Daily Archives: 4 шілде 2017

Әлеуметтік құрылыстар облыс әкімінің бақылауында

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс барысымен қаланы аралап шығып, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйдің, мемлекеттік-жеке серіктестік  және бизнестің әлеуметтік жауапкершіліктегі нысандарының құрылысымен танысты. Өңір басшысы «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы құрылыс алаңдарына, қалалық аквапаркке, Неке сарайына, Жастар сарайына, жедел медициналық көмек бекеті мен облыстық мұражайға барды. Қаланы аралаудан кейін мердігер құрылыс компаниялары, құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар, облыстық құрылымдық ...

Жалғасы »

Астана күніне арналған мерекелік шаралар басталды

Қазақстан Президенті мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Елбасы әрбір қазақстандық үшін мемлекеттік Ту ерекше маңызға ие екенін айтып, еліміздің тәуелсіздік жылдарында абыройлы даму жолынан өткеніне тоқталды. — Біз елорда күні қарсаңында мемлекеттік туымызды көтеру рәсімін дәстүрлі түрде өткізіп келеміз. 25 жыл ішінде біз Қазақстанды бір тудың астына біріккен біртұтас ұлт ретінде қалыптастыра алдық, — деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев ...

Жалғасы »

Нұрсұлтан Назарбаевты Дональд Трамп құттықтады

Дональд Трамп Америка халқы атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Орталық Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің өткізілуімен құттықтады. АҚШ Президенті осы жаһандық шараның арқасында Қазақстаннан және дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келетін миллиондаған қонақтар адам қиялынан нәр алатын технологиялық инновация мен 115-тен астам ұлттық павильондарда көрініс тапқан тамаша әріптестік әлеміне куә болатынын айтқан. «Америка Құрама Штаттары Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне ...

Жалғасы »

Оқырманға оңтайлы болу үшін

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс орталығында «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттері логотиптері бейнеленген тағы да 16 дүңгіршек пайда болды. — Барлық дүңгіршектер «Ақтөбе-Пресс» кәсіпорны иелігінде, біздер онымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа отырдық, — дейді «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС баспасөзге жазылу жөніндегі менеджері Салтанат Қиымбаева. — Біздің газеттеріміз бұған дейін 20 дүңгіршекте таралып келген болатын. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін «Дина» және «Анвар» ...

Жалғасы »

Қару-жарақ қолданумен жасалған қылмыстар саны 29 пайызға төмендеді

«Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен лаңкестікке қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті» деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі. Жиында облыстық ішкі істер департаментінің басшысы Махамбет Абисатов лаңкестік мақсатта жарылыс заттарын, қару-жарақ пен оқ-дәріні пайдалануға жол бермеуге қатысты қабылданып жатқан шаралар туралы жан-жақты баяндап берді. Қару-жарақ айналымына тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін жыл басынан бері барлық тіркелген қару иелері және аймақтағы ...

Жалғасы »

Депутат Қарғалы ауданында болды

Жазғы демалысқа шыққан Парламент Мәжілісінің  депутаттары елдің ахуалымен танысу үшін өз  сайлаушыларымен жүздесіп, олардың ой- пікірлерін білу мақсатында кездесулер өткізуде. «Нұр Отан» партиясы аудандық филалының ғимаратында Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Сергей Симонов аудандағы бастауыш партия ұйым өкілдері, мекеме, ұжым басшылары және аудан тұрғындарымен кездесті. Бұл жиынға «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрқан Ақниязов, ...

Жалғасы »

Мал басы көбеюі үшін ауру болмауы тиіс

Өңірдің ветеринарлық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте қаралды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Кеңес Қанатбаев аудандарда және Ақтөбе қаласында қабылданып жатқан шаралар туралы кеңеске қатысушыларды хабардар етті. Облыс аумағында дер кезінде жүргізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ. Биылғы жылдың 5 айы ішінде түйнемеге қарсы 936 ...

Жалғасы »

Келіңіздер, бірге мерекелейік!

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары, біздің сүйікті Астана күнімен Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және осы күндері Ақтөбеде өтіп жатқан мерекелік шараларға шақырамыз! Кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, театрларда, мұражайларда, Қазақстан халқы Ассамблеясында, қалалық Оқушылар сарайында, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінде, қалалық көркемсурет лицейінде, облыстық планетарийде, балалар және жасөспірімдер үйінде, мектеп жанындағы лагерьлерде, музыкалық мектептерде, сонымен қатар, мектептен тыс мекемелерде «Астана — еліміздің ...

Жалғасы »

Азаматтық қоғаммен байланыс дами түседі

Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» — Ұлт жоспарының — 97, 98- қадамдарын жүзеге асыру аясында, «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іс жүзінде енгізу мақсатында «Жергілікті атқару органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасауды дамыту» атты оқыту семинары өтті. Аталған шараны облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша, облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығы ұйымдастырды. Басқосуға ...

Жалғасы »

23 «Сақалды құрылыс» бар

«Ақтөбе ақпарат» орталығында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Бердияр Пірімбетов брифинг өткізіп, биылғы жылдың I жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл облыста 542 құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілген. Құрылыс қызметінің сапасын бақылау бойынша басқарма I жартыжылдықта 457 жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 80 нұсқама берілген. — Биылғы жылдың I жартыжылдығында басқарма жүргізген тексерістің нәтижесі бойынша 16 көлік-газ жабдықтау бекеті, ...

Жалғасы »