Daily Archives: 22 тамыз 2017

Ырғыздың қозылары экспортқа шығарыла бастады

Өңірде ет экспортының әлеуетін арттыру туралы тұрақты әңгіме болып келеді. Соның ішінде қой етін экспорттау өзекті мәселе ретінде қаралуда. Рас, анабір жылдары марқа еті Араб елдеріне экспортқа шығарыла бастады да, кейін әртүрлі себептермен жалғасын таппай қалды. Міне, енді араға біраз уақыт салып, бұл бастаманы жандандырудың сәті түскен секілді. Ырғыз өңіріндегі «Алтын-Әсел» ЖШС-ынан биыл туған марқалардың алғашқы тобы Біріккен Араб Әмірлігіне ...

Жалғасы »

Озық істерге қызығушылық танытты

Ақтөбе аймағы мен Ресейдің бірқатар өңірлері арасындағы іскерлік әріптестік жылдан-жылға ұлғайып келеді. Ресейдің Ульянов облысы — сондай өңірлердің бірі. Ульянов облысының үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Богданов Ақтөбе қаласы мен Алға ауданындағы бірқатар орындарда болды. Облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин мен Ульянов облысы үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Богданов алдымен «Greenhouse Kazakhstan» ЖШС-ның жылыжай кешенінде болды. Ең озық технологияларды пайдаланып, көкөністер өсіріп ...

Жалғасы »

Жүйелі жұмыс және жауапкершілік

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде атқарылып жатқан шаралар туралы Ақтөбе қаласының жер қатынастар бөлімінің басшысы Ұшқын Мыңбаев есеп берді. Ол бөлімнің жұмысында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы ғимараттар құрылысы үшін жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуде ашықтық ...

Жалғасы »

Ізгі мұраттың бастауы

Елбасының «Туған жер» бастамасы аясында өріс алған «Ақтөбе — құтты мекен» акциясы қазіргі кезде кеңінен қанат қағып, осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Кеше осы ауқымдағы шараларды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Сәния Қалдығұлова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында сұхбат беріп, облыстың 85 жылдығы қарсаңында атқарылып жатқан істер жөнінде баяндады. — Біз қолға алған акцияның басты мақсаты — бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, мемлекеттік-жеке ...

Жалғасы »

Науқан қарқын ала түсті

Астық-2017 Жаздың аяқталуына санаулы күндер қалды. Көп жағдайда күзгі маусым жауын-шашынды болатыны белгілі. Ал өтіп бара жатқан тамыз айы егінші қауымға қарасты, бұл жағынан қолбайлау жасамады. Соның арқасында егін орағы науқаны қарқын ала түсті. Айталық, өткен аптада облыс бойынша тәулігіне 7-8 мың гектар дәнді дақыл жиналса, қазір күніне 12,1 мың гектар алқаптың астығы орылып, бастырылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егін ...

Жалғасы »

Қауымдастық қосқан үлес

Туған жерге тағзым Өткен аптада Шалқар ауданында облыстық іскер әйелдер кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Іскер әйелдер тобын ауданымызға Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы, саясаткер әйелдер клубының Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы Сұлупан Шынтасова бастап келді. 25 әйелден құралған топ құрамында іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері, білім, медицина, салық, ауыл шаруашылығы салаларының жауапты мамандары болды. Олардың бірқатары өз жұмысына ертемен кірісті. Mұхтар МЫРЗАЛИН, Шалқар ...

Жалғасы »

Кооперативтер көлік алды, өнімді ұлғайтты

Аграрлық сектор «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалында партияның сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағыты бойынша өңірлік комиссия отырысы өтті. Жиынды комиссия жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Марат Итеғұлов ашты. Бұдан кейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиев баяндама жасады. Ол өз сөзінде: — Статистикалық есеп бойынша, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына ауылшаруашылық мақсаттағы жылжымайтын мүліктердің құрылысы, техника мен жабдықтар алу, асыл ...

Жалғасы »

Мұғалімдер мен ата-аналардың облыстық слеті өтті

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында мұғалімдер мен ата-аналардың облыстық слеті өтті. Слетке арқау болған тақырып — «Отбасы мен мектеп арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастың заманауи түрлері мен тәсілдері». Жиынға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілдері мен жоғары оқу орындарының  оқытушылары, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, ювеналды полиция бөлімінің мамандары қатысты. Жас ...

Жалғасы »

Абайлаңыз, нитрат!

Акция Ақтөбе облысы бойынша өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізілді. Осы орайда «Қауіпсіз өнім таңда» акциясы ұйымдастырылып, соңғы жеті айда барлығы 479 көкөніс түрі санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша  зерттелді. Зертханалық тексеру нәтижесінде  97 өнімнің құрамында нитрат мөлшерінің көп екені анықталды. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазіргі күні облыс бойынша «Нитратпен улану» диагнозымен барлығы 17 шұғыл  хабарлама түскен. Эпидемиологиялық анамнез жинау барысында  науқастар ...

Жалғасы »

Жас театр режиссерлері республикалық форумда бас қосады

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I республикалық форум-фестивалі өтеді. — Форум-фестиваль жас театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашып, қазақ режиссурасын жаңа есімдермен толықтыруды көздейді. Сонымен қатар шара аясында лекциялар, шеберлік сабақтар, семинарлар өткізіледі, — дейді Қазақстан театрлары қауымдастығының өкілдері. Фестивальге еліміздегі 20-40 жас аралығындағы жас режиссерлер қатысады, олардың арасында Елік Нұрсұлтан, Дәурен Серғазин, Дина Құнанбайқызы, ...

Жалғасы »