Daily Archives: 1 қазан 2017

Ләззат Ақтаева, ҚР денсаулық сақтау вице министрі: Ақтөбе денсаулық сақтау саласын дамытуда алда келеді

«Туған жер» форумы аясында «Аймақтық денсаулық сақтауды модернизациялау. Негізгі бағыттар. Медициналық кластердің бір жылдығын қорытындылау» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Былтыр облыста «Ұлт жоспары —100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру  барысында еліміздің батыс өңірі тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық кластер құрылған болатын. Мақсат —  жоғары халықаралық стандарттарға, алдыңғы қатарлы медициналық және басқару технологияларына сай халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған денсаулық секторын ...

Жалғасы »

Чемпиондар батасын берді

Өткен жұма күні Олимпиада чемпиондары — Жақсылық Үшкемпіров, Ермахан Ибраимов, Юрий Мельниченколар бастаған даңқты спортшылар  еркін және әйелдер күресінен республикалық турнирдің ашылуына қатысты. Байрақты бәсеке республикалық «Туған жер» форумы аясында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 95 жылдығына орайластырылды. Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында ұйымдастырылған спорттық сайысқа 2001-2003 жылғы жасөспірімдер жиналды. Олардың жалпы саны — 200-ден астам. Жарысқа еліміздің барлық ...

Жалғасы »

Серік Ақшолақов жұлын ісігіне ота жасады

«Туған жер» форумы аясында «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы, медицина ғылымының докторы, профессор Серік Ақшолақов жұлын ісігіне шалдыққан екі науқасқа ота жасады. Медицинаның ең бір күрделі де қиын саласы —  нейрохирургия. Бұл саланың қыр-сырын жетік меңгерген ғалым науқастарға ота жасап, кеңес берді. — Ұлттық нейрохирургия орталығы Ақтөбе облысымен тығыз байланыста жұмыс істейді. Себебі орталық мамандары жаңа технологиямен жұмыс істеу әдісін ...

Жалғасы »

Алғаш рет мәйіт донорлығы бойынша бауыр ауыстырылды

«Туған жер» форумы аясында Ақтөбеде алғаш рет мәйіт донорлығы бойынша бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Отаны ҚР Ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, профессор, медицина ғылымының докторы  Жақсылық Досқалиев бастаған ақтөбелік хирургтер жасады. — Ақтөбеде үлкен шара ұйымдастырылып отыр. Форумның мақсаты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға негізделген. Бұндай шара осы жерде туып-өскен азаматтардың туған жеріне деген перзенттік парызын орындауға мүмкіндік береді. ...

Жалғасы »

Баласына бауырын берді

«Туған жер» форумы аясында Ақтөбеде алғаш рет 12 жастағы баланың бауыры ауыстырылды. Операция Сеул ұлттық университетінің профессоры Кванг Вунг Ли және ҚР ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы Жақсылық Досқалиевтің қатысуымен жасалды. Облыстың бас хирургі Ерлан Сұлтангереевтің айтуынша, бұндай ота Ақтөбеде алғаш рет жасалып отыр. 12 жастағы қыз бала туабітті бауыр дертіне шалдыққан. Бауыр өз қызметін дұрыс атқармағандықтан жүргізілген ...

Жалғасы »

Түлектермен кездесті

«Туған жер» форумы аясында Ақтөбеге келген М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің түлектері Аққағаз Досжанова атындағы конгресс-холда студенттермен кездесті. Кездесуге ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева мен университет түлектері Раиса Салмағанбетова, Сәлім Беркімбаев, Сәрсен Қобландин келді. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев ғалымдардың қадамына сәттілік тілеп, форумның негізгі мақсаты жерлестердің басын қосу екенін айтты. Ләззат Ақтаева университеттен жыл сайын ...

Жалғасы »

Университеттегі жүздесулер

Республикалық «Туған жер» форумы аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде көптеген кездесулер өтті. 28 қыркүйек күні Мәжіліс залында «Ел мақтаныштары» атты жиын ұйымдастырылды. Университет студенттері Олимпиада чемпиондарымен кездесті. Кездесуге Мәскеу Олимпиадасының чемпионы, 1981 жылғы әлем чемпионы, қазақтың даңқты палуаны Жақсылық Үшкемпіров, тағы бір даңқты палуанымыз, Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко, Сидней Олимпиадасының чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов, 2003 жылғы әлемчемпионы, ...

Жалғасы »

Оқырмандармен бенефис-сұхбат жасады

Жұма күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Туған жер» республикалық форумы аясында белгілі жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлымен «Дара тұлға — тура жол» атты бенефис-сұхбат өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Шарада сатирик-жазушы Төрежан Мәндібай, белгілі ақын, көсемсөз шебері, «Адырна» республикалық әдеби журналының бас редакторы Мейірхан ...

Жалғасы »

Банкир берген жоғары баға

«Даму» кәсіпкерлікті қолдау орталығының кеңсесінде «Туған жер» республикалық жерлестер форумының құрметті қонағы ретінде келген «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Заировпен кездесу өтті. Жергілікті билік өкілдері, кәсіпкерлердің қатысуымен өткен кездесу еркін форматта ұйымдастырылды. Бүгінде «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқаратын Марат Заиров — Ақтөбенің перзенті. 1985 жылы Ақтөбе қаласындағы №11 орта мектепті алтын медальмен тәмамдаған ол сол жылы М.Ломоносов ...

Жалғасы »

Сағи ақынмен сырласу

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Туған жер» республикалық форумы аясында «Сағи ақынның сырласы» атты кездесу кеші өтті. Шараға ақын әуелі Сағи Жиенбаевтың зайыбы Өзипа Жиенбаева, белгілі жазушы, жерлесіміз Қажығали Мұхамбетқалиұлы, белгілі ақындар Ертай Ашықбаев, Жақсылық Айжанұлы, сондай-ақ кітапхана оқырмандары  қатысты. Кездесу кешінде Сағи Жиенбаев туралы деректі фильм көрсетіліп, көрермендер ақын өмірінен алынған шағын қойылымды тамашалады. Шарада Сағи Жиенбаев туралы Қазақстан ...

Жалғасы »