Daily Archives: 17 шілде 2017

Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынан зардап шеккен отбасылар үшін салынып жатқан үйлердің құрылысын барып көрді, сондай-ақ қандай мәселелерге шұғыл араласу керектігін де анықтады», — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге 70 учаске бөлінген қала маңындағы Сазды және Қурайлы ауылдарында болды. Асықпай аралап, мән-жайға қаныққан ол  құрылыс алаңдарын   тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету ...

Жалғасы »

Балаларды жыл бойы қабылдайтын лагерь ашу жоспарланып отыр

14 шілдеде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жазғы балалар лагерінің жұмысымен танысты. Өңір басшысы облыстың барлық аудандарының оқушылары келіп, демалып жатқан №60 орта мектеп жанындағы «Айналайын» лагері, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның «Мұнайшы» демалыс орны, «Əсем» демалыс орталығы, сондай-ақ, «Ақбөбек Шығыс» жəне «Достық» балалар лагерьлерінде болды. Ағымдағы жылы облыстың 112 мың оқушысы жазғы лагерьлерде демалады, бұл өңірдегі білім алушылардың жалпы санының — 92 пайызы. ...

Жалғасы »

Биыл 31 мың адам жұмыспен қамтылады

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиналыста халықты жұмыспен қамтуға арналған кешенді жоспар, өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын жүзеге асыру сұрақтары талқыланды. — Биылғы жылдың соңына дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған кешенді жоспар аясында 31 мың адамды еңбекпен қамту жоспарланып отыр. Бүгінде осыған орай жұмыс орындарын құру, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар арқылы ...

Жалғасы »

Мерекедегі марапат

Өткен аптада Металлургтер күніне орай «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының Металлургтер мәдениет үйінде еңбек озаттары мен ардагерлер марапатталды. Аталған шараға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен зауыт басшысы Мұрат Мұқашев қатысты. Мерекелік шарада зауыт директоры атқарылған жұмыстар мен алдағы міндет-жоспарлар жайында айта келе, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының ұжымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір топ еңбек озатын арнайы марапаттады. ...

Жалғасы »

Аукционға 55 өтінім түсті

Ақтөбе қалалық әкімдігі ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету аясында өнеркәсіптік-азаматтық бағыттағы нысандар құрылысы үшін 13 жер учаскесін жалға беру бойынша аукцион өтті. Осымен 9-шы рет өткен кезекті аукцион Ақтөбе қаласы және оның маңындағы жерлерге қатысты болды. Аукцион арқылы жалға берілетін жер учаскелерінің тізіміне көп қабатты тұрғын үйлер, демалыс базаларын, монша кешенін, автогаз құю стансаларын, балабақша, таунхаус, өндірістік базалар, спорт кешендерін, сауда ...

Жалғасы »

Астықты аудан

Ақтөбеде Әйтеке би ауданының күндері өтті.  Жәрмеңкедегі береке Сенбі күні «Табыс» коммуналдық базарының сөрелері Әйтеке би ауданынан жеткізілген азық-түлік өнімдерімен толықты. Бұл жәрмеңкенің басты ерекшелігі — өнімдер бағасының арзандығында болды. Мәселен, сиыр еті — 1150, жылқы еті — 1500, қой еті 1000 теңгеден сатылды. Бұдан өзге қала тұрғындарына сүт өнімдерінен сүзбе, құрт, қаймақ, май, қымыз ұсынылды. Жәрмеңкеде болған облыс әкімі ...

Жалғасы »

«Беу, қыздар-ай!»

Т.Ахтанов атындағы драма театрда Әйтеке би аудандық «Целинник» Мәдениет үйінің «Замандас» халықтық жастар театры аудан күндерінде Ақтөбе қаласының тұрғындарының назарына Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейітовтің «Беу, қыздар-ай» комедиясын ұсынды. Әр салада қызмет жасайтын көркемөнерпаздардың күшімен қойылған спектакльді көрермендер жылы қабылдады. «Замандас» театрының режиссері Шара Бекназарованың қойылымында рөлдерде көрінген жастар ауданның намысын қолдан бермеуге тырысып бақты. Кеңес заманында  Социалистік Еңбек ері Зылиха Тамшыбаеваға ...

Жалғасы »

Базар жырауға арналды

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияда Әйтеке би ауданының күндеріне орай даңғайыр жырау Балқы Базар Оңдасұлының 175 жылдығына арналған облыстық термешілер байқауы өтті. Артында 15 мың жол өлең мен 5-6 толғау қалдырған, сөз өнерін қадірлейтін қазақ үшін әр сөзі алтынға бергісіз Базар жыраудың өнеге-насихатқа толы терме-толғауларын кейінгі жас ұрпақтың санасына сіңіруді, оның үстіне жыршылық-жыраулық дәстүрдің үзіліп қалмауын ойлаған ел осындай сайыстарды өткізуге ...

Жалғасы »

Оқытушылар қолдау білдірді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің техникалық факультеті оқытушыларының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шарада оқытушылар биылғы жылы әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін Д.Қонаев атындағы тау-кен істері институтының ғалымдары ұсынған ғылыми жұмыстарды талқылап, байқауға жіберілген жобаны бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Дөңгелек үстел барысында техникалық факультеттің деканы Өтеген Сариев пен техника ғылымдарының докторы, «Металлургия және тау-кен ісі» кафедрасының ...

Жалғасы »

Фольклорлық фестиваль әріптестікті нығайтады

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында «Volksfest-2017» фольклорлық фестивалі өтті. Бұл шара М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өткізіліп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды. Осы мерекелік кештің концерттік бағдарламасын ұйымдастырған Қазақстандағы «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігі ассоциациясы екенін атап өткен жөн. Қазақстандағы немістер үшін ең маңызды оқиғаға саналған «Volksfest» фестивалінің өзіндік ерекшелігі бар екені дау туғызбайды. Осы арқылы немістердің мәдениеті мен ...

Жалғасы »