Daily Archives: 5 шілде 2017

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын! Бұл Астана тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін де елеулі күн! Астана — халықтың мақтанышы, біздің еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символы. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты нәтижесінде Астана тарихи қысқа мерзім ішінде миллион тұрғыны бар экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Біздің жас астанамыз үздіксіз дами отырып, елімізді алғы күндерге бастауда. Қазақстанның ...

Жалғасы »

Әзірліктің барысы пысықталды

Форум «Он бес елден келетін 300-ден астам есімі көпшілікке кеңінен танымал ақтөбеліктер «Ақтөбе — құтты мекен» форумына қатысатын болады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысында үстіміздегі жылдың қыркүйек айында «Ақтөбе — құтты мекен» форумын өткізу жоспарланған» деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыста осы форумды ұйымдастырудың мәселелері талқыланды. ...

Жалғасы »

Алғашқы жартыжылдық: бюджеттің кіріс бөлігі өсті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бюджеттің орындалуы жөнінде жиын өткізіп, онда 2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігінің жақсыланғанын атап өтті. Облыстық қаржы басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаеваның берген ақпараты бойынша ағымдағы жылдың қаңтар және маусым айлары аралығында бюджеттің кіріс бөлігі 120,4% құрады. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік сатып алу бойынша барлық конкурстық рәсімді уақытында өткізуді ...

Жалғасы »

Халық саны 18 миллионға жетті

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан xалқының саны 18 миллион адамға жеткенін мәлімдеді. «Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы мамыр айында Қазақстан xалқының саны 18 миллионға жетті. Осылайша, 11 мамырда 18 миллионыншы адам дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны — Мүслима Саматқызы. Мүслима — отбасыда екінші бала. Әкесі — Самат Бестібаев, ұстаз, анасы ...

Жалғасы »

Міндет және марапат

Облыстық сотта мемлекеттік мереке — Астана күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Оған облыстық соттың судьялары, сот жүйесінің ардагерлері мен отставкадағы құрметті судьялар қатысты. Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай жиналғандарды Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің атынан мерекемен құттықтап, бүгінде Астана — бірліктің символы, әлемдік аренада көрініс тапқан Мемлекет басшысына тиесілі, ең батыл архитектуралық идеялар, қазақстандықтардың басты мақтанышы екенін атап өтті. «Мемлекет ...

Жалғасы »

Мақсат — құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру

«Облыс әкімдігі мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы білім беру және ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасады» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Бұл құжатқа облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен академия ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров қол қойды. «Өмір бір орында тұрмайды, жыл өткен сайын нормативті және заң актілері жетілдіріле береді. Құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби деңгейін ...

Жалғасы »

Мавр Абдуллин — облыс әкімінің орынбасары

Тағайындау Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен ҚР Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша Мавр Абдуллин облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Мавр Абдуллин ҚР Парламенті Сенаты депутаты болып сайланған Мұхтар Жұмағазиевті алмастырды. Мавр Ерғалиұлы Абдуллин 1973 жылы туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген. Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, облыстық ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары, ...

Жалғасы »

«Ұлы адам туралы ұлағатты кітаптың» тұсауы кесілді

Бүгін Астанадағы Оқушылар сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Ұлы адам туралы ұлағатты кітап» атты жаңа туындының тұсаукесері өтті. Оған мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал қаламгерлер, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Кітап авторы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, тарихшы, жазушы, публицист Николай Зенькович тұсаукесер барысында кітапты шығару идеясы мен Елбасының өміріндегі сюжеттік желіге арқау болған негізгі оқиғалар туралы баяндады. Танымал тұлғалар ...

Жалғасы »

Жастар жұмыспен қамтылады

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалық етуімен Хромтау қаласында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында үш мәселе қаралды. Олар — түлектерді жұмыспен қамту, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастарды имандылыққа тәрбиелеу және құқықбұзушылықтардың алдын алу. Облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова мектеп және колледж түлектерін жұмыспен қамту және жазғы демалыс кезінде мектеп ...

Жалғасы »

Үздік тауарлар көрмеге шығарылды

«Қазақстанның үздік тауары-2017» облыстық көрме-байқауы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов бастаған кәсіпкерлер, сала мамандары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Жыл сайын өтетін дәстүрлі шараның мақсаты — жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, ел нарығын бәсекеге қабілетті тауармен толықтыруға жәрдемдесу. Оған облыстағы 36 кәсіпорын қатысты. Түрлі салада еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер өзара «Өндірістік мақсаттағы ...

Жалғасы »