Daily Archives: 9 шілде 2017

Астана күні тойланды

Астана күні мерекесін ақтөбеліктер кең көлемде атап өтті. Бұл күні шаһардың әр бөлігінде қызыққа толы мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылды. Мәдени-көпшілік шараларға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты. Мерейлі мейрам Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта дәстүрлі велошеруден бастау алды. Велошеру басталмас бұрын жиналғандарға мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында қалалық спорт комитеті мен «Ақтөбе» футбол клубының ұйымдастыруымен Қазақстанның тарихы ...

Жалғасы »

Мереке күні Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары ашылды

Астана күнінде Ақтөбеде жаңа өндіріс орындары іске қосылды. Кәсіпорындардың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Алдымен облыс басшысы облыс орталығындағы «Каспий плюс» ЖШС-на барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты. Мемлекет басшысының импортты алмастыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыру аясында тау-кен игеру өнеркəсібі үшін бекіту өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын кәсіпорын мереке қарсаңында металл өңдеу желісін кеңейткен. Бұрын мұндай бекіту өнімдері тек Ресей, Украинадан ...

Жалғасы »

«Туған жерім — нұрлы елім!»: Хромтау ауданының күні өтті

Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін аудандар күндері халықтық мерекеге айналып отыр: «Туған жерім — нұрлы елім!» акциясы аясындағы түрлі шараларды олар бүкіл отбасымен келіп қызықтайды. Облыс орталығындағы Хромтау ауданының күні де нағыз халықтық мереке түрінде өтті, бағдарламада, жазғы демалыс уақытында, әсіресе, балаларға арналған танымдық шаралар мен спорттық жарыстардың көбірек болуы жұртшылықты қуантты. Ауылдың дәмі Ақтөбедегі Хромтау ауданы күні «Табыс» ...

Жалғасы »

Шығармашылық ұжымдары марапатталды

Астана күніне орай Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында «Әлемді таңғалдырған Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, этномәдени бірлестіктердің және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңестерінің өкілдері, сонымен қатар Астана қаласында «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен мәдени іс-шараларға қатынасқан шығармашылық ұжымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Қазақстан астанасының тарихы мен дамуы жайлы сөз қозғалып, баяндамашылар еліміздің астанасы ...

Жалғасы »

Астанада этникалық театрлар фестивалі басталды

Астанада еліміздің ұлттық этникалық театрларының республикалық фестивалі басталды. Шара барысында алты тілде қойылым көрсетіліп, оны халықаралық театр сыншылары бағалайды. «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылған байқау елімізде өмір сүріп жатқан ұлттардың салт-дәстүрінен сыр шертеді. Шараның мақсаты — этносаралық келісімді нығайту және Қазақстан халқының бай мәдениетін одан әрі дамыту. Еліміздің әр өңірінен келген этникалық театр майталмандары қалыптасқан дәстүр бойынша қызыл кілем үстімен жүріп ...

Жалғасы »

Мажарлар Қазақстанды атпен аралап жүр

Еліміздің кең–байтақ дархан даласын талай мәрте әлемнің әр ұлтының жиһанкездері кесіп өтіп, қазақ елінің салт-дәстүрі мен мәдениетіне қанығуда. Осы мақсатпен жүрген шетелдік жолаушылар таяуда Шалқар қаласына аялдады. Олар Венгр ұлтының өкілдері — Иштван Бенца мен Ласло Цако. Еліміздің Ақтау қаласынан бастаған сапарларын жолай Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облысы аумағымен атпен жүріп өтіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында жоспарланған Венгрияның ұлттық ...

Жалғасы »

Ерлік пен елдіктің жолымен

«Ақбөбек-Восток» жыл бойғы лагерінде демалып жатқан бір топ оқушы Қобда ауданында болып, тарихи-мәдени мұралармен танысып қайтты. Тәрбиелік, танымдық маңызы бар бұл сапарды «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалы Астана қаласы күніне орай ұйымдастырды. — Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы тапсырмаларды орындау негізінде осындай шараны қолға алдық. Мақсатымыз жас ұрпаққа тарихымызды танытып, олардың бойында елге, ...

Жалғасы »

Аудандардағы Астана күні мерекесі

Алға  ШАБЫТПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ Астана күніне орай Алға ауданының  орталығындағы Мәдениет және демалыс саябағында мерекелік шаралар өтті. Алға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бекжан Аппазовтың хабарлауынша,  Астана күні мен  Елордада өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесіне орай  Алға қаласындағы мәдениет және демалыс саябағында  Жастар форумы  өтті. «Астана — елдің жүрегі» атты баннер алыстан көзге түседі. Саябақтағы салтанатты жиында Алға ауданы әкімінің ...

Жалғасы »

20 жылдан кейінгі жүздесу

Өткен жұма күні М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде аталған оқу орнының 1997 жылғы түлектерінің кездесу кеші өтті. Шараға оқытушылар, түлектер және студенттер қатысты. Салтанатты жиында алғаш боп сөз алған университеттің проректоры Ғазиза Смағұлова жиналғандарды осынау атаулы датамен құттықтап, жылы лебізін білдірді: — 1997 жылғы түлектер, өздеріңіз оқыған алтын ұяға қош келдіңіздер! Шын мәнінде, сіздердің оқыған, диплом алған, жалпы ...

Жалғасы »

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілік жүгі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бүкіл әлемде белсенді және табысты түрде жүзеге асырылуда. Компаниялар өз қаржысын білім беру, медицина, ғылым, өндіріс дамуына инвестиция жасай отырып, қоғамның проблемасын шешіп қана қоймайды, олар әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарды қолдай отырып, бұл қызметтен белгілі бір дәрежеде тиімділікке де ие болады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрақты әлеуметтік институт ретінде қызмет етеді, ол ұтымды және тиімді. Қазіргі уақытта елімізде ...

Жалғасы »