Басты бет » 2017 » қазан

Monthly Archives: қазан 2017

Ақтөбе — бизнеске қолайлы өңір

Елбасы жүктеген міндеттердің аймақтарда орындалу барысын БАҚ өкілдеріне баяндау үшін Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Облыс әкімі Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясындағы облыстың жетістіктері мен тоғыз айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуды баяндады. — Елбасы тапсырмасына сәйкес мемлекетімізде жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың нәтижесінде  және Үкіметтің қолдауымен тоғыз ...

Жалғасы »

14 депутат сайланды

29 қазанда елімізде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына жаңа депутаттар сайланды. Сайлау қорытындыларын кеше өткен брифингте облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева хабарлады. Сайлау барысында біздің аймақ бойынша: облыстық мәслихатқа — 1 депутат; Ақтөбе қалалық және Хромтау аудандық мәслихатына 4 депутаттан, сондай-ақ, тағы бес аудандық — Ойыл, Алға, Қарғалы, Байғанин, Мәртөк — мәслихатқа 1 депутаттан, яғни барлығы 14 депутат сайланған. ...

Жалғасы »

Облыста 14 084 оқушыға ыстық тамақ тегін беріледі

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен оқушылардың ыстық тамақпен қамтылу мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиынға мемлекеттік мекемелердің басшылары, аудан әкімдері мен мектеп директорлары қатысты. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Руслан Бегімбетов баяндады. Оның айтуынша, биыл 404 мектептің 376-сында оқушылар ыстық тамақпен қамтылған.  Аталған мектептердің ішінде 290-ы ауылдарда болса, 86-сы — қала мектептері. 133 648 оқушының 129 900-іне (97,1%) ...

Жалғасы »

Тоғыз айдың түйіні

Брифинг Өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қатар дамып келе жатқан Хромтау өңірінде бүгінгі күні қай салада да ілгерілеушіліктер байқалады. Мәселен, өткен тоғыз ай ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 103,6 пайыз құрап, 187 миллиард 401 миллион теңгеге жетті. Негізгі қорға инвестиция тарту 25 миллиард 917 миллион теңге аумағында болып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы іске 2 миллиард теңге тартылды. «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен ...

Жалғасы »

Қобдада жер телімін алуға кезек жоқ

Брифинг Жақында ғана «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өткен аудан күндерін қобдалықтар табысты өткізіп, биіктен көріне білді. Елбасының «Туған жер» бағдарламасының Қобда ауданында белсенді жүзеге асырылып жатқанына алқалы қауым тағы да көз жеткізді. Кеше «Ақтөбе ақпарат» орталығында аудан әкімінің орынбасары Болат Құлов баспасөз мәслихатын өткізіп, үстіміздегі жылдың тоғыз айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және болжамдық көрсеткіштердің орындалуы туралы айтқанда, ...

Жалғасы »

Бәріміз де мүдделіміз бұл іске

Форумнан соң «Туған жер» республикалық форумының өтуі маған көп ой салды. Кіндік қаның тамып, балалығың өткен ыстық мекенді күнде көріп жүрсең де, шалғай кетсең де, бәрібір жүрегіңде жылылық орнап, қимас күйді бастан өткеретінің бар. Сонау жетпісінші жылдары алып құрылыс — Қарғалы су қоймасын салған кезде біздің жалаң аяғымыздың табы қалған жер соның астында қалды. Елдің игілігі үшін істелген шаруа ғой, ...

Жалғасы »

Игі жоба – биік мақсат

Жаңа әліпби Осы жылдың ең басты жаңалығы — латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа әліпбиінің бекітілуі және латын қарпіне 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшу тапсырмасының жүктелуі. Кейбіреулер латын графикасына көшу арқылы өркениетті елдермен иық теңестіреміз десе, енді біреулер кемшін тұстарын айтып өз ойларын білдіруде. Халықаралық стандарт бойынша сөздеріміз кез келген тілде ұлттық нормаға сай бірдей оқылатын болса ғана ең тиімді ...

Жалғасы »

Жаңа үйге газ берілді

Анық-қанық Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Хайдар Ермашев Батыс-2 ауданындағы №12А көп қабатты тұрғын үйін газбен қамтамасыз етуге байланысты ақпарат берді. Батыс-2 ауданындағы 9 қабатты 54 пәтерлі тұрғын үйді биылғы жылы «Соллерс» ЖШС салған. Қазіргі таңда газбен қамту жұмыстары жүріп жатыр. — Тұрғын үй жылумен, электр тогымен, салқын және ыстық сумен қамтамасыз етілді. 54 пәтердің 27-сі тұрғын үй жинақ ...

Жалғасы »

Қызмет ережеге сай жүргізілуі тиіс

Дөңгелек үстел Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және тұрғын үй салалары бойынша  мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлықпен күрес, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы облыс әкімдігінде өткен дөңгелек үстел басында айтылды. Күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты құзырлы орган басшыларының есебі тыңдалды. Басқосуды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті ұйымдастырды. Дөңгел үстел отырысы барысында мемлекеттік қызметтің ашықтығы, шынайылығы, сыбайлас ...

Жалғасы »

Қазандағы қарымды істер

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан бері қазан айы қарттарға құрмет көрсетуден басталады. Себебі Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешіміне сәйкес, 1991 жылдың 1 қазаны Халықаралық қарттар күні ретінде аталып өтеді. Бүгінгі күні облыста 88 мың зейнеткер бар. Олардың 90-ы — Ұлы Отан соғысының ардагері, 7 мыңнан астамы — тыл еңбеккері. Сол сияқты, 5 қазан мәртебелі маман иелері — Мұғалімдер күні. Әлемнің ...

Жалғасы »