Daily Archives: 11 қыркүйек 2017

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Дүниежүзі көз тіккен ЭКСПО беделімізді биіктетті, рухымызды асқақтатты

Кеше Елорда төрінде 115 ел мен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысқан дүниежүзілік шараның салтанатты жабылу рәсімі болды. Театрландырылған шоуға екі мыңнан астам адам қатысты. Осыдан тура үш ай бұрын көрме  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ЭКСПО-2017» қалашығында бірқатар мемлекет басшылары мен премьер-министрлерін қарсы алуымен басталған еді. Салтанатты ашылу рәсіміндегі мәртебелі меймандардың қатарында Ресей, Қытай, Қырғызстан, Беларусь, Түрікменстан, Чехия, Армения, Өзбекстан, Сербия, Үндістан, ...

Жалғасы »

Көне Көкжардың жаңғыруы

8-9 қыркүйек  күндері Ойыл ауданының орталығында Ұлы Жібек жолындағы  жаңғырған Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығы ерекше атап өтілді. Оған Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан қонақтар келді. Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдығына арналған салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, мерекеге қатысушыларды құттықтады. — Осы жылы біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» — қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға көштік. Нұрсұлтан Назарбаевтың ...

Жалғасы »

Туған жерде кездесейік!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Өсе бер, өркендей бер, әсем қала Ақтөбе!» — деген болатын. Міне, бүгінгі күні Ақтөбе үлкен және әсем қалаға айналды, халқының саны жарты миллионға жетті. Биыл облыс әкімінің бастамасымен қыркүйек айының аяғында облыстың 85 жылдығына орай және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында «Ақтөбе — құтты мекен» атты халықаралық ...

Жалғасы »

«Батыс-2»-де көп қабатты жаңа үй пайдалануға берілді

«Нұрлы жер» бағдарламасы Ақтөбе қаласындағы Батыс-2 шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасының «Тұрғын үй салуды жекеменшік салушыларының қолға алуын ынталандыру» бағыты бойынша салынған  алғашқы көпқабатты  тұрғын үй тапсырылды. Жаңа пәтерлердің бақытты иелерін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады. «Мемлекет басшысының саясаты Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға, атап айтқанда  қол жетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсатта елімізде мыңдаған қазақстандық отбасының баспана мәселесін шеше ...

Жалғасы »

Тұрып қалған кәсіпорындарға байланысты шаралар қолданылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «е-Халық» ақпараттық жүйесін жүргізу, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу және тұрып қалған кәсіпорындарға байланысты іс- шаралардың орындалу барысы туралы сөз болды. Облыстағы «е-Халық» ақпараттық жүйесі тұрақты тұрғындар саны, ішкі және сыртқы көші қон мәселелерін саралау, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, тұрмысы төмен, жұмыссыз азаматтарды есепке алып отыру, барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерді түйіндеу мақсатында ...

Жалғасы »

Облыс әкімі қаржы институттарының басшыларымен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшысы Ләззат Ибрагимовамен, «Жинақ банкі» АҚ еншілес банкі жетекшісі Александр Камаловпен және «Даму» қорының басшысы Абай Сарқұловпен кездесті. Кездесу барысында Президенттің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, бизнесті қолдау және несиелеу, тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша тапсырмасы аясындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы облыстағы қаржы институттарының жұмысына жоғары баға берді. ...

Жалғасы »

Әлеуметтік қызметкерлер бас қосады

22 қыркүйекте Астанада әлеуметтік қызметкерлердің алғашқы қазақстандық форумы өтеді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров «Ақтөбе ақпарат» орталығында баспасөз мәслихатында хабарлады. Форумның мақсаты – халықты әлеуметтік қорғау саласында жинақталған тәжірибені талдап қорыту және саланың негізгі бағдарын анықтау, әлеуметтік желілердің заманауи қоғамдағы рөлі мен қосатын үлесін күшейту және мойындау болып табылады. Шараның ұйымдастырушысы – БҰҰ, ЮНИСЕФ дамыту ...

Жалғасы »

«Жасырын сатып алушы»: сапалы қызмет, нәтижелі жұмыс

Жұма күні Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті. Отырысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы және ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасы Қ.Тоқышев, ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері, жергілікті атқарушы орган басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты. ...

Жалғасы »

100 тонна қоқыс шығарылды

Ақтөбеде алғашқы күзгі сенбілік өтті. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қаулысына сәйкес күз мезгілінде өтетін дәстүрлі санитарлық тазалықтың екі айлығы өткен сенбіде басталды. Тазалық маусымы қала территориясы мен ауылдық округтер аумағында 9 қыркүйек пен 9 қараша аралығында өтеді. Жарияланған тазалықтың екі айлығында аумақты тек күл-қоқыстан тазарту ғана емес, сонымен қатар қыркүйектің соңында болатын «Ақтөбе — құтты мекен» форумына келетін қонақтар ...

Жалғасы »

Тәулігіне 13,5 мың га алқаптың астығы жиналады

Күз де келді. Қырда қат-қабат науқандық жұмыстар жүріп жатыр. Күзгі жиын-терін басталды. Мал азығын қыстақтарға жеткізу, қора-қопсыны қысқа дайындау шаруалары тиянақталып, егін орағы еңсерілген кез. Бұл науқанды осы қыркүйек айының соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Бұған ауа райы да мүмкіндік беріп тұр. Науқанды алғашқы күннен ыждағатты жүргізген өңірлер дәнді дақыл егісін оруды бірыңғайлап келеді. Темір ауданында бұл жұмыс толық аяқталды. ...

Жалғасы »