Daily Archives: 18 мамыр 2017

Қорғаныс министрі Ақтөбеге келді

ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жұмыс бабындағы сапармен облыста болды деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Генерал-полковник Сәкен Жасұзақов осында болғанда Ақтөбе гарнизонының жұмысын тексерді. Сонымен бірге ол облыс әкімімен бірге «Есет батыр» оқу-жаттығу полигонына, №30238 әскери бөліміне және Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтына барды. Министр оқу орнының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен, оның ішінде курсанттардың ұшу шеберлігін шыңдауға ...

Жалғасы »

Депутаттар жылыжай кешенін аралады

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қуаныш Сұлтанов, Бақытжан Ертаев, Жанат Жарасов «ҚазАгроФинанс» АҚ қолдауымен үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған «Green House Kazakhstan» ЖШС жылыжай кешеніне барды. Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев, облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова депутаттармен жылыжайды аралап, мамандармен тілдесті. Жылыжайдың алғашқы өнімдерінен дәм татып, кешеннің құрылғыларымен танысты. Жалпы аумағы 9,5 гектарды құрайтын жылыжай биылғы ...

Жалғасы »

Депутат білім беру ұйымдарын аралады

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Ақтөбе қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Халық қалаулысының қасында облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова болды. Мәжіліс депутаты барған алғашқы нысан — қаланың Батыс-2 шағын ауданында бой көтерген облыстық Өнер академиясы. Бүгінде құрылыстың соңғы кезеңі, яғни ғимараттың ауласына тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәжіліс депутатына облыстық білім басқармасының басшысы ...

Жалғасы »

Рухани жаңғыру — дамудың кепілі

«Нұр Отан» партиясының облыстық  филиалының ғимаратында «Рухани жаңғыру — дамудың кепілі» атты республикалық ауған соғысы ардагерлерінің патриоттық форумы өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, еліміздің бірқатар облыстарынан келген ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының төрағалары, соғыс және еңбек ардагерлері, оқытушылар, т.б. сала мамандары қатысты. Шараның басында облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев Елбасының халыққа ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ...

Жалғасы »

«Елбасы мақаласы болашаққа деген сенімді нығайтты»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын бүкіл халық көптен күткен тың қадам ретінде қабылдады, қуанды, қуаттады. Ұлт рухын көтеруге бағытталған бұл құжат жан-жақты талқыланып, ой-пікірлер айтылып жатыр. Сәрсенбі күні біздің редакциямызда да Елбасының осы еңбегін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Басқосуға ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, өлкетанушы Рысжан Ілиясова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің проректоры, ...

Жалғасы »

Бюджет қалай орындалды?

Мәслихат Сәрсенбі күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, тұрақты комиссияның мүшелері, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық басқармалардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Тұрақты комиссияның отырысында облыс әкімдігінің 2016 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы және облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салықтық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы есебі ...

Жалғасы »

Халық Қаһарманы Әлия рухына тағзым етті

Өңірімізге іссапармен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев облыстық Ә.Молдағұлова атындағы музейде болды. Музей директоры Елена Қалтаева қонақты музейдегі құнды жәдігерлермен кеңінен таныстырды. Батыр қыздың өмір жолы мен ерлігі туралы айтып, соғыс жылдарындағы оқиғалар, Әлияның білім алған жерлері мен жазған хаттары жөнінде баяндады. Сондай-ақ осы күні соңғы қазба экспедицияларынан табылған соғыс жылдарындағы винтовка, каска, басқа да бірқатар ...

Жалғасы »

Өңдеуші өнеркәсіп өркендеу үстінде

Ақтөбе облысы өңдеуші өнеркәсіп саласында жетекші орынға шықты. Өңірдегі бұл саланың табыстары туралы облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Ерлан Назаров «Ақтөбе ақпарат» баспасөз орталығында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Ол өз баяндамасында мекеменің жұмысы туралы хабардар етіп, жұмыс қорытындыларын баян етті, сондай-ақ биылғы жылдың жоспарларымен бөлісті. Ерлан Назаров баяндағандай, өткен жылдың қорытындысында облыстың өнеркәсіп өндірісі саласында нақты көлем индексі 100,2 пайызға ...

Жалғасы »

Аттестациядан өтпеген мектептер көбейіп кетті

Әдеп кеңесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қаралды. Кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлама тыңдалғаннан кейін облыстың білім саласындағы бақылау департаментінде 2015-2017 жылдары ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»  Заңдар  мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп ...

Жалғасы »

Қатерлі ісіктен емделуге болады

Соңғы жылдары елімізде қатерлі сүт безі ісігіне шалдыққан әйелдер саны өсіп барады. Біздің өңірде де бұл көрсеткіш жоғары. Соңғы төрт айда 58 әйелден қатерлі ісік анықталса, оның 25 пайызы аурудың соңғы сатысында дәрігерге қаралған.  Ал төрт айда 20 әйел көз жұмыпты. Облыстық әкімдікте өткен жиында осы мәселелер сөз болды. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті медицина орталығына Қазақ онкология ...

Жалғасы »