Daily Archives: 1 тамыз 2017

Облыста екпе алмаған 2572 бала бар

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен халық денсаулығын қорғау жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиынға үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас мамандары, қалалық емдеу, алдын алу мекемелерінің бас дәрігерлері, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Ақтөбе облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері қатысты. Отырыстың күн тәртібінде облыста тұрғындар арасында иммуннопрофилактика бойынша 2017 жылдың бірінші ...

Жалғасы »

Облыс әкімі табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді тапсырды

Облыс басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе табиғи өртпен күрес шараларын күшейтуді, сонымен қатар, олардың  туындауының алдын алуды тапсырды. Бүгінде Ақтөбе облысында 12 гектардан астам алаңда үш орман өрті және 30 гектар алаңда бір дала өрті тіркелген. Сондай-ақ, 13 мың гектардан астам аумақта 132 өрт шалу оқиғасы болды. Өртті сөндіруде ТЖД-нің, жергілікті атқарушы билік пен ерікті ...

Жалғасы »

Аналарға алқа тақты

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров бір топ көпбалалы анаға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін салтанатты түрде табыстады. Салтанатты шарада қала әкімінің орынбасары 4 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 9 көпбалалы анаға «Күміс алқа» табыс етті. Марапатталғандардың ең жасы отызда болса, ең үлкені — 45 жаста. Нағымжан Алдияров көпбалалы аналарды марапаттарымен құттықтай отырып, олардың қоғамдағы алар орны туралы айтып, дендеріне ...

Жалғасы »

Имамдар мен жамағат боулинг ойнаудан жарысты

Дүйсенбі күні Ақтөбеде 10 мешіттің имамдары мен қаланың жамағаты боулинг ойнады. Біріші орынды «Нұр Ғасыр» мешітінің жастары жеңіп алды. Ақтөбе қаласындағы боулинг клубтарының бірінде 100-ден астам жамағат боулинг ойнаудан жарысты. Барлығы 17 команда сайысқа түсті. — Діндарлар өзара бөлінеді. Міне, сол айырмашылықты жойып, ауызбіршілік пен татулықты орнату мақсатында осындай спорттық шара өткіздік. Бұл жерге өзге ағым өкілдері де шақырылды, — ...

Жалғасы »

Абай даңғылындағы гүлзардың жаңа келбеті

Ақтөбе шаһары күн өткен сайын көркейіп, гүлденіп келеді. Облыс орталығының сәніне сән қосқан тағы бір гүлзар қайта жаңартылып, тұрғындардың жиі келетін мекеніне айналды. Абай даңғылының бойындағы демалыс орталығында қала тұрғындары мен қонақтары үшін қуаныш сыйлайтын барлық жағдай жасалған. Жөндеу жұмыстарының нәтижесінде, саябақта екі балалар алаңы және жаттығу құралдары бар спорт алаңдары салынды. Сондай-ақ 230 түп түрлі ағаш егілді. Қалаға көрік ...

Жалғасы »

Шіліңгір шілде: қат-қабат шаруа айы

Жаз ортасы облыста ыстық ауа райымен, аңызақ-аптабымен, сонымен бірге жартыжылдықты қорытындылап, алдағы міндеттерді айқындаумен есте қалды. Ең бастысы, бұл айда да аз шаруа атқарылған жоқ. Сонымен, солардың ең бастыларын санамаласақ… Бюджеттің кіріс бөлігі көбейді Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бюджеттің орындалуы жөнінде жиын өткізіп, онда 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің жақсара түскенін атап өтті. Осы бағаны ...

Жалғасы »

Қайта кешенді тестілеуге құжат қабылдау басталды

1 тамыздан бастап шекті деңгейден өте алмаған түлектер ЖОО-ның ақылы бөліміне түсу үшін қайта кешенді тестілеуге құжат тапсыра алады. Құжаттарды қабылдау 1-8 тамыз, ал тестілеу 19-24 тамыз аралығында өтеді. Ақтөбедегі базалық оқу орны Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұржан Бердібаевтың айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеуден тиісті балл ала алмаған немесе тестілеуге қатыспаған түлектер, сондай-ақ кешенді тестілеуге ...

Жалғасы »

Әлемге әйгілі опера әншісі Пласидо Доминго ЭКСПО-ны аралады

ЭКСПО-2017 Дүниежүзіне белгілі опера әншісі Пласидо Доминго Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесіне келді. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атақты әншіні және оның отбасы мүшелерін Қазақстанның ұлттық павильоны саналатын «Нұр Әлем» сферасына әкелді. Павильонның бірінші қабатында орналасқан «Қазақстанның қонақжайлылығы» бұрышында қонақтар «Ауыз тию», «Қонақасы», «Қонақкәде», «Ат мінгізіп, шапан жабу», «Сарқыт», «Бел көтерер» сынды қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерімен таныс болды және танымал ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметшілердің жоғары моральдық- этикалық келбеті — ел дамуының алғышарты

Бүгінде еліміз дамудың жаңа деңгейіне көшті, халықаралық аренаға шығып, көптеген дүниежүзілік ұйымдарға мүше болды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтегі моральдық-этикалық нормалардың жоғары стандарттары анықталды.   Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын айқындау қоғамның мемлекеттік қызметшілерге деген сенімін жоғарылатуға, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және қызметтік этика бұзушылықтарының алдын алуға септігін тигізеді. Мемлекеттік қызмет ...

Жалғасы »

Қазақ даласындағы тұңғыш қыздар мектебі

Қазіргі Ақтөбе аймағы ғана емес, жалпы қазақ  даласында қыз балаларға арналған тұңғыш білім ордасы Ырғызда ашылғаны мәлім. Барша  алаш жұртына жыл құсындай жағымды жаңалық болып жеткен осы мектеп қашан, қалай ашылды, оның бастауында кім тұрды және алғашқы түлектер кімдер еді? 1886 жылы Ырғыз қалалық қоғамы Торғай облыстық оқу ісінің басқарушыларының алдына Ырғызда қыздар мектебін ашу туралы мәселе қойып, бұл мектеп ...

Жалғасы »