Daily Archives: 19 шілде 2017

Бердібек САПАРБАЕВ: Барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер өткен жылғы деңгейден жоғары

БАҚ өкілдерінің басым көпшілігінің пікірінше, Бердібек Сапарбаевтың өңір тізгінін қолға ұстауымен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы қуатты серпінге ие болды. Ал Ақтөбе қаласы соңғы екі жылда өзінің бет-бейнесін түбірінен өзгертті. Жаңа инвестициялық жобалар облыстың әкімшілік орталығы — Ақтөбеде ғана емес, сондай-ақ аудандарда да жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау сапасы мен мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру деңгейі бірнеше есе жақсарды. Бұл ретте индустриалды-инновациялық ...

Жалғасы »

Жаңа жобалар қаланың көркіне көрік қосады

Бүгінде жекеменшік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Ақтөбедегі жергілікті және республикалық басылымдардың, электронды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ұйымдастырылған пресс-тур кезінде  өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту бағытында бой түзеп жатқан бірқатар әлеуметтік ғимараттардың құрылысын  Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов таныстырды. Жалғыз қала әкімі ғана емес, жауапты басқармалардың басшылары да журналистерді құрылыс алаңында күтіп алып, ...

Жалғасы »

Елбасы мақаласы — рухани жаңғыру тетігі

Дүйсенбі күні облыстық соттың мәжіліс залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Рухани жаңғыру — жарқын болашақтың негізі» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, мәдениет саласының өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, сондай-ақ облыстық соттың судьялары қатысты. Басқосуда облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай бағдарламалық мақаладан туындайтын міндеттер төңірегінде ой қозғады. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани ...

Жалғасы »

Жеке инвестиция: 72 млрд теңге, 1700 жұмыс орны

Кеше «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Дархан Өтеміс брифинг өткізіп, биылғы жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі күні индустриалды аймақта «TALAN Technology», «Ақтөбе Топса Пласт» серіктестіктері өз жұмысын бастаған. Биылғы жылы «Зерде Керамика Ақтөбе», «ПолиВест», «FIBC», «Жедел Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері өздері белгілеген жоба бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған 4 жобаның ...

Жалғасы »

Сыр өңіріне сапар

Биыл  облысымыздың 85 жылдығы тойланбақ. Оған   республика аумағындағы, алыс-жақын шетелдердегі жерлестеріміз шақырылып отыр. Осы шара аясында көрші облыстармен де қарым-қатынас, алыс-беріс, барыс-келіс нығая түсті. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-не қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері редакциясымен «Қазақстан РТРК» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалы арасындағы  әріптестік шығармашылық меморандумы аясында біріккен экспедиция Қызылорда облысына аттанған еді. Ақтөбелік тілшілер Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолы арқылы ...

Жалғасы »

Әйгілі симфонияның қазақстандық премьерасы өтпек

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен әлемге аты әйгілі дирижер Алаң Бөрібаев бірегей жоба ұсынуда: біртуар австриялық композитор Густав Малердің әйгілі №8 Симфониясын ашық аспан астында алғаш орындау үшін 1200 музыкант атсалыспақ. Қазақстандық тұсаукесері «ЭКСПО-2017» мәдени бағдарламасының аясында 22 шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайы жанындағы алаңда өтеді.  Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығының хабарлауынша, Густав Малердің №8 симфония ми-бемоль мажор ...

Жалғасы »

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 16,2 миллиард теңгеге бағаланған 26 жоба жүзеге асырылады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында инфрақұрылымдарды дамытуды мақсат еткен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің өңірде іске асырылатын жобалардың жұмысы талқыланды. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері, облыстық атқарушы органдардың жетекшілері және мердігер құрылыс мекемелерінің басшылары мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында жүргізілген жұмыстар туралы есеп берді. Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің аймаққа Ұлттық  қордан 16,2 миллиард теңге ...

Жалғасы »

«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының жаңа маусымда көрерменге ұсынары көп

ЖАҢА ЖОБАЛАР — МАУСЫМНЫҢ ЖАҢАЛЫҒЫ «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы жаңа маусымға дайындық үстінде. «Бүк-шік», «Туған жерге тағзым» және облыстың имидждік бейнебаяны. Мұның бәрі де —  телеарнаның жаңа жобалары. Үш жоба да облыстың 12 ауданында түсіріліп жатыр. Түсірілім жұмыстары үшін шығармашылық ұжым 12 ауданға іссапарын бастады. Топтың құрамында 10 адам бар. Олар бір ай бойы түсірген қызықты хабар  жаңа маусымнан бастап көрерменге жол ...

Жалғасы »

Димаш «Славян базары-2017» фестивалінің жабылу салтанатында ән салды

Беларусь елінің Витебск қаласында өткен халықаралық «Славян базары» байқауының жабылу салтанатында жерлесіміз Димаш Құдайберген өнер көрсетті. Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі фестивальге құрметті қонақ ретінде шақырылған ол әлемге әйгілі «Адажио» әнін шырқады. Аталған өнер додасына арнайы шақырып, құрмет көрсеткен ұйымдастырушыларға алғысын білдірген Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында: — Биыл «Славян базары» байқауында екінші жыл қатарынан құрметті қонақ ретінде өнер көрсеттім. Осы мүмкіндікті ...

Жалғасы »

Андрей — азия чемпионы, Ринат — күміс жүлдегер

Жуырда Астанада каратэ-додан Азия чемпионаты өтті. Құрлық біріншілігіне 30 елден 700 спортшы қатысты. Біріншілік аясында тек ересектер ғана емес, жастар мен жасөспірімдер арасында да Азияның үздіктері анықталды, яғни әр елден үш құрамадан келді. Қазақстаннан 70 спортшы бақ сынады. Осы 70 спортшының 8-і алтын медальға ие болды. Олардың арасында біздің жерлесіміз Андрей Ақтауов та бар. 2014 жылы Андрей Азия ойындарының чемпионы ...

Жалғасы »