Daily Archives: 16 мамыр 2017

Бердібек Сапарбаев пилоттық жобаны жүзеге асыру мерзімін қатаң бақылауды талап етті

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігінде өткен жиында  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыруға арналған пилоттық жоба қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, жобаны жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиында облыс басшысы құрылыс қарқынының баяу екенін, сондай-ақ кейбір  құрылыстардың жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстарына көп уақыт кеткенін айтты. — Президент ...

Жалғасы »

Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмасынан кейін аудандардан бірінші болып, Мұғалжар судан зардап шеккен отбасыға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Бірінші топ мүгедегі Ерболат Жәмиевке аудан әкімі мен жергілікті кәсіпкер екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бойынша қайырымдылық шарасы өтті. — Биыл қалаға көктемгі тасқын судың көп мөлшерде келуіне байланысты әсіресе, саяжай учаскелерінде тұратындар зиян шеккен болатын. Атап айтсақ, 867 үйді су басып, оның 86-сы ...

Жалғасы »

Аналар алқа тағынды

Халықаралық отбасы күнінде бір топ ақтөбелік ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларымен марапатталды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Оразбаева көпбалалы аналарды қала әкімі атынан Отбасы күнімен құттықтап, әйелдің қоғамның дамуында алатын орнына тоқталып, олардың ұрпақ өсіріп, еліміздің демографиялық көрсеткішінің жоғарылауына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, бұл жолы ақтөбелік 6 ана «Алтын алқа», ал 14 ...

Жалғасы »

Ақтөбе жерлестерін шақырады!

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен қыркүйекте «Ақтөбе — құтты мекен» облыстық форумы өтеді.  «Туған жерге тағзым» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылатын бұл шара Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға да өзіндік үлес қосады. Сондай-ақ, облысымыздың 85 жылдық мерейтойының жоғары деңгейде өтуіне де септігін тигізбек. Өйткені форум аясында көптеген игі істер тындырылатын болады. Бұл қандай шаруалар? ...

Жалғасы »

Ырғыз бен Астананың арасы жақындайды

Брифинг   «Ақтөбе ақпарат» орталығында Ырғыз ауданының әкімі Мәди Елеусізовпен баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында ауданның үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік дамуы бойынша атқарылған жұмыстар, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар белгілі болды. Жылдың алғашқы тоқсанында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі, бюджет болжамдары, негізгі капиталға инвестиция тарту межелері аудан бойынша артығымен орындалды. Мұнымен бірге, ауыл шаруашылығының  жалпы өнімінің көлемі, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ...

Жалғасы »

Зауыт тасқыннан зардап шеккен жұмысшыларына 7 миллион теңге бөлді

«Қазхром ТҰК» АҚ филиалы — Ақтөбе ферроқорытпа зауыты су тасқынынан зардап шеккен 40 жұмысшысына қаржылай көмек көрсетті. Кәсіпорын әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы және «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы  7 миллион 581 мың теңге көлемінде ақшалай көмек берді. Сондай-ақ қиыршық тас, құм сияқты құрылыс материалдарын тегін жеткізіп берді. Табиғаттың тосын мінезі зауыттықтарды да айналып өткен жоқ. Зауытта жұмыс істейтін 40 азаматтың ...

Жалғасы »

Алматыдан онкологтар келді

«Жоғары технология күндері» республикалық акциясы аясында М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина орталығына  Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтынан білікті мамандар келді. Олар — аталған ғылыми-зерттеу институттың директоры, онкогинеколог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Д.Қайдарова және  маммология орталығының меңгерушісі Ш.Талаева. Мамандар тақырыптық дәріс өткізді. Сондай-ақ науқастарды қарап, оларға кеңес берді. 15-16 мамыр күндері екі науқастың сүт безіне  күрделі операция жасады. Жалпы акция ...

Жалғасы »

Бердібек САПАРБАЕВ: Мамырда егін егу жұмыстары аяқталуы тиіс…

Дүйсенбі күні облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен Қарғалы ауданына барды. Облыс басшысы көктемгі егін егу жұмыстарымен танысып, шаруашылық басшыларымен кездесті. Элиталық бірінші және екінші сұрыпты бидай егілуі керек… Облыс әкімі жұмыс сапарын Қарғалы ауданының Желтау селолық округінің орталығы — Петропавловка ауылындағы «Интер Агро» ЖШС-ның көктемгі егін егу жұмыстарымен танысудан бастады. Серіктестіктің техникаларын қарап, тұқымдарының сапасын көрді. Біздің шаруашылық өз ...

Жалғасы »

Ақтөбелік мектеп түлектеріне облыс әкімінің гранттары беріледі

Біздің облыстың атқарушы билігі талантты, дарынды жастарды қолдау мақсатында кешенді шараларды жүзеге асырмақ. Оның ішінде гранттық қолдау көрсету де бар. 2018 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеуде тиісті ұпайды жинай алмай,  мемлекеттік грантқа ілікпеген республикалық, халықаралық олимпиадалардың, жарыстардың жүлдегелеріне облыс әкімінің гранттары берілетін болады. Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жыл бойы жұмыс істейтін «Әсем»  лагерінде демалып жатқан оқушылармен кездесуде айтты. ...

Жалғасы »

Өңір экономикасы өсіміне қол жеткізу — басты міндет

Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық даму саласындағы тапсырмаларын орындау мәселесі облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды.  Кеңес барысында 2017-2020 жылдарға арналған экономиканың барлық саласын жіктеп алғанда ілгерілеу бағытын ұстанатын облыстың болжамдық экономикалық көрсеткіштері қаралды. Оның қол жеткізілуі ағымдағы жылы өңірдің экономикалық өсімін 103%-103,5% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге елдің экономикасына қосар үлесті де ...

Жалғасы »