Daily Archives: 12 шілде 2017

Ырғыздықтар су тасқынынан зардап шеккен отбасыға пәтер сыйлады

Ырғыз ауданының әкімі Мәди Елеусізов көктемгі су тасқынының салдарынан зардап шеккен отбасыға екі бөлмелі пәтер кілтін табыс етті. Ақтөбе қалалық әкімдігінде кезектен тыс өткен 19-ыншы сессияның алдындағы  жиында қала басшысы Ілияс Испанов  тасқын кезінде зардап шеккен тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмек туралы баяндама жасады. — Бұл мәселе облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жіті бақылауында тұр. Қазіргі уақытта зардап шеккен отбасыларға тұрғын үй ...

Жалғасы »

Елбасы Жолдауы мен мақаласы: ақпараттық-насихаттық топ жұртшылықпен жүздесті

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімі жанындағы ақпараттық топтың кезекті отырысы өтті. Басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. Мақсат — жоғарыда аталған екі маңызды құжатты әртүрлі топтағы адамдарға кеңінен түсіндіру, оның артықшылықтары мен ерекшеліктерін атап өту. Шараға оқытушылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ...

Жалғасы »

Кәсіпорындардың экологиялық норманы сақтауы тексеріледі

Ақтөбе қаласында атмосфералық ауаның ахуалын жақсарту және қатты-тұрмыстық қалдықтарды игеру мәселелері облыс әкімдігінде өткен кеңесте талқыланды. Бұл бағыттағы қабылданып жатқан шаралар туралы облыстық экология департаментінің басшысы Жақсығали Иманқұлов хабарлады. Оның айтуынша, 2016 жылы Ақтөбе қаласы бойынша стационарлық көздерден атмосфераға шығарылған қалдықтар көлемі 13,5 мың тонна құраған. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында облыс әкімінің тапсырмасы бойынша арнаулы комиссия ауаны ластаудың негізгі көздері ...

Жалғасы »

Әдеп жөніндегі өкіл тағайындалды

Ақтөбе облысының әдеп жөніндегі өкілі болып Ризагүл Омарова тағайындалды. Ризагүл Омарова — заңгер, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін, сондай-ақ, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің басшысы, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының меңгерушісі, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары, облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды. ...

Жалғасы »

«Денсаулық» бағдарламасы талқыланды

Облыстағы денсаулық сақтау жүйесі қызметінің биылғы жыл басынан бергі қорытындылары коллегия мәжілісінде талқыланды.  Өңірдің денсаулық сақтау саласында негізгі көрсеткіштердің оң қозғалысы, негізгі әлеуметтік мәні бар сырқаттардан қайтыс болу мен сырқаттанушылықтың тұрақты төмендеуі байқалады, сырқаттарды емдеу мен диагностиканың, профилактиканың жаңа технологиялары енгізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев облыста медициналық кластерді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Оның аясында Батыс Қазақстан ...

Жалғасы »

«EASTERN AIRLINES» ұшағында Димаштың портреті бейнеленбек

Қытайлық компания жолаушылар ұшағына Димаштың портретін салғызбақ. «Tencent» компаниясы «Eastern Airlines» әуе компаниясымен 11 шілдеде іске қосқан «Moonlight Blade» 3D форматтағы онлайн интернет-ойынына арнайы ұшақ шығаруды жоспарлап отыр. «Moonlight Blade» ойынының Weibo парақшасындағы мәліметтерге қарағанда, «Moonlight Blade» атындағы арнайы ұшақта Димаштың портреті бейнеленеді. 22 тамызда бұл арнайы ұшақ Шанхайдан Бейжіңге алғашқы сапарын бастап, Димаш 26 тамыз күні Бейжің қаласындағы Тяньтань ...

Жалғасы »

Әйтеке би ауданының күндері өтеді

2017 жылдың 14-15 шілдесі күндері Ақтөбе қаласында өтетін «Туған жерім — нұрлы елім» атты Әйтеке би ауданы күндерінің мерекелік іс-шаралар бағдарламасы  14.07.2017 жыл. 10.00-12.00 — Ақтөбе қаласындағы Әйтеке би көшесінде өтетін «Аталы сөз иесі Әйтеке би» атты көше мерекесі. 14.00-18.00 — Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония залы. «Ғасырлар жырлайды» Балқы Базар жырау мен Бұқар жырау шығармашылығына арналған облыстық термешілер байқауы. 19.00-20.30 ...

Жалғасы »

Ең танымал павильондар белгілі болды

ЭКСПО-2017 «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі ең танымал павильондар белгілі болды. Бұл туралы көрменің бір айлық жұмысын қорытындылаған «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы халықаралық қатысушылар жұмыс департаментінің директоры Ілия Оразақов мәлімдеді. — Танымал павильондарға қатысты айтар болсақ, тұрақты жариялап келе жатқан бұл рейтинг айтарлықтай өзгере қойған жоқ. Келушілердің арасында жоғары танымалдыққа ие павильондардың қатарында Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан және Оңтүстік Корея елдері бар. ...

Жалғасы »

Ақтөбелік журналистер Қызылордаға жол тартты

«Шамшырақ-Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Қазақстан РТРК» акционерлік қоғамы Ақтөбе облыстық филиалы арасындағы  әріптестік шығармашылық меморандумы аясында біріккен экспедиция тобы Қызылорда облысына аттанды. Осыған орай «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында экспедицияны шығарып салу рәсімі өтті. Шығармашылық топ Қызылорда өңірінің Арал, Қазалы аудандары арқылы облыс орталығына барады. Негізгі мақсат — Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласынан өрбитін «Туған жер» бағдарламасына үлес қосу, ...

Жалғасы »

Қарғалыда шатырлы лагерь ашылды

Биыл «Жас қанат» лагерінде ағын судың жағасында, тал-теректің саясында шағын шатырлар тігіліп, шатырлы лагерь ашылды. Ауданда алғаш ашылған шатырлы лагерьдің ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Индира Сақауова қатысып, демалуға аудан мектептерінен келген 30 баламен танысып, жиналғандарды лагерьдің ашылу салтанатымен құттықтап, балаларға өзінің жүрекжарды тілегін жеткізді. Екі ауысымдық шатырлы лагерьден кейін балалар демалысын «Жас қанат» лагерінде жалғастырып, Қарабұтақ ауылындағы Қызыл ...

Жалғасы »