Daily Archives: 25 шілде 2017

Елбасы мақаласы: облыста қандай шаруалар жасалып жатыр?

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сарапшылар кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары жиынға онлайн режимінде қосылды. Жиында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланғаннан бастап облыс көлемінде атқарылған жұмыстар ...

Жалғасы »

Ақтөбенің ауасын бұзған кім?

Қалада экологиялық талаптарды сақтамай отырған кәсіпорындар жұмысы жоспардан тыс тексерілетін болды  Қалада жағымсыз иіс шығуына осындай кәсіпорындардан шығарылатын өндірістік қалдық себеп болып отыр. Бұл туралы кеше облыс әкімінің орынбасары  Қайрат Бекеновтің қатысуымен болған көшпелі жиын кезінде айтылды. Жиынға табиғатты қорғау прокуратурасы мен экология департаментінің мамандары,  сондай-ақ канализация жүйесіне өндірістік қалдықтарды төгетін кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Ақтөбеде бұған дейін де экологиялық мәселелер ...

Жалғасы »

Отбасылық ансамбльдер фестивалі өтті

Ақтөбе облысының 85 жылдығына орай облыстық халық шығармашылығы үйі облыстық «Өнерім — өрісім» атты отбасылық ансамбльдер фестивалін өткізді.   Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған отбасылық ансамбльдер фестивалі — өнерді, отбасындағы бірлік пен татулықты және ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған музыка мерекесі. Облыс орталығында дәстүрлі түрде өтетін фестивальға қатысушылардың саны жыл өткен сайын артып келеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы орталық мәдениет және ...

Жалғасы »

Ізденіс іскерлікке жетелейді

Өңірімізде кәсіпкерлік пен шағын бизнесті дамыту мақсатында сан тарапты жұмыстар қолға алынуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды тек облыс орталығында ғана емес, сонымен қатар, алыс ауылдардағы елді мекендерде де дамытуға ерекше назар аударылуда. Шалғай ауылдарға арнайы іссапармен шығып, жеке кәсіпкерлік саласына қыз-келіншектерді көбірек тарту мақсатында облыстық іскер әйелдер кеңесі төрайымы Күлпаршын Айдарханова «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, жүйелі жұмысты қолға алды. ...

Жалғасы »

Әнуар Өтеген-Тананың мерейтойлық көрмесі ашылды

Облыстық  өнер музейінде белгілі суретші, экслибристің әлемге танымал суретшілерінің бірі, профессор  Әнуар Өтеген-Тананың 75 жылдық мерейтойына  арналған көрмесі ашылды. Алашорданың 100 жылдығына орайластырылған Әнуар Өтеген-Тананың мерейтойлық көрмеге суретшінің графика, кескіндеме жанрында, экслибрис түрінде орындалған  70-тен аса жұмысы қойылған. Оның ішінде исі қазақтың асыл перзенттері Абайға,  Ахмет Жұбановқа, Ғазиза Жұбановаға, Шұғыла Сапарғалиқызына арналған экслибристері бар. Сондай-ақ «Хадис», «Қазақтар» сериялары бойынша туындылары, ...

Жалғасы »

Дәулет Азия чемпионы атанды

Таиландта грек-рим күресінен кадеттер арасында өткен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Чемпионатқа 76 кг салмақта Қазақстанның құрама командасы сапындағы жерлесіміз Дәулет Жалғасов қатысып, Азия чемпионы атағын жеңіп алды. Дәулет биылғы жылы Әзірбайжан және Грузия елдерінде өткен халықаралық турнирлерде жүлдегер атанды. Сонымен қатар, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған турнирде және Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, Азия чемпионатына жолдама алған еді. ...

Жалғасы »

«Нұр Әлемде» оқу-жаттығу өтті

Құтқарушылар және елордалық төтенше жағдайлар департаментінің инженерлік-инспекторлық құрамы «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Нұр Әлем» павильонында өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. — Оқу-жаттығу шартына сәйкес, электр сымдарының қысқа тұйықталуынан фотосалонның 30 шаршы метр аумағында өрт оқиғасы орын алды. «Нұр Әлем» павильонының аумағында автоматты өрт дабылының құрылғысы іске қосылды. Нысанға бірнеше минуттан кейін бөлімшенің кезекші ауысымы келді. Оқиға орнына келісімен құтқарушылар барлық эвакуациялық шығуларды ...

Жалғасы »

Нақты қадамдар ықпалымен

Елбасымыздың  «Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет» деп елді жаңа серпіліске дайын болуға, оны жүзеге асыруға үндеуі біздің бәрімізге қозғау салғандай болды. Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында сот жүйесіне деген сенімнің одан әрі артуына қол жеткізу қажеттігі мен судьялардың жұмысына заңнан тыс кез ...

Жалғасы »

Жазылған жайдың жаңғырығы

«КӨШЕ НЕГЕ КӨРІКСІЗ?» («Ақтөбе» газеті, №81, 12 шілде 2017 жыл) КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ Газетте жарияланған «Көше неге көріксіз?» атты мақаладағы мәселелерге қатысты мына жайларды хабарлаймыз. Қарауылкелді ауылында жыл сайын жоспар бойынша көше жолдары мен жаяу жүргіншілер жолына асфальт жамылғысы төселіп келеді. Бірақ бұл құрылыс жұмыстарымен жолдарға жүргізілген талдау қорытындысы бойынша белгіленген көшелер, яғни техникалар мен адамдар жиі жүріп-тұратын және ...

Жалғасы »

Дербісәлі бабамыз — дара тұлға

Тарихымызды зерделегенде заманында жарты патша атанған Дербісәлі Беркімбаев есімін алдыңғы қатарда атайтынымыз айқын. Оның ел басқарудағы қайраткерлік қызметі, халыққа жасаған еңбегі туралы күні бүгінге дейін аңыздай айтылады. Бұл ұлы тұлға туралы бұрын да айтылып, жазылып жүр. Сондықтан бұл мақаламызда кейбір мәселелерді қозғағымыз келеді. Дербісәлінің халыққа жасаған жақсылығының бірі — қазақтарды тура келген қырғыннан алып қалуға ықпал етуі. Бұл жұқпалы ауруға ...

Жалғасы »