Daily Archives: 14 шілде 2017

Екі университет арасындағы ынтымақтастық нығаяды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің Конфуций институтының қызметкерлері Қытайдың Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдерімен кездесті. Университетке Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің проректоры, профессор Сунь Гохуй,  Синьцзян қаржы-экономикалық университеті жоспарлау және даму басқармасы бөлімінің басшысы, профессор Лю Вэньцуй, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті редакция бөлімінің басшысы, профессор Лу Айчжэнь,  Синьцзян қаржы-экономикалық университеті Орталық Азия институтының деканы, профессор Цзя Янань, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті халықаралық байланыстар бөлімі басшысының ...

Жалғасы »

Өңірлік құқықтық қызмет көрсету орталығы ашылды

Ақтөбеде Қазақстандағы алғашқы құқықтық қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Оның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, ҚР Бас прокуратурасының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қатысты. Аталмыш орталық — облыстық прокуратураның облыс әкімдігі қолдауымен жүзеге асырған пилоттық жобасы. Жобаның мақсаты — азаматтардың мемлекеттік және құқықтық органдарға ...

Жалғасы »

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау жасалады

«Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің қатысуымен өткен әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында инклюзивті білім беруді дамыту және мүгедек балаларға көмек көрсетуге байланысты мәселелер талқыланды» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша 2016 жылы оңалтудың жекелеген бағдарламасы бойынша 94 мүгедек бала орындық-арба алды, тағы 96-сы көмекші техникалармен қамтамасыз етіліп, ...

Жалғасы »

Суға түсу орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілуі тиіс

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша суға түсу маусымы басталғалы бері тоғандарда 12 оқиға тіркеліп, 14 адам қайтыс болған. ТЖД қызметкерлерінің күшімен 4 адам құтқарылса, оның біреуі — бала. Облыс орталығында ресми түрде 4 жағажай жұмыс жасайды. Алайда, ексеру шаралары кезінде иелерінің рұқсат құжаты жоқ тағы 6 ақылы жағажай анықталды. Өңірде барлығы 25 суға түсу орны бар, оның ішінде 12 ...

Жалғасы »

«DOING BUSINESS»: үздіктер анықталатын күн алыс емес

Облыстық әкімдікте «Doing Business» рейтинг көрсеткіштерін жақсарту мәселесі және бизнес ортаны оңтайландырудағы рұқсатнама қағаздарына жаппай ауқымды түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысты кеңейтілген жиын өтті. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновтің төрағалық етуімен өткен басқосуға облыстық прокуратура, кәсіпкерлік саласына жауап беретін органдар, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың өкілдері қатысты. Өткен жылы біздің облыс елімізде іске асырылған «Doing Business» рейтингін енгізу бойынша пилоттық жобаның қатысушысы ...

Жалғасы »

Депутаттар құрылыс жұмыстарын көрді

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Орск-Ақтөбе автомобиль жолының құрылысымен танысты. Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері —  Асылбек Смағұлов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракендер Орск-Ақтөбе автожолының бойындағы құрылыс барысын көріп, сондағы мердігер мекеме жұмысшыларымен кездесті. Мақсат — мемлекет қаржысына салынып жатқан жолдың құрылысы қандай дәрежеде атқарылып жатқанын бағамдау. — Осы сапарымыз арқылы Парламент қабырғасында қандай жұмыстар істеліп ...

Жалғасы »

Ауаға таралатын жағымсыз иіс қайтсе азаймақ?

Ақтөбе қалалық әкімдігінде өткен жиында қаланың экологиялық жағдайы талқыланды. Қала әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен өткен жиында қала ауасының өнеркәсіптік қалдықтармен ластануы және «Ақбұлақ» АҚ-на қарасты тазалау құрылғылары кешенін қалпына келтіру мақсатындағы жұмыстарды қолға алу мәселелері қаралды. Бұл мәселелер бойынша облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов, «Қазгидромет» РМК-нің облыстық филиалының техник-химигі Дания Қанымқұлова және «Ақбұлақ» АҚ-ның бірінші вице-президенті Амангелді Боранқұлов сөз ...

Жалғасы »

Жаңа атау: Әбидолла Биекенов көшесі

Облыстық сот ғимараты алдында Қазақ КСР Жоғарғы Сотының бұрынғы Төрағасы, Ұлы Отан соғысының ардагері  Әбидолла Биекеновке Ақтөбе көшелерінің бірінің атын беруге арналған салтанатты жиын өткізілді. Оған облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов, Әбидолла Биекеновтың туыстары қатысты. Шара барысында облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ермек Қанапиев жиналған жұртшылықты өңір судьяларының атынан атаулы күнмен ...

Жалғасы »

Жас мамандарға куәлік табыс етілді

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов №3 басқарушы компанияның аумағында 17 жас маманға полиция көмекшісі куәлігін табыс етті.  Шараға қалалық мәслиxат депутаттары, жұмыспен қамту органдарының  өкілдері, басқарушы компаниялар және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты. Маусым айында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қалалық жергілікті полиция қызметіне көмекші ретінде түлектер мен жастарды жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі жаңа жоба қолға алынған болатын. Соған байланысты ...

Жалғасы »

Бөлінген қаржының 99,9 пайызы игерілді

Брифинг Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бюджеті кірісі 120,4 пайызға орындалды. Бұл 8,1 миллиард өсімді білдіреді. «Ақтөбе ақпарат» орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған кездесуде облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева осы деректерді алға тартты. Бюджет кірісінің артығымен орындалуына негіз болған жайттар — салықтық және салықтық емес төлемдер бойынша 6,9 миллиард теңге жинақталуы және негізгі қорды сатудан 1,7 миллиард теңге ...

Жалғасы »