Daily Archives: 4 қыркүйек 2017

Жаңа колледж спортшылар даярлайды

Ақтөбеде Есет батыр атындағы олимпиада  резервінің облыстық мамандандырылған колледжі ашылды. Есет батыр атындағы мектеп-интернатының жанынан іске қосылған мамандандырылған колледждің ашылу салтанатына облыс əкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. — Өңірде Президент тапсырмасына сəйкес өскелең ұрпақты тəрбиелеу мен білімін жетілдіру үшін барлық жағдай жасалуда. Облыста сегіз мектеп пен үш колледж пайдалануға берілді. Олардың қатарында — өңірдегі спорттың дамуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ...

Жалғасы »

Көкжар — жәдігерлер мекені

Экспедиция Көкжар жәрмеңкесінің 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Ойыл ауданында экспедициялар ұйымдастырылып, туған жердің кереметін насихаттау үлкен дайындықпен жүріп жатыр. Тарихи орындары сол күйі сақталған, ескі ғимараттарымен ерекшеленетін мекенге әр ауданнан қонақтар көбірек ат басын бұруда. Жуырда облыстың 11 ауданынан және Атырау облысының Қызылқоға ауданынан келген жастар екі күндік сапарын біздің ауданға арнады. Экспедиция мүшелері жеріміздегі ескерткіштер мен жәдігерлерді, тарихи орындарды ...

Жалғасы »

Ұлттық код және заман

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын дер кезінде жариялап, қазақстандықтарға нағыз керек ұғымды тап басып, тауып айтты.  Бұл мақала халықтың ойынан шыққан тарихи құнды құжат болып табылады. Елбасы  осы мақаласында: «Біздің мақсатымыз айқын,бағытымыз белгілі, ол — әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Ал мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жақсарып отыруы ...

Жалғасы »

Ұшқан ұя

Туған жерге тағзым «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өңірдің түкпір-түкпірінде игі істер атқарылып жатыр. Білім күні Қобда ауданындағы Әлия орта мектебінің 25 жыл бұрын бітірген түлектері өздері түлеп ұшқан білім ұясына келіп, алғашқы қоңырау салтанатына қатысты. 1974 жылы салынған мектепте қазір 200-ге жуық бала оқиды. Мектеп директоры Батис Басығаринаның айтуынша, өткен оқу жылында 3 оқушы мектепті үздік аттестатпен аяқтады. ҰБТ ...

Жалғасы »

Ойылда екі білім ордасы пайдалануға берілді

Биылғы оқу жылының басты жаңалығы — Ойыл ауданында екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Қиыл өзенінің бойындағы Ақкемер ауылындағы Жамбыл мектеп-балабақшасы мен Шұбарши ауылындағы Жақсыбайкөл негізгі мектебі оқушылары осындай қуанышқа бөленді. Ол ауылдардағы білім ордалары апат алдындағы ғимарат саналып келген еді. Осыдан екі жылға жуық бұрын облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ойыл ауданына сапарын осы екі мектептің жай-күйімен танысудан бастаған-ды. Сол кезде ...

Жалғасы »

Жаңа мектеп ашылды

Ақтөбе қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы №62 қазақ орта мектебі ашылды. Жаңа мектеп үш ауысымдықты жою мақсатында, қаланың ескі бөлігінде, бұрынғы «Сымбат» жеке мектебінің ғимаратында ашылып отыр. 2 қыркүйек күні өткен мектептің ашылу салтанатына мұғалімдер, ардагерлер, ата-аналар мен оқушылар жиналды. Салтанатты жиынға қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бауыржан Момышұлы сынды халқымыздың ұлы перзентінің есімін иемденген жаңа білім ошағының ...

Жалғасы »

Жатақханаға жолдаманы үйден алады

Студент  М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенттері жаңа  жатақханаға орналасуға жолдаманы үйде отырып-ақ ала алады. Университеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жастар бұрынғыдай кезекке тұрмайды. «Сириус» бағдарламасы арқылы сұраныс жолдап, ақысын төлеп, ордер алуына болады. Құрылысы биыл аяқталған жаңа жатақхана 930 орынға есептелген. Бұл жерде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс, интернет бөлмелері жұмыс істейді. Бөлмелерде тұрмыстық техникаға дейін ...

Жалғасы »