Daily Archives: 7 қыркүйек 2017

Бердібек САПАРБАЕВ: Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін билік пен қоғам бірігіп жұмыс жасауы керек

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-інші сессиясында берген тапсырмаларын орындау мәселесіне байланысты облыс активі өтті. Бейнеконференция түрінде өткен жиында көптеген мәселелер қаралып, талқыланды. Алдымен сөз алған облыс әкімі  Елбасының Жолдауында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы жүктелген міндеттерді орындау мақсатында облыста атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. — ...

Жалғасы »

Облыс әкімі Мәртөк ауданында болды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Мәртөк ауданында болып, егін орағы жұмыстарымен танысты, сондай-ақ орта мектеп мен дәрігерлік амбулатория құрылыстарын қарады, бірнеше шаруа қожалықтары қызметін аралап көрді. Родниковка селосында 320 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытты мектептің үшінші қабаты көтеріліп, әрлеу жұмыстары қолға алынды. Мектеп алдағы қараша айында оқушыларға есігін ашпақшы. Осы ауылда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 70 адамды қабылдауға есептелген дәрігерлік ...

Жалғасы »

CNPC вице-президентімен кездесті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзиньмен кездесті. Кездесу барысында серіктестікті кеңейту және мұнай-газ бен өңдеуші салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асырудың келешегі талқыланды. Өңір басшысы Қазақстан мен Қытай арасында өзара тиімді серіктестік қағидасына құрылған тығыз әріптестік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. Бұған екі ел көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің жиі кездесулері дәлел. «Ақтөбе облысы шетелдік әріптестермен серіктес ...

Жалғасы »

Табысты жылдарға ұласқан ынтымақтастық

Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығы аталып өтті. Сейсенбі күні «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы ғимаратында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының 20 жылдығына арналған салтанатты шара  өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин мен CNPC корпорациясының вице-президенті Ван Дун Цзинь қатысты. 1997 жылы екі ел арасындағы келісім ...

Жалғасы »

Форумға әзірлік тиянақталды

Облыста «Ақтөбе — құтты мекен» халықаралық форумына дайындық толыққанды  жүргізілуде.  Ауқымды іс-шара өңірде қыркүйек айының соңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» жобасы аясында өтпек. Ақтөбе қаласын көріктендіру, спорттық, мəдени нысандарды 15 елден келетін қонақтарды қабылдауға дайындау мəселелері облыс əкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтың айтуынша, осы ...

Жалғасы »

Жер қойнауын пайдаланушылар келісімшарттық міндеттемелерін орындауы тиіс

Облыс әкімдігінде Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшылары мен өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуымен өткен жиналыста Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы қаралды. Энергетика министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігі арасындағы келісімге сәйкес, өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауларына қатысты көшпелі жиналыс Ақтөбе қаласында әрбір жарты жылдық ...

Жалғасы »

Облыстағы 2 миллион малдың 450 мыңы таңбаланбаған

Облыс  әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен  жергілікті полиция қызметінің сегіз айдағы жұмысы қорытындыланды.  Жиында жасөспірімдер қылмысы, қоғамдық көлік, полиция қызметкерлерінің тәртібі, мал ұрлығы, көші-қон мәселелері қаралды. Шараға жергілікті полиция қызметкерлері, басқарма басшылары және аудан әкімдері онлайн түрде қатысты. Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев полиция қызметкерлерінің жұмысын сынға алды. — Қоғамда тәртіптің болуы сіздерге байланысты. Халық алаңсыз жұмыс жасауы үшін сіздер жүйелі ...

Жалғасы »

Ламинат шығаратын зауыт тұрғызу мәселесі талқыланды

Ақтөбеде Еуразиялық экономикалық кеңес елдеріне, Орталық Азия мен Иранға экспортқа шығарылатын паркет, ламинат және өзге де ағаш бұйымдарын дайындайтын зауыт пайда болуы мүмкін. Мұндай кәсіпорынды құрудың келешегін аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев түріктің «Yildizdar Yatirim Holding» трансұлттық корпорациясының басшылығымен өткен кездесуде  талқылады. Бұл жобаға жұмсалатын инвестиция көлемі 500-ден аса жаңа жұмыс орындарын аша отыра, 150 миллион АҚШ долларын құрауы мүмкін. Облыс ...

Жалғасы »

Облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы тұрақты

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру бойынша тапсырмасының орындалу мәселелері қаралды. Тиісті меморандум осы жылдың басында Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері мен облыс әкімдігі арасында жасалды. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова өңірдің қол қойылған  меморандум шарттарын толығымен орындап жатқанын атап өтті. Негізгі азық-түлік өнімдері ...

Жалғасы »

Қонақ үй қызметі: сапа және қолдау

Сәрсенбі күні Қайрат Бекенов бастаған топ Ақтөбе қаласындағы «Royal» қонақ үйіне барып, «Ақтөбе — құтты мекен» форумына қатысатын жерлестерге қызмет көрсету мақсатында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарын қарап, қонақ үйдің қызмет сапасымен танысты. Қонақ үйдің директоры Қалауша Садықованың айтуынша, қазір қонақ үй меймандарға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Жаңа, сәнді жиһаздар мен тұрмыстық техникалар, қажетті заттар сатып ...

Жалғасы »