Басты бет » 2017 » маусым

Monthly Archives: маусым 2017

Облыс әкімі өзге аудандарды Мұғалжардан үлгі алуға шақырды

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Ақтөбе қаласының және 12 ауданның  әкімдері, бірқатар  басқарма басшылары Мұғалжар ауданына жұмыс сапарымен келді. Ондағы мақсат — Мұғалжар ауданындағы, соның ішінде Қандыағаш қаласындағы  соңғы уақытта атқарылып жатқан жұмыстармен танысу, өзара  тәжірибе алмасу және аудандар арасындағы байланысты нығайту. Сапар барысында облыс әкімі атқарылған жұмыстармен танысып, бірқатар нысандарды аралады. Көшпелі жиын түріндегі жұмыс сапары өзге аудандарда алдағы ...

Жалғасы »

Жылжымалы көрме ашылды

Астанадағы Ақтөбе облысының күндері Ақтөбе облысының Астанадағы күндеріне орай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери-тарихи музейінде «Дулығалы дала перзенттері» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараның ашылуына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеология департаменті бастығының орынбасары, полковник Қайсар Мұғалов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының басшысы Айдос Серікбаев, облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Мейрам Дүйсенғали, тағы басқа сала мамандары, тарихшылар, ...

Жалғасы »

Қарауылкелдіге дейінгі 16 шақырым жол биыл жаңарады

Ақтөбе-Атырау-Астрахань жолының 220-236-шы шақырымы жөнделуде. Қазіргі таңда жұмыстың жартысынан астамы орындалған. «Нұр Отан» партиясының фракциясы жанындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы комиссиясының отырысы өтті. Комиссия «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылап отыр. Осыған орай, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның өкілі облыстық мәслихат депутаттарының алдында есеп берді. — 2020 жылға дейін Ақтөбе-Атырау-Астрахань тасжолы жөндеуден өту керек. Соның 16 шақырымына ...

Жалғасы »

Мемлекеттік қызметкер және міндет

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаеваның төрағалық етуімен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу  мәселесі бойынша кеңес өтті. Жиында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды. Қалалық әкімдіктің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің басшысы Н.Күнтуов бес айда жүзеге асырылған жұмысты баяндады.  Қазіргі күні қаладағы 12 мемлекеттік мекеме мен 5 ауылдық округ халыққа 102 мемлекеттік ...

Жалғасы »

Облыстан 100 ерікті «ЭКСПО-2017» көрмесіне аттанды

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябақта «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне Ақтөбе өңірінен қатысатын 100 ерікті жасты шығарып салу рәсімі өтті. Шараға облыстық жастар ресурстық орталығының өкілдері, халықаралық көрмеге қатысушы еріктілер, ата-аналар мен қаланың белсенді жастары қатысты. Шараның ашылуында облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Гүлнар Қабиева жастарға сәт сапар тілеп, сенім білдірді. — Барша әлемнің назарын аударған «ЭКСПО-2017» халықаралық ...

Жалғасы »

Саясаткер әйелдердің бағасы

Облыс орталығынан Ойыл ауданына жұмыс сапарымен 30 адамнан тұратын арнайы топ келді. Топтың негізін облыстық саясаткер әйелдер клубының мүшелері, кәсіпкер әйелдер, жалпы іс басында жүрген нәзік жандар құрады. Аудандық Мәдениет үйінде өткен жиында  Ақтөбе облысы саясаткер әйелдер клубының төрайымы Сұлупан Шынтасова: — Біздің мақсатымыз Елбасының саясатын жергілікті жерлерде жүзеге асыру. Екі ай бұрын облысымызда саясаткер әйелдер клубы құрылған болатын. Енді ...

Жалғасы »

Ең жоғары балл — 136

Ақтөбе облысы бойынша биыл 6 566 түлек мектеп бітірді. Оның ішінде ҰБТ-ға 4 874 түлек, яғни 74,2 пайызы қатысты. Бұл көрсеткіш былтырғы жылға қарағанда 2,3 пайызға өсіп отыр. Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы білім беру бөлімінің басшысы Гүлжан Құлыбекқызының айтуынша, биыл түлектердің сынаққа қатысуы бойынша Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар, Қобда аудандарының көрсеткіші жоғары болған. Сондай-ақ  Әйтеке би, Хромтау, Ойыл, Байғанин, ...

Жалғасы »

Бірге мерекелейік!

  6 шілде – Астана Күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспары Қаланы және мәдени – көпшілік шаралар өтетін орындарды мерекеге сай безендіру жоспарын әзірлеу, 25 маусым, Қаланы безендірудің бөлек жоспары бойынша. «Астана — еліміздің мақтанышы» атты тақырыптық – ақпараттық сағат, ауқымды кітап көрмесі, тақырып бойынша сурет салу сайысы, танымдық сағат, 30 маусымнан 5 шілдеге дейін, Қаланың кітапханалары. «Арман қала – Астана!». ...

Жалғасы »

Қала әкімі журналистермен кездесті

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға игі тілегін білдірді. — Сіздер қала өміріне жанашырлықпен қарап, адамдарға көптеген мәселелер бойынша анық та шынайы ақпараттар жеткізіп келесіздер, сол еңбектеріңіз үшін сіздерге алғыс айтқым келеді. Біздердің бірігіп жұмыс істеуіміз нәтижесінде көптеген проблемалар оңтайлы шешіліп келеді. Ең бастысы, ортақ мүдде — қаламыздың көркеюі және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіміз жолындағы ынтымақтастығымыз ...

Жалғасы »

Мерекедегі шуақты сәттер

«Шамшырақ–Ақтөбе» ЖШС ұжымы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнін лайықты атап өтті. 22 маусымда Т.Ахтанов атындағы драма театрында облыстағы барлық БАҚ-тардың өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті. Журналистер қауымын облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтады. Театр фойесінде облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды. Көрмеге газеттердің көне тігінділері, әр кезеңдердегі баспаханалық жабдықтар, газеттер мен журналистердің әр жылдардағы наградалары, т.б. ...

Жалғасы »