Басты бет » 2017 » қыркүйек

Monthly Archives: қыркүйек 2017

Жекпе-жек сарайындағы тұңғыш сайыс

«Туған жер» форумына келген қонақтар Жекпе-жек сарайында дзюдодан ҚР Президентінің жүлдесіне арналған халықаралық турнирдің ашылу салтанатына қатысты. Байрақты бәсекеге қатысу үшін палуандар әлемнің 9 елінен жиналған. Шараның салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР дзюдо федерациясының бірінші вице-президенті Маратбек Мықтыбеков, сондай-ақ, Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров, ...

Жалғасы »

80 миллиард теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысында құны 48 миллиард теңгені құрайтын қуаттылығы 700 МВт электр станциясы салынады. Бұл жөнінде Ақтөбеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Туған жер» республикалық форумында белгілі болды. Әлемнің 21 елінен 300-ге жуық жерлесімізді жинаған шараның ресми ашылуында жалпы сомасы 80 миллиард теңгені құрайтын бірқатар меморандумға қол қойылды. Бүгінгі таңда Ұлыбритания, Германия, Ресейде және өзге елдерде тұратын, шетелдік бизнес құрылымдарының Ақтөбе ...

Жалғасы »

«Туған жер» республикалық форумына қатысушыларға!

Қазақстан қастерлі Тәуелсіздігінің үшінші мүшелін зор рухани жаңғырумен бастады. Менің бағдарламалық мақаламның аясында еліміздің барлық аймақтарында кең ауқымды жұмыстар қолға алынды. «Рухани жаңғырудың» негізінде жүзеге асырылып жатқан айрықша маңызды жобалардың бірі — «Туған жер». Әркімнің кіндік қаны тамған туған жері, қайда жүрсе де, жүрегінің төрінде. Біздің әрқайсысымыз туған өлкемізді мақтан етеміз, алыс жүрсек сағынамыз, қамқорлық жасаймыз. Туған жерге іңкәрлік Туған ...

Жалғасы »

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова: Ақтөбе облысы — рухани жаңғыру процестерін жүзеге асырудың лайықты үлгісі!

Кеше Ақтөбеде «Туған жер» республикалық жерлестер форумы өз жұмысын бастады. Оған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, атақты ақтөбеліктер, сонымен қатар, орталық мемлекеттік органдар мен облыстық басқармалар мен мекемелердің басшылары қатысты. «Туған жер» форумы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жеткен Ақтөбе өңірінің тумаларын туған өлкелерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына тарту ...

Жалғасы »

Мемлекеттік хатшы жаңа мектептің ашылуына қатысты

Кеше «Туған жер» республикалық форумының ашылуынан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев облыс орталығындағы әлеуметтік ғимараттарды аралап, Сазды ауылдық округіндегі жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты. Алдымен Мемлекеттік хатшы Кірпішті ауданында орналасқан «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығына барды. Орталықты аралап көріп, жастармен тілдесті. Биыл маусым айында ашылған орталықта бүгінгі күні балалар үйінің 16-29 жас аралығындағы ...

Жалғасы »

Туған жер, берерім көп менің саған…

Еліміздің түкпір-түкпірінен және алыс-жақын шетелдерден жеткен жерлестеріміздің басын қосқан «Туған жер» республикалық форумы Ақтөбе қаласындағы Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда мерекелік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты шараға ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. «Туған жер» форумы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың барша қазақстандықтарға арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған болатын. «Рухани жаңғыру — азаматтардың рухын көтеру, жаңаша ...

Жалғасы »

Жақсылық ТҮНҒАТАРОВ, Астана қаласының тұрғыны, еңбек ардагері:

— Біздер негізінен кеңестік кезеңде еңбек еткен, сол уақыттың тәрбие-тәлімін көрген ұрпақпыз. Мен облыстың құрылыс саласында басшылық қызметте болдым, сондай-ақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысының көмекшісі болып, көп шаруаның басы-қасында жүрдім. Сол тұста Ақтөбе аумағында көптеген өндірістік, әлеуметтік құрылыстар салдық. Біз де өз әлімізше елдің экономикасын көтердік. Дегенмен, бүгінгі мезгілде атқарылып жатқан жұмыстармен салыстырғанда мақтана алмаймыз-ау шамасы. Бүгінде Ақтөбе қаласының ...

Жалғасы »

Мұхит ІЗБАНОВ, ҚР Жоғары кеңесінің XII шақырылымының халық депутаты, Еуропадағы ынтымақтастық қауіпсіздік ұйымы вице-президенті (1992-1994), Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы:

— Халық даналығында «Туған жер — тұғырың, туған ел — қыдырың» деп бекер айтпаса керек. Туған жер, туған ел — ең асыл ұғымдардың, жоғары құндылықтардың бірі. Туған жер — әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Міне, мен үшін ең ыстық кіндік қаным тамған туған елді мекенім — Мұғалжар ауданындағы шалғайда жатқан Ащысай ауылы. Кез келген адамның болашағы да, ...

Жалғасы »

Нұрдәулет СӘДУОВ, Ақтау қаласындағы «Интер-Строй-Ақтау» фирмасының директоры:

— Ауылда туып-өскен біздердің армандарымыз алысқа жетелейтін. Жоғары білім алып, белгілі бір мамандық иесі болсақ дейтінбіз. Соның бәріне қол жеткізген кезімізде заман өзгерді, нарықтық қатынастар үстемдік ете бастады. Біз де уақыт ағымына сай қозғалыстар жасауға ұмтылдық. Бүгінде сонау Ақтау қаласында еңбек етіп жатырмын. Мен жетекшілік ететін Маңғыстау өңіріндегі «Интер-Строй-Ақтау» фирмасы құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Өмірден өз орнымды таптым дегенмен, туған жерге ...

Жалғасы »

Марал ШЕРАЛИЕВА, Қырғыз Республикасының тұрғыны, байланыс қызметкері:

— Мен кезінде Ақтөбе қаласындағы байланыс техникумында оқығанмын. Өзім туған өңірдің жақсы маманы болсам деп ойлағаным да рас кезінде. Бірақ білімімді одан әрі жетілдіргім келіп, Ташкенттегі байланыс институтына оқуға түстім. Сонда жүріп студенттік күндерді бірге өткізген қырғыздың Асанбек деген азаматымен танысып, шаңырақ құрадық. Қазіргі уақытта Ыстықкөл облысындағы Қаджысай ауылында байланыс бөлімі меңгерушісімін. Эльмира, Индира атты екі қызымыз бар, олар да ...

Жалғасы »