Daily Archives: 3 тамыз 2017

Шахан үздік деп танылды

Әлеуметтік жоба  «Үздік әлеуметтік жоба» облыстық конкурсының нәтижелері шығарылды. Республикалық конкурс аясында ұйымдастырылған бұл шара мүгедектердің тіршілік жағдайын жақсарту бойынша іс-әрекеттер ұлттық жоспарын жүзеге асыру үшін жүргізіледі. Облыстық конкурстың жүлдегері болып пандустар құрылысы бойынша жобалар жасаумен шұғылданатын «Пандус-ОК» ЖШС директоры Шахан Жолдасбаев танылды. Шахан Жолдасбаев осыдан он жыл бұрын орын алған автомобиль апатынан зардап шеккен болатын. Ол мүгедектер арбасына таңылғанымен, ...

Жалғасы »

Хромтау тасқыннан зардап шеккен отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Сәрсенбі күні Ақтөбе қаласы әкімдігі ғимаратында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың бірі Гауһар Ешмұхамбетованың отбасына Хромтау ауданы екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Салтанатты шараға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров, қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин, сондай-ақ қалалық әкімдіктің қызметкерлері қатысты.Шарада қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға облыс аудандары ...

Жалғасы »

Облыс әкімі азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеуді тапсырды

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне құзырлы органдармен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының  көтерілуіне жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Атап айтқанда, облыс әкімі әлеуметтік сауда орындарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етіп, күнделікті мониторинг жүргізе отыра, азық-түлік бағасының негізсіз өсуін болдырмауды міндеттеді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жалғасы »

7-16 тамыз аралығында пәтерге құжаттар қабылданады

Ақтөбе қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенова бастаған топ 11-шағын аудандағы «Арай» тұрғын үй кешеніндегі бір бөлмелі пәтерлерді аралады. Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ тұрғын үй бағыты бойынша 7-16 тамыз аралығында қалалық тұрғын үй қорын есепке алу секторына электронды түрде қосымша өтініштер тапсыра алады. Қазіргі уақытта «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ...

Жалғасы »

Ақтөбе Шәмшіні еске алады!

15 тамызда сағат 19.00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мəдениет жəне демалыс саябағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы, қазақтың əн падишахы, ҚР халық артисі Шəмші Қалдаяқовтың туған күніне арналған республикалық «Əн — ғұмыр» атты ретро əндер фестивалі өтеді. Фестивальде белгілі әншілер Мирас, Құралай Бекжановтар, Жадыра Арыстанова, Арайлым Рахым, Нұрғали Тұрлыбеков (Астана), ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (Астана), сондай-ақ Батыс Қазақстан ...

Жалғасы »

Облыстық телекоммуникация дирекциясы: алғашқы жартыжылдық осылай өтті

Сан мен сапа Абоненттермен тығыз байланыс орнатып, олармен арадағы әріптестікті әрдайым нығайтуға мүдделі Ақтөбе облыстық телекоммуникация дирекциясы тиісінше белгілі бір уақыт сайын есеп беріп, атқарылған жұмыстар туралы хабарлауды ұмытпайды. Бұл — олардың қалыптасқан дәстүрі. Осы үрдіске сай, облыстық телекоммуникация дирекциясы филиалдың осы жылдағы бірінші жартыжылдығының қызметін қорытындылап, сондай-ақ, алға қойған жоба-жоспарларымен бөлісті. Сонымен…   Дирекциядағы мамандардың мәлімдеуінше, аталған уақыт аралығында ...

Жалғасы »

«Латын әліпбиін кезінде Құдайберген Жұбанов та жоғары бағалаған еді»

Латын әліпбиі Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз  керек»  деген болатын. Қазіргі кезде осы мәселе жұртшылық арасында  қызу  талқыланып жатыр.Мамандар латын жазуының артықшылығы, қазақ тілі орфографиясын одан әрі жетілдіріп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейте түсуде латын жазуын қабылдаудың маңызы зор екендігін айтып келеді.Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе  өңірлік мемлекеттік ...

Жалғасы »

«Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..»

Астанада шымылдығын түрген халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің аяқталуына да бір айдан астам уақыт қалды. Бүкіләлемдік шара басталғалы сол туралы үзбей хабар таратып, ең қызықты деген оқиғалары жөнінде материал ұсынған «Ақтөбе» газетінің редакциясы бұл жолы 115 елдің айтулы ұлттық күндеріне тоқталмақ. Корея: 150 мың көрермен «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Корея Республикасының ұлттық күні басқалардан ерекше өтті. Оған себеп — жерлестеріміздің аталған ұлт өкілдеріне, ...

Жалғасы »

«Қарой-Шейітсай-Қарой» автожорығы Ақтөбеге келді

Атыраудан бастау алған «Қарой-Шейітсай-Қарой» автожорығы Ақтөбеге жетті. Басты мақсат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлт-азаттық көтерілістің басшылары Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы туралы тың деректер жинап, бабалар рухына тағзым ету. Ақтөбеге жеткен атыраулық делегацияны «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев бастап келді. Сонымен қатар, автожорық құрамында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ...

Жалғасы »

Екпеден бас тартпаңыз!

Бүгінде облыс бойынша екпе алмаған 2572 бала бар. Оның ішінде 1686-сы, яғни 65,5 пайызы туғаннан бастап ешқандай екпе алмаған. Бұл алдағы уақытта балалар ағзасының әртүрлі инфекцияны тез қабылдап алуына әкеліп соғады. Қазір облыстағы дәрігерлер осы мәселені қолға алып, қарқынды жұмыстар жүргізуде. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының кандидаты, доцент Галина Жұмағалиеваның айтуынша, ...

Жалғасы »