Daily Archives: 2 шілде 2017

Ақтөбеде Ойыл ауданының күндері өтті

Өткен сенбі күні «Табыс» базарында ет арзан бағамен сатылды. Шығанақ Берсиевке арналған ескерткіштің орны ауыстырылды. Қала тұрғындары Орталық саябақта концерт тамашалап, тарыдан жасалған 20 тағамнан дәм татты. Осының бәрі қаладағы Ойыл ауданының күндері аясында ұйымдастырылды. Ойылдықтар бастаған асар Жұма күні Қурайлы ауылында ойылдықтар су тасқынынан зардап шеккен екі отбасыға көмектесті. Олар екі топ болып, екі үйдің тастарын қалап берді. — ...

Жалғасы »

Мектептер неге аттестациядан өте алмайды?

Депутат Асхат Айтжановтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев және басқарма, департамент басшылары мен  аудандық, қалалық  мәслихаттың хатшылары қатысты. Ұлттық қор және 10 мектеп Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Сәуле Өмірбекова білім жүйесінің жағдайы мен оны дамыту бойынша баяндама жасады. Былтыр білім беру саласына 66, 8 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 6,3 миллиард ...

Жалғасы »

Үш көрме. Көзайым болғандар көп

Астанадағы  Ақтөбе облысының күндері Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өткен Ақтөбе облысының күндері түрлі танымдық көрмелерімен де ерекшеленді. Елордадағы «Хас санат» галереясында өткен «Ақтөбе облысының көрнекті халықтық сәулет ескерткіштері» және «Ақтөбе мануфактурасы» жылжымалы көрмелерін облыстық тарихи-өлкетану музейі мен облыстық өнер музейінің қызметкерлері ұйымдастырған. Мәселен, алғашқы аталған көрмеде Ақтөбе өңіріндегі халық сәулеті мен тас қашау өнерінің бірегей ескерткіштері қамтылып, оны тарих ғылымдарының ...

Жалғасы »

Ақтөбелік өнерпаздардың шашуы

Өткен жұма күні Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ұйымдастырылған Астанадағы Ақтөбе күндерін мәдениет қызметкерлерінің «Арайлы рух — Астана» атты гала-концерті қорытындылады. Астана қалалық әкімдігі ғимараты жанында орналаласқан алаңда өткен думанды кеште Мирас-Құралай Бекжановтар, Қанат-Светлана Айтбаевтар, Аллаберген Жақсыбаев, Есет Сәдуақасов, Асхат Тарғынов, Нұрболат Абдуллин, Жадыра Арыстанова, т.б. Ақтөбеден шыққан әншілер мен бишілер, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Екі сағатқа созылған мұндай ...

Жалғасы »

Көрме-жәрмеңке өткізіліп, концерт қойылды

Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі шеңберінде өткен Ақтөбе облысының күндері аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Астана қаласының орталық саябақтарының бірінде облыстық славян, татар мен башқұрт, кәріс, сыған, неміс және украин этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары және «Достық сазы» фольклорлық ансамблі, «Аққу» би ансамблінің қатысуымен мерекелік концерт қойылды. Іс-шара барысында Астана халқы облыстық Қазақстан халқы ...

Жалғасы »

Ақтөбе — алғашқы үштікте

Инвестициялық ахуал  «Инвестициялық ахуалды жақсарту  үшін облыста барлық шаралар алынуда. Облыстық әкімдікте облыс әкімінің төрағалық етуімен инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды  жақсартуға байланысты аймақтық кеңестің отырысы болып өтті» деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Отырысқа «Kazakhinvest» ҰК» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Біржан Қанешов, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шет елдік инвесторлар, даму институттарының, халықаралық компаниялар мен бизнес айналасының өкілдері қатысты. ...

Жалғасы »

Облыстық газеттер — Шалқар ауданында

«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-на қарасты облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің аудандардағы күндері жалғасуда. Мұның алдында көне Көкжар жерінде бастау алған игілікті шара шежірелі Шалқар жерінде өріс алды. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин бастаған журналистерді аудан әкімі Бауыржан Қаниев қабылдап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жайымен таныстырды. Облыстық газеттердің журналистері аудандық тарихи-өлкетану музейінде, оқушылар үйінде болды, сондай-ақ Шалқар көлінің бүгінгі ахуалымен танысты. Аудандық мәдениет ...

Жалғасы »

Мерекедегі марапат

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусінова облыстық газеттердің тілшілері мен аудандық газеттердің басшыларына ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің арнайы сыйлығын табыстады. Басқарма басшысы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін «Мәртөк тынысы» ЖШС директоры, редактор Сәттіғұл Қаракеев пен «Ойыл газет» ЖШС директоры — редакторы Серікбай Қойбағаровқа табыс етті. Сондай-ақ облыстық «Актюбинский вестник» газетінің тілшісі Муапих Боранқұлов Қазақстан ...

Жалғасы »

Хайреденнің жүлдесі

Әріптесіміз, облыстық «Ақтөбе» газетінің фототілшісі Хайреден Раушанов ҚР Журналистер одағының Рахымбай Ханалы атындағы сыйлығымен марапатталды. Фотожурналистика саласында тынбай еңбек етіп жүрген әріптесімізді жүлдесімен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, еңбекте жаңа табыстар мен жетістіктер тілейміз.   «Ақтөбе» газетінің ұжымы.    

Жалғасы »

52 оқытушы үздік шықты

«Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Астана күніне орай «Алаштың бақ ордасы — Астана» атты ұстаздар арасында байқау ұйымдастырды. Шараға институтта біліктілігін арттырып жатқан 200-ге жуық педагог қатысты. — Астана күні мерекесі қарсаңында мұғалімдер арасында сурет, шығарма, эссе, өз шығармашылығынан өлеңдер байқауын ұйымдастырып, ең ...

Жалғасы »