Басты бет » 2017 » тамыз

Monthly Archives: тамыз 2017

Облыс басшысы астық жинау барысымен танысты

Жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев астық жинау, келер жылға тұқым дайындау барысымен танысып, жергілікті ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесті. Өңір басшысының шаруалармен кездесуі Хромтау ауданының ең үздік және алдыңғы қатарлы шаруашылықтарының бірі — «Ақжар-Агро» ЖШС егістігінде өтті. Бердібек Сапарбаев шаруа қожалықтарының басшыларымен әңгімелесіп, оларды толғандырған сұрақтарға жауап бере отыра, бірқатар тапсырмалар қойды. Солардың негізгісі — астық жинау ...

Жалғасы »

«Made in Aktobe» — болашақтың гүл бағы

Конституция күнінде Ақтөбе қаласындағы Болашақ шағын ауданында жаңа «Made in Aktobe» гүл бағы ашылды. Гүл бағының ашылу салтанатына шағын аудан тұрғындары мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Облыс әкімі ақтөбеліктерді Конституция күнімен және жаңа демалыс орнының ашылуымен құттықтады. — Тұрғындар осы әсем саябақта қыдырып, демалып, спортпен айналысып, отбасымен бос уақыттарын осы жерде өткізе алады. Бұл — қаланы көгалдандыру мен жақсарту ...

Жалғасы »

Жатақхана тұрғындары далада қалмайды

Анық-қанық Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов Хромтау қаласындағы «Құрылысшы» жатақханасына байланысты «Ақтөбе ақпарат» орталығында брифинг өткізді. Осыдан біраз уақыт бұрын Хромтау қаласындағы «Құрылысшы» жатақханасына қатысты шу шыққан болатын. «Қазхром» трансұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Дөң тау-кен байыту комбинатына тиесілі жатақхананың тұрғындары бір ай ішінде бөлмелерді босатуы керек болды. Комбинаттан осындай талап түскеннен кейін тұрғындар қайда барарларын білмейі әуреге түскен еді. Облыс ...

Жалғасы »

Ақтөбеге тағы 50 жаңа автобус келеді

Сессия Ақтөбе қалалық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, әкімнің орынбасарлары мен қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық, қалалық мәслихаттың депутаттары мен ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Сессия отырысының күн тәртібіндегі қаралған негізгі мәселе — қала әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы биылғы жартыжылдықтағы есебі. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында Ақтөбе қаласының мемлекеттік ...

Жалғасы »

Скандинавтық жүріс — денсаулық кепілі

Марафон Конституция мерекесі күні Батыс-2 шағын ауданындағы Денсаулық саябағында облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен скандинавтық жүрістен марафон өтті. Шараға медициналық ұйымдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты. Марафонның ашылуында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев айтулы мерекемен құттықтап, 100 адамға скандинавтық жүріске арналған спорттық жабдықтарды табыс етті. — Биыл Ата Заңымыздың қабылданғанына 22 жыл толды. Еліміздің барлық жетістігі Конституциямен тығыз байланысты. Сондықтан ...

Жалғасы »

Жаңа оқу жылы: 407 мектеп. 132 мыңнан астам оқушы

2 қыркүйек — Білім күні Облыстағы 407 мектепте алғашқа қоңырау рәсімі салтанатты түрде өтеді. Жалпы облыста 132 мыңнан астам оқушы бар. Биыл  мектеп табалдырығын аттайтын балалардың саны 16 мыңнан асады. Жаңа оқу жылында 1,2,5,7-сыныптың оқушылары 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша оқиды. Биылғы оқу жылының ерекшеліктері неде? Үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешілуде? Біз облыс мектептерінің жаңа оқу жылына әзірлігі ...

Жалғасы »

Ата Заң — ынтымақ ұйытқысы

Конституция күнінде облыс әкімдігі алаңында бірқатар салтанатты шаралар өтті. Жиналған жұртшылық алдымен ондаған кәсіпорындар мен мекемелер ұжымдары — мыңдаған еңбеккерлер қатысқан салтанатты шеруге куә болды. Орталық стадионнан бастау алып, облыс әкімдігі ғимараты алдындағы алаңға дейін жалғасқан шеруге ұлттық-мәдени орталықтар өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, сот, прокуратура және құқық қорғау орындарының қызметкерлері, түрлі жарыстарда жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген спортшылар, банк, коммуналдық қызмет көрсету ...

Жалғасы »

Ақтөбеде еліміздегі екінші орталық салынады

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік Қазақстан Республикасының Конституциясы күні облыстық көпсалалы аурухана жанынан бой көтеретін позитронды–эмиссионды томография орталығының алғашқы капсуласы салынды. Сонымен қатар аурухананың қабылдау бөлімі халықаралық деңгейдегі  «Emergency Department»  үлгісімен қайта ашылды.  ПЭТ: НАҚТЫ ДИАГНОЗ, ТИІМДІ ЕМ. Капсула салу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев жиналғандарды мерекемен құттықтады. — Бұл күн —  облыс медицинасындағы тарихи күн. Себебі позитронды-эмиссионды томография орталығы өңірлерде ...

Жалғасы »

Бірлік пен бейбітшілік бастауы

Конституция күні аудандарда аталып өтті  Алға ҚР Конституциясы күніне орай Алға ауданындағы Қайыңдысай ауылында көкпардан жарыс өтті. Облыстық көкпар федерациясы, Алға аудандық дене шынықтыру жəне спорт бөлімі, Маржанбұлақ ауылдық округы əкімдігінің ұйымдастыруымен өткен турнирге 5 жастар жəне 5 ересектер командасы қатысты. Тартыс өте қызықты өтті. Қорытындысында, І орынды — Қайыңдысай ауылының, ІІ орынды — Ақтөбе қаласының, ІІІ орынды Еркінкүш ауылы ...

Жалғасы »

Қала жағымсыз иістен құтыла ма?

Брифинг Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасын жақсарту бағытындағы жұмыстарға айрықша маңыз берілуде. Әсіресе, қаладағы жағымсыз иісті жоюға байланысты осы жылғы көктем, жаз айларында қоғамдық ұйымдармен, қала тұрғындарымен бірлесе отырып көп жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде қаланың ауасы әжептәуір жақсарды. Мұны қала тұрғындарының өздері айта бастады. Дегенмен облыс әкімінің тікелей бақылауында тұрған бұл мәселені әлі де тиянақтай түсу, қаланың ауасын бүлдіріп келген себептерді ...

Жалғасы »