Daily Archives: 10 тамыз 2017

Ойдағы елдің әлеуеті зор

Жылдың әр маусымының өз жауапкершілігі бар. Жаздың соңғы айы өтіп жатыр. Көпшілік шаруаны жинақтайтын, тіпті тиянақтайтын шақ келді. Егін орағы басталды.  «Балапанды күзде санайды» дегендей, күзгі маусым да қашық емес. Осындай жергілікті жердегі шаруаның жағдайын көзбен көру үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сәрсенбі күні жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барды.  Ақкемер ауылында жаңа мектеп салынды Жаңа Ақтөбе-Қобда тасжолында көлік үстінде кеседегі ...

Жалғасы »

Оңтүстіккореялық мамандармен меморандумға қол қойылды

Ақтөбеде  Check up орталығы мен жануарларға операция жасап, тәжірибе жүргізетін оқу орталығы, яғни зертхана  салынады. Бұл жұмыстар оңтүстіккореялық мамандармен бірлесе жүзеге асырылады. Осы мақсатта облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен Сеул ұлттық университетінің даму және ғаламдық жоспарлау жөніндегі  вице президенті, профессор Кванг Вунг Ли ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды Жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев оңтүстіккореялық мамандармен бірлесе атқарылып жатқан шаруалардың нәтижесіне ...

Жалғасы »

Жерлестер форумы мол мүмкіндіктерге жол ашады

Биыл күзде облыста «Ақтөбе — құтты мекен» жерлестер форумын өткізу жоспарланып отыр. Бұл форумға тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде тұратын Ақтөбе облысының перзенттері де қатыспақ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, облыстың әрбір перденті туған өлкенің дамуына үлес қосуы керек. Бүгінгі күні форумды жоғары дәрежеде өткізу үшін нақты жұмыстар қолға алынды. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Анар ...

Жалғасы »

Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жайы қаралды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Sinopec Group» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің президенті У Минлиньмен кездесті. Кездесу барысында жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен әрекет етуші өндіріс орындарын кеңейту мәселелері талқыланды. Облыс басшысы жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың жергілікті құрамдағы үлесін арттыру, жұмыс орындарын сақтап қалу,  қызметкерлердің еңбекақы деңгейін өсіру мәселелеріне баса назар аударды. Өз кезегінде У Минлинь өзара тиімді серіктестікке, соның ішінде «Нұрлы ...

Жалғасы »

Қоғамдық тәртіп қадағалауда

№8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, басқармалар мен департаменттердің басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Комиссия отырысында қоғамдық тәртіп мәселесі сөз болды. Облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы ...

Жалғасы »

Мәселелер кеңінен талқыланды

Депутат Аркадий Нидің төрағалығымен  өткен облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 12 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды. Кеңейтілген отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Тұрақты комиссия мүшелері алдында облыстық экономика және бюджеттік ...

Жалғасы »

Құбырлар жөнделіп жатыр

Қаланың бірқатар аумақтарындағы су және канализация құбырлары күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Алдағы айда жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мен «Ақбұлақ» АҚ өкілдері бірлесе баспасөз турын өткізді. «Ақбұлақ» АҚ  2016-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша, қаланың 8 наурыз, Ломоносов, Жүргенов, Шернияз, Жанқожа батыр, Уәлиханов, Ж.Кереев, ...

Жалғасы »

«Пробация үйі» және нәтиже

Пробациялық есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауы жиі кездеседі. Осы мәселенің алдын алу үшін жазасын өтеп  шыққан азаматтарға мемлекеттік органдар тарапынан әртүрлі көмек көрсетіледі. Соның бірі — «Пробация үйі» бағдарламасы. Ақтөбе облысы республикада алғашқы болып аталған бағдарламаны іске асырды. Бағдарламаны жүзеге асыруға прокуратура, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік басқармалары секілді бірнеше тиісті орындар атсалысты. Әр ...

Жалғасы »

Мүмкіндігі мол аудан

Аудан Ресеймен шекаралас жатқан Мәртөк  — өңірдегі әлеуеті жоғары, әсіресе, ауыл шаруашылығы жақсы дамыған аудандардың бірі. Аудандағы жалпы егіс алқабы — 95,8  мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл бұл өңірде 8,6 мың гектар жерге артық егін егілген. Тағы бір ерекшелігі — Мәртөк облыстағы көп ұлтты аудан. Қазір мұнда 30-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті ғұмыр кешуде. Экономика ӨНІМДЕР ЭКСПОРТТАЛАДЫ Бүгінде ...

Жалғасы »

«Туған жерім — нұрлы елім» акциясы аясында өтетін Мәртөк ауданы күндерінің бағдарламасы

Ақтөбе қаласы, 10-12 тамыз 11 тамыз 10.00-11.30 —  «Қартқа құрмет — жасқа міндет» атты концерттік бағдарлама. Өтетін орны: облыстық қарттар мен мүгедектер интернат үйі. 15.00-16.30 —  Ақтөбе қаласы әкімдігінде «Іскер әйелдер» клубы мүшелерімен бірлесе «Қаладан — ауылға» атты жұмыссыз азаматтарды ауданға еңбекке тарту шарасы. 17.00-20.30 —  Ақтөбе және Мәртөк командалары арасында футбол, волейболдан жолдастық кездесу. Өтетін орны: Ақтөбе қаласындағы №2 ...

Жалғасы »