Daily Archives: 5 қазан 2017

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Ақтөбе — Қазақстандағы ең бір өркендеп, өсіп келе жатқан өңір

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді. Мемлекет басшысы ірі өндіріс орындарын аралап, жаңадан салынған әлеуметтік нысандармен танысты. Жұртшылықпен жүздесіп, емен-жарқын әңгімелесті.                                

Жалғасы »

Озық елдерге экспортталады

Президенттің жұмыс бағдарламасындағы алғашқы нысан – «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамына қарасты Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №4 цехы болды. Мемлекет басшысына 2014 жылы іске қосылған ірі кәсіпорынның қызметі туралы баяндалды. Сонымен қатар, «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының даму келешегі жөнінде хабардар етілді. Құны 126,4 миллиард теңге болатын бұл жоба жоғары көміртекті феррохром өндіруді арттыру үшін трансұлттық компания стратегиясының бөлігі ретінде жүзеге асырылған. №4 ...

Жалғасы »

Баламасы жоқ зауыт

Әрі қарай Елбасы  республикалық индустрияландыру картасының ірі жобаларының бірі — «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметімен танысты. Кәсіпорын — ЕЭК аумағындағы «Р-65» стандартындағы ұзын өлшемді (120 м) ыстыққа бейімделген теміржол  рельстерін шығаратын бірегей өндіруші. 2018 жылы зауыт толық жобалық қуатымен жұмыс істей бастағанда  жылына 430 мың тонна прокат, соның ішінде жоғары жылдамдықтағы магистральдар үшін 200 мың тонна ыстыққа бейімделген ...

Жалғасы »

Шығармашылық академиясы және облыстың мүмкіндіктері

Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынған Шығармашылық академиясына барды. Мемлекет басшысын шығармашылық үйірмесінің мүшелері дәлізде күтіп алып, Елбасына арнаған өлеңдерін оқып, шынайы ризашылықтарын білдірді. Бұдан кейін Елбасы орталықтағы көрермендер залын көріп, жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Мемлекет басшысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев академияның жұмысы туралы баяндап берді. Елбасы орталықтағы теле, радио студияларын, қыш-құмыра шеберханасын, ІТ технология кабинетін, робототехника, автомодель, аэромодель, кеме ...

Жалғасы »

Мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады

2016 жылдың қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын әзірлеуді тапсырған еді. Кеше Ақтөбеге жұмыс сапары барысында Елбасы «Нұр Ақтөбе» ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үй кешенінде болды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысына Ақтөбе өңірінде «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндады. — «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ...

Жалғасы »

«Ақтөбенің болашағы зор»

Мемлекет басшысы Ақтөбедегі жаңа Өнер орталығын аралап көрді. Өнер орталығының ғимараты «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамының қаржысына салынған. Орталықтағы бірегей концерттік зал 1200 адамға арналған. Мұнда көпшілік қатысатын іс-шаралар мен шығармашылық концерттер өткізілетін болады. Қазақстан Президентіне облыстық филармонияның шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін көрсетті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Өнер орталығының қызметкерлерімен кездесті. Олар Елбасына батыс өңірдегі ең ірі концерттік зал үшін шексіз алғыстарын білдірді. ...

Жалғасы »

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Ақтөбе инновация орталығы болуы тиіс

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйін аралап, осы жерде  зиялы қауым өкілдері және кәсіпкерлермен, әдебиет, өнер адамдарымен, қоғамдық ұйым мүшелерімен кездесті. Батыс-2 ауданында бой түзеген «Жұбановтар әлемі» шығармашылық үйі атақты Жұбановтар әулетінің шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ дарынды балаларды оқыту мақсатымен салынды. Мемлекет басшысына бұл ғимараттың құрылысы жеке адамдардың қаржысы арқылы жүргізілгені баяндалды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Елбасыға еліміздің ...

Жалғасы »

Мұғалім мәртебесі — ел мерейі

5 қазан — Дүниежүзілік мұғалімдер күні Бүгін — Дүниежүзілік мұғалімдер күні. Әлемнің 100-ден астам елі дәл осы күні ұстаздар мерекесін тойлайды. Ұлт болашағын тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосатын ұстаздар қашанда үлкен құрметке, зор қолдауға лайық. Облыс мектептерінде жалпы 17 129 педагог еңбек етеді. Олардың 2644-і — жоғары санатты (15,4 пайыз), 4659-ы — І санатты (27,2 пайыз). Жоғары санатты мұғалімдер жөнінен Ақтөбе қаласы ...

Жалғасы »

Өнегелі өмір

Анам Тасқира Камашева 40 жылға жуық білім саласында жемісті еңбек етті. Ұлағатты ұстаздан тәлім-тәрбие, өнеге алғандарын шәкірттері мақтанышпен айтады. Ол 1937 жылы қазанның 4-і күні Темірде дүниеге келді. Яғни, кеше анам 80 жасқа толды. Ол 1954 жылы Темір қазақ мектебін бітірген соң, сол жылы Алматыдағы Қазақ педагогикалық институтының жаратылыстану факультетіне оқуға түсті. 1960 жылы институтты бітіріп, еңбек жолын Темір қазақ ...

Жалғасы »

Ізденіс іздері

5 қазан — Дүниежүзілік мұғалімдер күні Үнемі ізденіс үстінде жүретін, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаз — Балия Жолаева. Ол — мектебіміздің мақтанышы. Ата-аналар да, оқушылар да оның еңбегін жоғары бағалап, құрметтейді.    Мұғалім — мәртебелі әрі қоғамның ауыр жүгін арқалаған жауапты мамандық. «Ұстаздық ету — өзіңнің жаныңды, барыңды, уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жер үстінде адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс ...

Жалғасы »