Daily Archives: 15 тамыз 2017

Алғашқы жартыжылдық: оң өзгерістер

Облыстық мәслихаттың және облыстық қоғамдық кеңесінің бірлескен кезекті он екінші сессиясында бүгінгі күннің өзекті мәселелері қаралды. Депутат Ғалымжан Елеуовтің төрағалық етуімен өткен сессияға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, сондай-ақ облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелері алдында Қазақстан Республикасы Президентінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық ...

Жалғасы »

Әлеуметтік сұйытылған газ бағасы реттелуі тиіс

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста өңірдегі оқтын-оқтын болып қалатын әлеуметтік сұйытылған газ тапшылығының себебі талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов сұйытылған газбен қамтудың ағымдағы жағдайы туралы мәлімдеді. Сұйытылған мұнай газының көлемін бөлу комиссиясының  квотасына сәйкес тамыз айында өңір 7700 тонна газ алатын болса, оның  6800 тоннасы – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, 900 тоннасы – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС үлесінде. Қазір облыста ...

Жалғасы »

Ауадағы жағымсыз иісті жою мақсатында тексерулер күшейтіледі

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі «Максимус» ЖШС-ның ликер-арақ шығаратын зауытында болып, өндіріс қалдықтарын жою процесі барысымен танысты. Соңғы жылдары Ақтөбе тұрғындары ауадағы жағымсыз иіс жөнінде жиі мәселе көтеріп жүр. Әсіресе, спирт өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың қаланың кәріз жүйесіне төгетін қалдықтарына қатысты күдікті пікірлер айтылып келе жатқаны оқырмандарымызға белгілі. Бұл пікірлерді негізсіз санауға болмайды. Облыстың бас экологы Жақсығали Иманқұловтың айтуынша, спирт өндірісінің ...

Жалғасы »

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары тиімді жүзеге асырылуда

Халықты жұмыспен қамту облыстағы басым міндеттерінің бірі болып қала береді. Қазіргі таңда өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрайды. Жалпы жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеу мақсатында мемлекеттік және салалық бағдарламалар арқылы жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды қайта оқытуды,  жұмыс орындарын құруды қарастыратын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспары жасалды. Жоспардың  орындалуына байланысты мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыс барысында талқыланды. ...

Жалғасы »

Басты міндет — өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету

— Ағымдағы жылдың ІІ жартыжылдығында өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсімін қамтамасыз етуіміз керек — облыс әкімі Бердібек Сапарбаев аймақтағы ірі өндірістік кәсіпорындардың басшыларының қатысуымен өткен кеңесте осындай міндет қойды. 2017 жылдың алғашқы алты айының қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсімі 4%, инвестиция көлемі – 131,8% құрады. Бұл ретте өнеркәсіп өнімі өндірісі көлемі 4,9%-ға, оның ішінде өңдеуші салада 11,4%-ға ұлғайды. Бұл оң қозғалыс ...

Жалғасы »

Мәселелер айтылды, тәжірибе алмасты

ФОРУМ Облыстық кәсіподақ орталығының конференц-залында әлеуметтік әріптестердің қатысуымен жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі кәсіподақ белсенділерінің тәжірибе алмасуына арналған облыстық кәсіподақ активінің форумы өтті. Д.ҚАЗИХАН. Мақаланың толық нұсқасын газет бетінен оқыңыздар.

Жалғасы »

Астана форумына Ақтөбеден 33 кәсіпкер әйел қатысады

30-31 тамыз күні Астана қаласында өтетін іскер әйелдердің экономикалық форумына әзірге Ақтөбеден 33 адам қатысады. Оның 15-і — аудандық жердегі кәсіпкерлер. Бұл туралы кеше облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар Даржанова мен Ақтөбедегі іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Күлшат Масалимованың қатысуымен «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды. Қазір облыста 50 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі тіркелсе, соның тең ...

Жалғасы »

Ақпараттық топ Хромтауға барды

Өткен аптада облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-ның ұйымдастыруымен ақпараттық топ Хромтау ауданына барып,  тұрғындарға Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндірді. Елбасы Жолдауы мен бағдарламалық мақаласын түсіндіру үшін құрылған арнайы топтың құрамында философия ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі Үмбетхан Сәрсембин, филология ғылымдарының кандидаты, доцент ...

Жалғасы »

«Бақытты шақ — жастық шақ»

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында Халықаралық Жастар күніне орай облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Бақытты шақ — жастық шақ» атты концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, жастар саясатын жүзеге асыру барысында белсенді қызметімен танылған бір топ жастарды марапаттады. Ақбота ҚАЛДЫБЕК. Мақаланың толық нұсқасын газет бетінен оқыңыздар.  

Жалғасы »

Кооперативтер күшейіп келеді

Облыста Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда ауылшаруашылық кооперациясын құру белсенді жүзеге асырылуда. Бүгінде өңірде 171 ауылшаруашылық кооперативі құрылса, оның 95-і ет, 19-ы сүт, 5-еуі көкөніс және т.б. өндіру бағытында деп хабарлайды «Ақтөбе ақпарат» орталығы. Ауылшаруашылық кооперативтері 2 711 жеке қосалқы шаруашылықты, 108 фермерлік шаруашылық пен 30 заңды тұлғаны біріктірді. Кооперативтер бүгінде 841 тонна ет, 1528 тонна сүт пен 334 тонна өзге ...

Жалғасы »