-7 қазанда Ақтөбе қаласындағы Жекпе-жек сарайында «KazRobotics-2017» халықаралық робототехника фестивалі ұйымдастырылды. Облыс әкімінің қолдауымен өткен шара аясында «KazRoboSport-2017» республикалық ғылыми-техникалық жобалар конкурсының финалдық туры ұйымдастырылды.   Робототехника — елімізде енді ғана дамып келе жатқан инновациялық сала. Әлемдегі Жапония, Германия, АҚШ, Корея сынды елдерде аталған сала жоғары деңгейде дамыған. Бұл елдерде робототехниканың үздік жетістіктері ғылымда, өндірісте кеңінен қолданылады. Бүгінде робототехника саласы ...

Жалғасы »

Ұжымның ықыласы

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС облыстық газет ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. «Қарты бар үй — қазыналы үй» — дейді қазақ.  «Шамшырақ-Ақтөбе» де — қазыналы шаңырақ.  ЖШС құрамындағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің ұжымдары өз ардагерлерін ешқашан ұмытқан емес. Наурыз мерекесінде, Баспасөз күнінде аға буынға ықылас көрсетілген болатын. Қарттар күнінде де ЖШС басшылығы барлық 36 ардагерге құттықтау хаты мен сыйлықтар жіберіп,  құттықтады. — Әріптестерімнің ...

Жалғасы »