Daily Archives: 6 тамыз 2017

Жаңа үлгідегі жылыжай кешені

Баспасөз туры   Мұндай жылыжай Ақтөбеде ғана бар Облыс таяудағы екі жылдың ішінде көкөніспен өзін-өзі толық қамтамасыз ететін болады. Бұған қазіргі заманғы жабық жылыжай кешені мүмкіндік береді. Мұнда әлемдегі ең озық технология пайдаланылады. Өткен бейсенбі күні «ҚазАгро» ұлттық холдингі жүйесі бойынша, осы ақтөбелік кәсіпорында баспасөз туры өтті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Greenhouse Kazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. ...

Жалғасы »

Этноауыл жасақталып, көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды

Өткен сенбі күні Ақтөбе қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясында «Ауыл — еліміздің алтын қазынасы» атты Новый ауылдық округінің күні өтті. Шара аясында саябақ алаңында киіз үйлер тігіліп, этноауыл құрылды. Ауылдың өнерлі қыз-келіншектері этноауыл аясында келі-келсапқа тары түйіп, оны тас диірменге тартып келушілерге ұсынды. Сондай-ақ самаурынға шай қайнатылып, киіз үйді ...

Жалғасы »

Жеткізуде кедергі болмайды

Сұйылтылған газ Облыста сұйылтылған газды жеткізуде проблема болуға тиісті емес. Ақтөбе қаласындағы газ құю бекеттеріндегі газ тапшылығына байланысты жағдайға түсініктеме берген облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, көгілдір отыңың уақытша тапшылығы өңірдегі газ нарығында Энергетика министрлігі аккредиттеген жаңа компанияның жұмысқа қосылуымен байланысты. Нарықтың жаңа қатысушысы қажетті теміржол инфрақұрылымына ие және бүгінде өндіруші зауыттардан газ сатып алып, ...

Жалғасы »

Бір орынға үш үміткерден

8 тамызда Мәртөк ауданының жеті округінде жергілікті әкімдердің сайлауы өтеді. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнәр Күнбаева аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің, аудандық мәслихат депутаттарының, селолық округтер әкімдігіне үміткерлердің және олардың сенімді тұлғаларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізді. Оның айтуынша, облыстың 74 округінде село әкімдері сайлауы өтеді. — 2013 жылы 7 тамызда республикада тұңғыш рет селолық округтер әкімдерінің сайлауы өтті. Қазақстан Республикасы Президенті ...

Жалғасы »

Шаруаңды дөңгеленткің келсе, «Дамуға» бар

Мемлекеттік бағдарлама   Кепілдікті қор көтереді Бүгінде кәсіпкерлікті дамуытуға бағытталған арнайы мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, қаржыландыру мүмкіндіктері жеңілдетілуде. Мемлекет кәсібін дамытамын деген кәсіпкерлерге кепілдік тұрғысынан көмек қолын созып, қолдауға дайын. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы аясындағы кепілдендіру бағыты кәсіпкердің мәселесін оңтайлы шешуге жол ашады. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы облыстық филиалының мобильді кеңесшісі Мейірхан Жанкелдіұлының айтуынша, орта бизнеске  жеңілдіктер ...

Жалғасы »

Тарихты тану сабағы

Облыстың құрылуының 85 жылдығына арналып «Рухани жаңғыру: Туған жер — тұнған тарих» атауымен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткен ғылыми-практикалық конференция тарихшы-ғалым Беркін Құрманбековтің артында қалған мұраларын қайтадан бір зерделеуге арналды. Конференция тізгінін қолға алған тарих ғылымдарының докторы, профессор Нұртаза Абдоллаев туған жер тарихын зерттеудегі әріптес інісі болған Беркін Құрманбековтің өнегелі істеріне тоқталып, оның ғылымдағы жетістіктерін қысқаша саралап өтті. Ал ...

Жалғасы »

Балаларға қуаныш сыйлады

Алға облыстық балалар үйінің Бестамақ ауылындағы «Ақбөбек» жазғы лагерінде қызықты ойын-сауық бағдарлама ұйымдастырылды. Шара «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы — бақытты балалық» партиялық жобасы аясында өтті. Бұл күні «Ақбөбек» лагерінің демалушылары түрлі танымдық ойындар ойнап, спорттық сайыстарға белсене атсалысты. Сондай-ақ оларға қызықты сахналық қойылымдар ұсынылып, балмұздақтар таратылды. Алға облыстық балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазиннің айтуынша,  лагерьде 98 ...

Жалғасы »

100 ерікті ЭКСПО-дан келді

Ақтөбе қаласындағы «Сапар» автовокзалынан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысушы 100 еріктіні салтанатты күтіп алу рәсімі өткізілді. Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері, «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы, қаланың белсенді жастары мен еріктілердің ата-аналары қатысты. Күтіп алу шарасы кезінде ақтөбелік еріктілер «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерлерімен, тәжірибелерімен бөліссе, ал ата-аналар болса еліміз үшін аса маңызды шарада балаларының  көрме қонақтарына қызмет еткенін мақтанышпен айтып, ...

Жалғасы »

Астанада «Еуразия аптасы» халықаралық форумы өтеді

26 тамызда Астанада «Еуразия аптасы» халықаралық форумы өтеді. Форум аясында Еуразиялық зерттеулер орталығының қатысуымен «Еуразия экономикалық комиссиясы» (ЕЭК) және «Жоғары экономика мектебі» ұлттық зерттеу университеті «Еуразиялық экономикалық интеграцияның дамуындағы сараптамалық қоғамдастық пен ғылыми және білім беру мекемелерінің рөлі» сессиясын өткізеді. Сессия аясында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің академиялық орталарының жетекші өкілдерінің қатысуымен панельдік пікірталас пен дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Сессия ...

Жалғасы »

Хромтауда екі қоғамдық сауда орны салынады

Оның алғашқысы №4 Хромтау орта мектебінің алдындағы көп қабатты екі тұрғын үйдің аралығындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуардың жиегінде бой көтереді. Бұл тротуар қазіргі таңда күндіз көлік жүретін жолға айналса, түнгі уақыттарда автотұрақ қызметін атқарып тұр. Негізінен бұл аумақта көлік жүруге де, көлік қоюға да болмайды. Мектеп алдындағы көлік қозғалысы оқушылар үшін қауіпті. Оқушылар қауіпсіздігін басты назарға алған аудан әкімі Аманғали ...

Жалғасы »