Daily Archives: 4 қазан 2017

Биыл 330 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналастырылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлуді тапсырды. Облыс әкімдігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында мүмкіндігі шектеулі жандарды қозғалыс құралдарымен қамтамасыз ету мен оңалтуға байланысты мәселелер талқыланды. Облыста мүмкіндігі шектеулі 24 мың азамат тұрса, оның үш мыңы — балалар. Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаровтың айтуынша, мүгедектерді қозғалыс құралдарымен, ...

Жалғасы »

«Қарттарым, аман-сау жүрші»

Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласындағы «Салтанат сарайы» мейрамханасында Халықаралық қарттар күніне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ардагерлермен мерекелік дастарқан басында кездесті. Дастарқанға шақырылғандардың басым бөлігі — облыстық ардагерлер кеңесі мен «Ардагер» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Жалпы бүгінгі күні облыста 88 мың зейнеткер бар. Олардың 90-ы Ұлы Отан соғысының ардагері болса, 7 мыңнан астамы — тылда еңбек еткендер. Шарада облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ...

Жалғасы »

Ақтөбеде «Аktobe invest-2017» V халықаралық форумы өтеді

Брифинг 12-13 қазанда Ақтөбеде өтетін «Aktobe Invest-2017» V халықаралық форумына 15 елден 300-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Форумға қатысушылардың қатарында ел Үкіметі, министрліктер мен облыс әкімшіліктерінің, қазақстандық және халықаралық қаржы институттарының өкілдері мен отандық және шетелдік кәсіпкерлер болмақ. Қ.Бекеновтің айтуынша, бүгінгі таңда форумға қатысуға ықылас білдіргендердің ...

Жалғасы »

Қарияларға құрмет көрсетті

Ақтөбеде Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Қала әкімі Ілияс Испанов соғыс ардагері Ж.Қуатованы, тыл еңбеккерлері С.Балюраны және Х.Бекмұхамбетованы, 100 жастағы қала тұрғыны Ж.Бисенғалиеваны мерекелерімен құттықтады. Қала әкімі оларға зор денсаулық, қуаныш пен мерекелік көңіл күй тіледі. Сонымен бірге қалада Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар, кездесулер, концерттік бағдарламалар, жастар акциясы өткізілді. Еңбек ұжымдарында, мекемелер мен ұйымдарда соғыс және еңбек ...

Жалғасы »

Тұмаудан сақтан!

Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тұмаудың алдын алу және вакцинациялауға  байланысты баспасөз жиынын өткізді. Департамент басшысының орынбасары Мұхтар Сербаев аурудың жұғу жолдарын айтты. Тұмау — тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Ауру адамнан адамға жөтелгенде, түшкіргенде ауа тамшылары арқылы жұғады.  Тұмаудың инкубациялық кезеңі бірнеше сағаттан жеті күнге дейін созылады. Аурудың басталуы жедел интоксикация синдромымен сипатталады. Бірнеше сағат ішінде дене температурасы 39-40 градусқа ...

Жалғасы »

Сайлау: кандидаттар ұсыну мерзімі аяқталды

Облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды ұсынудың мерзімінің аяқталуына байланысты облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнара Күнбаева брифинг өткізді. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 41-бабының 4-тармағына сәйкес, облыстық мәслихаттың (№28 Қобда сайлау округі), қалалық мәслихаттың (№11, №13, №17,№22 округтер), Алға аудандық (№6 округ), Байғанин аудандық (№2 округ), Мәртөк аудандық (№9 округ), Ойыл аудандық (№7 округ), Хромтау аудандық ...

Жалғасы »

Қыркүйектегі келелі істер

Күз келді. Бұл мезгілдің алғашқы айы — қыркүйек нағыз  қарбалас шақ. Ай басталысымен оқушылар мектепке, студенттер колледж, университетке барады. Оларды сабаққа әзірлеу — үлкен жұмыс. Сондай-ақ, бұл айда әсіресе, қырда  маусымдық жұмыстар көбейеді: жиын-терін басталады. Яғни жаз бойғы еңбектің жемісін жейтін, игілігін көретін кез. Қыркүйек айында облыста аз шаруа тындырылған жоқ. Ауқымды істер қолға алынды. Осылардың бастыларына тоқталғанды жөн көрдік. ...

Жалғасы »

Жемісті жылдар

Облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова — еліміздің дамуына үлкен үлес қосып, жоғары кәсібилік пен іскерліктің үлгісін көрсетіп жүрген нәзік жанды қайраткерлердің бірі. Еңбек жолын сонау 1976 жылы аға тәлімгер, бастауыш сынып мұғалімі қызметтерінен бастаған Сәния Мұсақызы ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Ол 1980-1988 жылдары комсомол ұйымдарында қызмет жасаса, 1988 жылдан бастап 1999 жылға дейін атқарушы билік органдарында, ...

Жалғасы »

«Мектепке жол»: биыл 21 376 балаға көмек көрсетілді

Биыл 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында өткен «Мектепке жол» акциясы аясында облыста 21 376 балаға 150 185,6 млн теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Бұл туралы кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова хабарлады. Оның айтуынша, аталған жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл елімізде тоғызыншы рет ұйымдастырылған. Биыл акция «Менің таңдауым — балаларға көмек көрсету» деген ұранмен өткізілді. Акция барысында ...

Жалғасы »

Қарттар мен мүгедектерге медициналық көмек көрсетілді

«Қарттарым, аман-саумысың?» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі тұрғындарына дәрігерлердің қабылдауын ұйымдастырып, «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қарияларға концерттік бағдарлама ұсынды. Интернат үйінің тұрғындарын М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің профессорлары, жоғары санатты дәрігерлер қабылдады. Қабылдау кезінде көз дәрігері, невропатолог, кардиолог дәрігерлерге қаралған қариялардың саны көп болды. Олардың анықтамалық кітапшалары алынып, науқастардың ...

Жалғасы »