Daily Archives: 5 қыркүйек 2017

Астанада халықаралық дәрежеде ақындар айтысы өтеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына орай, елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында 13 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Жыр додасына елімізге танымал әрі шетелден келген 16 ақын қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Халықаралық дәрежедегі айтысты ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының қолдау көрсетуімен ...

Жалғасы »

Піл селфи жасамақ болған ер кісіні таптап тастады (Видео)

Үндістанда піл онымен селфи жасамақ болған жергілікті тұрғынды таптап тастады, деп хабарлайды Daily Mail. Оқиға Орисса штатындағы саябақта орын алған. Куәгерлердің айтуынша, ер кісі жабайы жануармен селфи жасамақ ниетте болған. Ол пілге өте жақын барғандықтан, жануардың ашуын келтіруге себепші болған. Видеодан пілдің ер кісіні қуғанын, содан кейін оның жерге құлағанын көріп, аяғымен таптап жатқан сәтін көруге болады. Дереккөз: reactor.inform.kz  

Жалғасы »

«Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы 3 есе артық салынып жатыр», — деді павлодарлық делегеция басшысы

Биыл тамызда  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру, рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есептер тыңдалды. Отырыста облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы жайында баяндама жасап, оны талқылау барысында Елбасы кеңеске қатысып отырған облыстар басшыларына бірқатар әлеуметтік және экономикалық жобаларды ...

Жалғасы »

8 жаңа мектеп — Білім күніне сыйлық

Білім күні Ақтөбе қаласындағы «Батыс-2» шағын ауданында және К.Нокин ауылында, сондай-ақ Мұғалжар ауданының орталығында жаңа мектеп ашылды. Мектептердің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.  1-сыныпқа 27 бала қабылданды Облыс басшысы алдымен К.Нокин елді мекенінде бой көтерген 320 орындық №65 орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Жалпы алаңы 5 214,7 шаршы метрлік ғимараттың құрылысы өткен жылы қазан ...

Жалғасы »

Құрылыс зауыттарын аралады

Павлодарлық делегация түстен кейін бірқатар құрылыс мекемелерін аралады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салып жатқан «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС-ның жұмысымен танысты. Комбинат директоры Дәулет Әлиев өндіріс орнын аралатып, негізгі  жұмысын көрсетті. Ашылғанына бір жылдан асқан комбинат неміс технологиясы бойынша құрылыс материалдарын шығарады. Негізгі шикізатқа жергілікті өнім пайдаланылады. Кейбір құрылысқа қажетті өнімдер ғана Ресейден тасымалданады. — Мұндағы  шығарылатын плиталар — ...

Жалғасы »

Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді Құрбан айт мерекесімен құттықтады 1 қыркүйек, жұма күні облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр», «Нұрдәулет» мешіттері мен қалалық орталық мешітте болып, мерекелік іс-шараларға қатысып, жамағатпен кездесті. Облыс әкімі жамағатқа арналған құттықтау сөзінде исламның бірлік пен келісім діні екенін атап өтті. — Ислам — қоғамды бірлікке шақыратын дін, нағыз мұсылман әрқашан жақсылық жасап, жақындарына жамандық ...

Жалғасы »

Есет батырдың 350 жылдық мерейтойына дайындық жайы қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өткен жұмада Алға ауданында болып, Есет батыр монументінің құрылыс барысымен танысты. Ұлы қолбасшыға арналған монумент «Туған жерге тағзым» акциясы аясында тұрғызылуда. Демеушісі – жобаны жүзеге асыруға 32 миллион теңге бөлген ақтөбелік кәсіпкер. Монументтің биіктігі 11,5 метр, жұмыс қыркүйек айының ортасына қарай аяқталады деп жоспарлануда. Жаңа ескерткіш облыстың басты мәдени және тарихи көрнекі жерлерінің бірі – Есет ...

Жалғасы »

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабына сәйкес алтыншы шақырылымдағы Парламенттің үшінші сессиясын ашық деп жариялаймын, деп бастады сөзін Президент. Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын! 28 маусымда Сенат депутаттарының сайлауы өтіп, Парламенттің жоғарғы палатасының құрамы жаңарды. Жаңа сайланған халық қалаулыларын да қызметтерімен құттықтап, табыс тілеймін! Біз биыл жаңғырудың жаңа көкжиектерін ашып, іргелі процестерді жүйелі түрде жүзеге асыруға кірістік. Жаңғыру үрдісі негізгі үш ...

Жалғасы »