Daily Archives: 14 тамыз 2017

Мемлекеттік грант иегерлерінің жаңарған тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім грант иегерлерінің жаңарған тізімі жарияланды. Тізім “Егемен Қазақстан” газетінде жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. “Ескеретін жайт, 10 тамыз күні жарық көрген тізімдегі талапкерлердің бәрі өз гранттарын сақтап қалды. Өзгеріс қосымша гранттарға байланысты”, – делінген ақпаратта. Жаңарған тізімді МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады. Tengrinews.kz

Жалғасы »

Асқар МАМИН: «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Ақтөбе облысы тәжірибесінен үлгі алу керек

Екі күндік жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Нұр Ақтөбе» ауданында салынып жатқан тез тұрғызылатын аз қабатты тұрғын үйлердің, сондай-ақ өнеркәсіптік аймақтағы өтпежолдың құрылысымен танысты. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Қурайлы ауылына барды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Шығармашылық академиясының мәжіліс залында барлық облыс әкімдері ...

Жалғасы »

Құрылысшылар құрметтелді

Кәсіптік мереке Жыл сайын тамыз айының екінші жексенбісінде құрылысшылардың кәсіптік төл мерекесі тойланады. Осы атаулы күн қарсаңында Ақтөбе қаласында Құрылысшылар аллеясы ашылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекелік шараларға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Құрылысшылар аллеясы шаһардағы Бөкенбай батыр көшесіндегі «Кеңдала» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан. Балаларға арналған бірнеше ойын және спорттық алаңдармен жабдықталған саябақ ...

Жалғасы »

«Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында Мәртөк ауданының күндері өтті

«Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында облыс орталығындағы «Мерейлі менің Мәртөгім!» атты Мәртөк ауданының күні де нағыз халықтық мереке түрінде өтті. Спорттық шаралар мен концерттік бағдарламалар ерекше ұйымдастырылды. АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ САУДАСЫ ҚЫЗДЫ Ақтөбедегі Мәртөк ауданы күні «Табыс» коммуналдық базарындағы ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесімен басталды. Ауданның барлық ауылдық округтерінен 17 шаруа қожалығы келді. Оның ішінде «Березовка», «Акбар», «Еңбек» шаруа қожалықтары мен ...

Жалғасы »

«Ауылға көшіп келіңіз!»

Жүздесу «Туған жерім — нұрлы елім» акциясымен Ақтөбе қаласында өткен Мәртөк ауданының күндері аясында «Қаладан ауылға» жобасы бойынша жиын өтті. Шараның мақсаты — Ақтөбе қаласында тұратын азаматтардың Мәртөк ауданына өз ықыласымен қоныс аударуына жәрдемдесу. Бүгінде Мәртөк ауданы қалада жұмыссыз, пәтер жалдап жүрген тұрғындарды ауылдарға көшіріп, үймен, еңбекпен қамтамасыз етуге дайын. Жиынға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Рузия Айдашева, қалалық мәслихаттың хатшысы ...

Жалғасы »

Орденді аймақ тынысы

60-жылдардың соңы — кеңес халықтары Қазан төңкерісінің 50 жылдығын «тату-тәтті» өткеріп, «кемелденген социализмге» бет алған кезең КСРО тарихындағы шуақты, мамыражай уақыт болды. Сталин мен Хрущев тұсындағы аласапырандардан кейін, 1964 жылы билікке келген Брежнев халыққа «жайлы басшы» боп көрінді. Сол тұста баспасөзде жазылғандай,  «Қазақстанның 9 облысының туында Ленин ордені жарқырады». Солардың бірі Ақтөбе облысы еді. Жетекші сала — қой шаруашылығы Облыс ...

Жалғасы »

Көмекке құрыш білек жастар келді

Қайырымдылық Биылғы көктемде болған су тасқынынан Ақтөбе қаласының саяжайларында тұратын біраз отбасылардың зардап шеккені белгілі. Алайда қиын жағдайда қалған бұл отбасыларға қайырымды қолдар көмек қолын созды. Облыстық, қалалық әкімдік үлкен қолдау-көмек көрсетті. Құрылған қорлардың, кәсіпкерлердің демеушілігімен баспанасыз қалған отбасылардың бір бөлігіне қаладан жаңа пәтерлер сатып әперілді. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың  тапсырмасымен тасқын судан зардап шеккен отбасылардың енді бір бөлігі жер ...

Жалғасы »

Қажыларға арналған семинар

Қажылық парызын өтеуді ойлаған мұсылмандардың Мекке мен Мәдине қалаларына аттанар күні жақын қалды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігі «Қажылық анықтамасы» атты семинар ұйымдастырды. ҚМДБ отандық «Тауаф Travel» қажылық компаниясын іске қосып, биыл 300-ге жуық қандасымызға қызмет көрсетуді жоспарлап отыр. Аталмыш семинарға осы компанияның қызметіне жүгінуді көздеген ақтөбеліктер шақырылды.  Семинар Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өтті. Мешіттің наиб имамы ...

Жалғасы »

Гүлдара қымыз әзірлейді

Ауданда мал шаруашылығы жыл санап өркендеп келеді. Шаруалар малдың санына емес, сапасына ден қоя бастады. Төрт түліктің етін айтпағанда, оның сүтінен жасалатын өнімдерге қазір сұраныс көбейді. Қалауын тапқан шаруалар осы сұранысты өтеудің жолында уақытпен санаспай еңбек етуде. Жылтыр ауылындағы жас отбасы Жолмұрат пен Гүлдара соңғы жылдары қолға биелерін үйретіп, ата-анасының кеңесімен қымыз әзірлеп отыр. Бабалардан мирас болған осындай кәсіптерге жастардың ...

Жалғасы »

Үшінші айналым осылай басталды

Премьер-Лига Екінші айналымның соңғы кездесуінде «Қайраттан» ұтылғанымызда бармақ тістеп қалып едік. Ойынды кем дегенде тең аяқтарлықтай мүмкіндігіміз болған. Ал жаңа айналымның алғашқы кездесуіндегі, 23-турдағы ұтылысымыз тап ондай әсер ете қойған жоқ. «Астана» Еуропа алаңдарында бекер ойқастап жүрмегеніне көзіміз жетті. Кездесу «Астананың» шабуылымен басталды. Бірақ ақтөбеліктер тіпті де дес бере қойған жоқ. Оны былай қойғанда, 9-минутта Руслан Валиуллин қақпаның дәл алдынан ...

Жалғасы »