Daily Archives: 8 тамыз 2017

Басты міндет — сапалы және қолжетімді медициналық қызмет көрсету

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе медицина кластерінің жұмысымен танысты» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ол балалар және ересектер корпустарын аралап көріп, палаталарды және заманауи жабдықтарды қарады, медицина қызметкерлерімен және емделушілермен әңгімелесті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев Ақтөбе медицина кластерінің даму жоспарлары туралы хабардар етті. Қазіргі уақытта емделушілерді мерзімділік категориясы бойынша іріктеуді білдіретін «триаж» халықаралық жүйесі бойынша ересектер ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Қадағалаушы органдар көп болғанымен, олардың жұмысы көңіл көншітпейді

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе қаласының атмосфералық ауа сапасының жағдайы және оны жақсарту жолдарына қатысты мәселе қаралды. Облыс әкімдігінде өткен жиынға басқарма, кәсіпорын, мекеме басшылары мен экологтар, құқық қорғау және қадағалаушы органның өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері қатысты. Соңғы кездері Ақтөбе қаласы тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселе — ауаға таралған жағымсыз иіс. Ақтөбе қаласында экологиялық талаптардың дұрыс сақталмауының ...

Жалғасы »

40 жаңа автобус пайдалануға берілді

Ақтөбе қаласындағы 12-шағын ауданындағы тұрақ алаңында 40 жаңа автобус халық игілігіне берілді. Осы салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Облыс әкімі «AktobtBUS» мобильді қосымшасымен танысып, Ақтөбе қаласының «Жолаушылар автокөлік кәсіпорны» ЖШС-ның жүргізушілеріне ЛиА3 525660 жаңа  автобустарының кілттерін салтанатты түрде табыстады. Автобустар GPS-навигация жүйесімен жабдықталған. Мобильді қосымша қала тұрғындары мен қонақтарына онлайн режимде жолаушылар көлігін ...

Жалғасы »

Кешенді жоспар аясында 20 328 адам жұмыспен қамтылды

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиында облыста халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің кешенді жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Аталған жиынға Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері, сондай-ақ облыстық басқарма басшылары қатысты. Айта кету керек, өңірдегі жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру ...

Жалғасы »

7 айда 22 отбасы көшіп келіп, 134 азамат оралман мәртебесін алған

Дүйсенбі күні №8 Пацаев сайлау округінің депутаты Дмитрий Довматенконың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың депутаттық өкілеттіктер мен этика, заңдылық, құқық тәртібі мәселелері және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша ...

Жалғасы »

Биыл барлығы 20 кәсіпорын жаңғыртылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың  төрағалығымен өткен жиында Мемлекет басшысының экономиканы жедел технологиялық жаңғырту бойынша тапсырмасының жүзеге асырылуы талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің мәліметі бойынша бірінші жарты жылдықта өңірде жалпы сомасы 6 миллиард теңгеге 10 кәсіпорын жаңғыртылған. Олардың қатарында «Восход-Oriel» ЖШС, «КМК Мұнай» АҚ, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, «Энергосистема» ЖШС, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» АҚ, тағы басқалары бар. Өндіріс орындарын жаңғырту ...

Жалғасы »

Жергілікті колледждерде 27 мыңнан аса студент білім алады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында техникалық және кәсіптік білім беру мен қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жүйесінде мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің айтуынша өңірде еңбек нарығында сұранысқа ие 89 мамандық пен 139 біліктілікке оқытатын 41 колледж жұмыс жасайды. Оқу орындарында 27 мыңнан аса студент білім алады. Соңғы бес жылда республикалық және жергілікті бюджет есебінен 693 ...

Жалғасы »

«Zoodel» — экспорттаудың тиімді алаңы

Елімізде жаңа онлайн сауда алаңы іске қосылмақ. «Zoodel» деп аталатын онлайн сауда алаңы арқылы кез келген кәсіпкер өз өнімін шетелге оңай әрі тиімді экспорттай алады. Бұл туралы облыстық әкімдікте «Иә, сен экспорттай аласың!» тақырыбында өткен бизнес-семинарда айтылды. Ақтөбеге келген  «Zoodel» компаниясының сату жөніндегі директоры Азамат Мұхаммед мұны үкімет пен жеке бизнес арасындағы бірлескен серіктестік жоба екенін айтты. Ол «Zoodel» сауда ...

Жалғасы »

Тамыздан бастап тексерістер БАҚ өкілдерінің қатысуымен жүргізілмек

 «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен брифингте Ақтөбе қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту шаралары сөз болды. Оған облыстық экология департаментінің басшысы Ж.Иманқұлов, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Н.Беркімбаева, «Ақбұлақ» АҚ директоры А.Ыбыраев қатысты. Брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов бүгінгі күні департамент Ақтөбе қаласындағы экологиялық мәселелерді оңтайлы шешудің жолын іздестіріп, бұл бағытта кешенді жұмыстар жасап жатқанын ...

Жалғасы »

Америкалық ковбойлар көкпардан күш сынасу үшін Астанаға келмек

ЭКСПО-2017 АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігі 20-28 тамыз аралығында Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпардан өтетін бірінші әлем кубогында америкалық ковбойларды қолдауға шақырады. Турнир, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында өтеді. Қазақстандағы Америка Құрама Штаттарының елшісі Джордж Крол былай дейді: — Жас кезімде атқа мініп өссем де, өкінішке қарай, көкпар ойнауға еш мүмкіндігім болмап еді. Жылқы малына деген құмарлықтың Қазақстан мен АҚШ елдеріне ортақ нәрсе ...

Жалғасы »