Daily Archives: 17 қыркүйек 2017

Мұғалжар ауданының күндері өтті

«ТУҒАН ЖЕРІМ — НҰРЛЫ ЕЛІМ» Өткен жұма, сенбі күндері «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында Мұғалжар ауданының күндеріне арналған бірнеше шаралар өтіп, кешқұрым Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында қорытынды гала-концерт ұйымдастырылды. Аудан күндеріне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.  Қ.Жұбановқа құрмет Мұғалжар ауданының күндері Құдайберген Жұбановтың университет алдындағы ескерткішіне ...

Жалғасы »

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданында болды

Сенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Әйтеке би ауданында болды. Бердібек Сапарбаев Қарабұтақ ауылдық округінде жақында ғана күрделі жөндеу жүргізілген «Жастық» стадионының ашылуына қатысты. 1989 жылы салынған спорт нысаны пайдалануға берілгелі жөндеу көрмепті. Облыс әкімінің жергілікті халықпен бұдан бұрынғы кездесулерінің бірінде тұрғындар осы мәселені көтеріп, қолдау көрсетуін сұраған болатын. Нәтижесінде, өткен жылы осы мақсатқа бюджеттен 119 миллион  теңге ...

Жалғасы »

Тәжірибе алмасты

Мәртөк ауданындағы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысын аудан әкімдері мен басқарма басшылары көріп қайтты. Делегация алдымен Сарыжар ауылдық округіндегі 320 орындық орта мектептің құрылысымен танысты. Құрылыс биыл наурыз айында басталған болатын. Жоспар бойынша қараша айында аяқталуы тиіс. Жұмсалған қаржы көлемі — 748 миллион теңге. Жаңа мектеп «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша газ  және электр энергиясымен қамтамасыз етілмек. Осы ...

Жалғасы »

«Жігер-2017»: республикалық лагерь жұмысы қорытындыланды

Өткен жұма күні Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институтының ғимаратында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым өтті. Оған ҚР Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов, атқарушы билік өкілдері, сала мамандары мен курсанттар қатысты. Шараның өзі республикалық «Жігер-2017» әскери-патриоттық лагерінің жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды. Аталған лагерь осы жылдың 10-15 қыркүйек күндері ...

Жалғасы »

400 тәртіп бұзушы айыппұл төледі

Сенбілік Ақтөбе қаласында күзгі сенбіліктер жалғасуда. Қаладағы 60 көше бекітіліп берілген 14 мобилдік топ күн сайын бекітілген аумақта жұмыс жасайды. Сонымен қатар, олар қаланың көріктендіру ережелерін және санитарлық тәртібін қадағалайды. Мобилдік топтар облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес қала әкімінің өкімімен құрылды. Мысалға, өткен сенбіде №3 мобилдік топ өзіне бекітілген Әбілқайыр хан даңғылының аумақ шекарасында, М. Оспанов көшесінен Пацаев көшесіне ...

Жалғасы »

Түлектер сертификат алды

ҚР Қарулы Күштерінің әскери-техникалық мектебінің Ақтөбе филиалында жуырда әскери Ант қабылдау және сертификаттар беру салтанаты өтті.  Алдымен еліміздің Гимні ойнатылып, қатысушылар тік тұрып Әнұран айтты. Одан соң бір топ оқытушыға «Жеткен жетістігі үшін» медалі мен мақтау қағаздары табысталды. Биылғы 15 маусым-15 қыркүйек аралығында мұнда көп мақсатты шынжыр табанды жеңіл брондалған тартқыш көлігінің жүргізушісі мамандығына 18-26 жас аралығындағы 60 адам оқыған. ...

Жалғасы »

«Рухани жаңғыру» атты флешмоб өтті

Ақтөбелік жастар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында флешмоб өткізді. «Рухани жаңғыру» атты жастар флешмобы Ақтөбедегі ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Шара патриоттық әндермен басталды. Ақ және қызғылт сары түсті киініп, ашық аспан астында көк туымызды биікке желбірете шыққан жастардың жүздерінен ерекше әсерде екендіктерін байқадық. Флешмобқа жоғары ...

Жалғасы »

Рейдтік тексеріс күн сайын жүреді

«Туған жер» Сенбі күні облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов қаладағы басқарушы компаниялар мен бірқатар басқарма басшылары, құқық қорғау органдары өкілдерінің басын қосып, жиын өткізді. Жиында «Туған жер» форумына қаланы көркейту, абаттандыру мәселесіне қатысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысы тыңдалды. Жиынға дейін жергілікті атқарушы органның мүшелері қаладағы бірқатар әлеуметтік ғимараттардың көркейту жұмысына қатысты атқарған жұмыстарын тексерді. Себебі, аймақта көркейту, абаттандыру, санитарлық тазалауға ...

Жалғасы »

29 қазанда шығып қалғандар орнына депутаттар сайланады

2017 жылғы 15 қыркүйекте облыстық сайлау комиссиясы шығып қалғандардың орнына мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңестің жұмысына аумақтық және округтік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес, шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың депутаттарын сайлау облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 25 тамыздағы қаулысымен белгіленді. Сайлау облыстық 1 сайлау округі, Ақтөбе қаласының 4 ...

Жалғасы »